7
сабаққа дайындық:
Жоңғар мемлекетінің күшеюі мен олардың
қазақ жерлерін басып алу
соғыстарының
мақсаттарын талдай отырып,
Жоңғар шапқыншылығына
тойтарыс берудегі Қарақұм жиналысы мен 1718 жылғы Аягөз шайқасының
маңызы туралы оқушылардың тиянақты білім алуына мүмкіндіктер беру.
Қазақ хандығының тәуелсiздiгiне мейлiнше қауiп төндiрген басты жауы
әскери-көшпелі мемлекет – Жоңғария мен
Қазақ хандығы арасындағы
жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысының күшеюінің
себептерін, осыған орай қазақ билеушілері мен батыр-билерінің елді қорғау
жолындағы күресті ұйымдастырудағы жетістіктері
және билеуші топтар
арасындағы алауыздықтың қандай қасіретті салдарларға алып келгендігін тал-
дай отырып, оқушылардың сыни көзқарас пен өткеннен сабақ алу қажеттілігі
туралы қөзқарастарын дамытуға мүмкіндік беру.
сабақтың деректі материалдары:
Жоңғария мемлекетінің картасы, Қайып және Әбілқайыр сұлтандар, та-
бын Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батыр суреттері, Гавердовский
жазбасынан үзінді
берілген слайд,
диаграммалар, кесте-тіректер.
сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақтың түрін аралас сабақ түрінде өткізе отырып, пікір алмасу, баяндау,
ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық
қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек.
сабаққа қатысты ескертпелер:
Мұғалім алдын-ала даярлаған жоспарының
негізінде оқушылардың
жұмысын ұйымдастырады. Ол жоспарда мынадай мәселелер қаралуы мүмкін.
1. Жоңғарияның күшеюi
Қарақұм жиынының мақсаты
2. Табын Бөгенбай батыр бастаған қазақ батырларының азаттық күрестегі
орны
3. Аягөз шайқасы
мен оның тарихи маңызы
Достарыңызбен бөлісу: