Қазақ хандығы дәуіріндегі қОҒамдық-саяси ойдың дамуы



Дата25.01.2022
өлшемі32,8 Kb.
#114306
Байланысты:
1, videoplayback, ТЖБ-I 9сынып 1 тоқсан, ?àçà?ñòàí òàðèõûíàí, Презентация (11) (копия)

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУЫ

Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы сонау сақ, ғұн дәуірінен басталады. Ары қарай тарихи сабақтастық түркі дәуірінде, кейін Алтын Орда кезінде де жалғаса берді. Қазақ жерінің батысында ХV ғасырдың орта кезінде Ноғай Ордасы, Жетісу өңірінде Моғол хандығы, Орталық Қазақстан мен Сыр бойында Әбілқайыр хандығы өмір сүрді. Олардың арасындағы араздық елде бей-берекетсіздікті туғызды. Мұндай саяси бытыраңқылық ұлттық біртұтас, қуатты мемлекеттің құрылуын қажет етті. Қазақ хандығы осы үрдісті қорытындылаған тарихи оқиға болып табылады.

Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде 1465–1466 жылдар болып белгіленген.

  Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің тарихында орын алған саяси шиеленіспен байланысты. Қазақ хандығының орнығуы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең-байтақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық, этно-саяси үрдісінің заңды қорытындысы саналады.

Көшпелі малшаруашылығы мен отырықшы егіншілік, қала мәдениеті дамыған өңірлердің өзара тығыз байланысы ХIV–ХV ғасырларда бүкіл қазақ жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай қалыптастырды. Көшпелі және отырықшы тұрғындардың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси қарым-қатынастарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу үдерісінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды.

  Ортағасырлық Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттілігінің құрылып, дамуы халықтың тұтастығын сақтап қалуда маңызды рөл атқарды.

  ХІV–ХV ғасырларда қазақ жеріндегі ру-тайпалар күрделі әскери-саяси оқиғаларды басынан кешіріп, мемлекет нығаюының барлық заңдылықтары мен кезеңдерінен өтті.

  1465 жылы әлемнің тарихи картасында жаңа мемлекет – Қазақ хандығы пайда болды. Хандықтың негізін салушы – Керей мен Жәнібек хандар Алтын Орда мемлекетінің мұрагері ретінде қол астындағы рулар мен тайпалардың бірлігі мен қауіпсіздігін сақтап қалды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін әлеуметтік мағынаға ие болған «қазақ» атауы саяси мазмұн алды. Бұдан былай «қазақ» ұғымы мемлекеттің атауы ретінде бекітілді.

  2. Қасым хан және оның қоғамдық-саяси көзқарасы. XVI ғасырдың басындағы ірі саяси тұлғаның бірі ретінде танылған, «қазақ жерлерін біріктіруші» Қасым хан болды. Оның билік құрған кезінде Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды. Қасым хан ел басқарған жылдары Еділ мен Жайыққа дейінгі аймақ біржола хандық құрамына енді. Кең-байтақ аумақта қоныстанған далалықтардың билеушісі ретінде ол қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу үдерісін жүзеге асырды.

  Хан қарамағында 160 мыңға жуық жауынгері болды. Ал жасақ жинаған жағдайда қазақ әскерінің саны 300 мыңға дейін жетті.

  Авторы белгісіз «Алам-ара-йи шах Исмаил» шығармасында Қасым хан туралы таңғажайып дерек кездеседі: «Иіліп сәлем берген соң, Жәнібек сұлтанның көзі бір сәт Қасым ханға түседі. Қараса, патша өзінің тағында аруақтанып отыр екен! Тағы таза саф алтыннан жасалыпты. Тақтың төрт бұрышы арыстанның, жолбарыстың, қабыланның, аждаһаның бастарымен және құстардың суреттерімен өрнектеліпті. Басына әшекей тастармен көмкерілген «шыңғысхандық» үлгідегі баскиім киіпті… 1200 әміршісі жанында отыр». Мұхаммед Хайдар Дулатидың: «Қасым хан өз билігін Дешті Қыпшаққа таратты. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін одан құдіретті хан болған емес» деп дәріптеуі Қасым ханның өз заманында ерекше беделді болғанын аңғартады. Оның саяси ұстанымы мен халқына деген қамқорлығын ұлы Мамашқа айтқан мына сөзінен айқын білуге болады: «Менің бар арманым – қазақ жерін тәуелсіз елге айналдыру болды және мен оған қол жеткіздім. Енді өзге мемлекеттер секілді дамып, гүлденіп, жетілуі тиіс. Халқымыздың атын биік ұста, оның мәдениетін, салт-дәстүрін әрқашан құрметте! Бөлінгенді бөрі жейтінін ешқашан ұмытпа. Әрқашан бірлікте бол. Егер сен халықтың бірлігін сақтап қалғың келсе, елде бүліншілікке жол берме!»

3. Хақназар мен Есім хан. Қазақ хандығының айтулы саяси қайраткерлерінің бірі Хақназар хан. Ол қазақ халқын біріктірген, мемлекеттің жерін аймақтық жағынан ұлғайтып, халықаралық жағдайын нығайтқан тұлға ретінде тарихта қалды. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастырды. Хақназар бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағындағы елдер алдында хандықтың ықпалын қалпына келтіруге күш салды. Түркі тілдес көрші мемлекеттер билеушілері онымен санасуға мәжбүр болды. Хақназар төңірегіндегі елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Қазақ хандығының қуатын арттырды.

  Халық жадында өшпестей із қалдырған қазақ хандарының бірі Есім хан. Ол мемлекеттің аумағын одан әрі кеңейтіп, Орта Азия елдерінің біраз жерін Қазақ хандығына қаратты. Есім қалыптасқан күрделі саяси жағдайлардан дұрыс жол таба білген ақылды және кемеңгер басшы ретінде танылды. Ішкі саяси тұтастықты қалыптастырып, Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етуді көздеген Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасым ханның заңдарын іс жүзінде қолдануды енгізді. «Қасым ханның қасқа жолы» аталып кеткен заңды Есім сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірді.

4. Тәуке хан заманындағы қоғамдық-саяси жағдай. Тәуке хан елдегі тәртіпті әскери күш есебімен ғана емес, неғұрлым ақылмен, тіл табысумен, дипломатиялық шеберлігі және ел басқарудағы біліктілігімен қамтамасыз етті. Елдің бірлігін және оның мемлекеттік шегараларының қауіпсіздігін қорғау мақсатымен Тәуке хан көрші жатқан елдермен тиімді көпвекторлы сыртқы саясат жүргізді. Хан Алатау қырғыздарымен және Арал қарақалпақтарымен әскери одақ құруға қол жеткізді. Қазақ хандығының жеріне жоңғарлардың шабуыл жасауынан төнген қатер тоқтатылды. Қазақ-қырғыз-қарақалпақ бірлескен әскері жау шабуылына тойтарыс беріп отырды.

  Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен достық қарым-қатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құру еді. Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген уақыты саналды. Жеке бас бостандығы, құлдықтың жоқтығы, кең-байтақ дала мен жайылымдар, жауынгер рухты адамдарды құрметтеу дәстүрі Ұлы далада ерекше маңызға ие болды. Тәуке хан билік кезеңі қазақ халқының «алтын ғасыры» аталады.

Әбілқайыр ханның көзқарасы. Елдің болашағын ойлаған, халқының тыныштықта бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етіп, жерінің тұтастығын сақтауға тырысқан, алдағы сан ғасырларды болжаған көреген хандарымыздың бірі Әбілқайыр болды. Кіші жүздің ханы «Ресей бодандығын» қабылдаған кезде Ресей империясы өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатынын күтпеді. Әбілқайыр хан далалықтардың мал жайылымдарының біртіндеп қысқаруына және Ресей бекіністерінің салынуына қарсы шықты.

  Ресей империясы Әбілқайырдың билігін әлсіретіп, кейін оны биліктен мүлдем аластатуға тырысты. Ресей үкіметі ұлын аманатқа алып, империя бодандығындағы басқа халықтарды Әбілқайырға айдап салып отырды.

  Әбілқайыр халқын қорғауда ерен ерлік пен табандылық танытып, досқа мейірімді, дұшпанға қаһарлы батыр болды. Ресей империясының жүргізген отарлау саясатымен келіспеді, жер мәселесі оны қатты алаңдатты. Еділ-Жайық аралығын сақтап қалу үшін қазақтардың Ресей империясымен күресі ұзақ жылдар бойы жалғасып келді. Әбілқайырдың: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді», – деп ашық айтқан сөзі отарлаушы билікке қарсы күресінің дәлелі болып табылады.

 6. Абылай ханның қоғамдық-саяси көзқарасы. ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай хан өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай ханның бүкіл ішкі және сыртқы саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Бұл туралы әйгілі ғалым, ағартушы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ».



1771 жылы Абылай қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ол Ресей империясының мүддесіне мүлдем сәйкес келмейтін Тәуке хан дәуіріндегі біртұтас Қазақ хандығының қалпына келуін мақсат етті. Абылай ұлы Тоғым сұлтан арқылы Ресей патшасына арнайы хат жолдайды: «Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті. Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды», – деп әрі қарай ол Түркістан қаласында хан сайлауының рәсімін өткізіп, қазақтың бас ханы лауазымына заңды түрде бекітілгендігін хабарлайды: «Мені қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ киізге көтерді». Абылай саясатта ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Абылайдың салиқалы және көреген сыртқы саясаты Қазақ хандығының аумағына бөтен елдің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталды. Ол ең алдымен Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Абылай өз иеліктерінде екі алып мемлекеттің ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен барынша ымырашылдықта болуға тырысты. Қазақ мемлекетін шығыстағы және солтүстіктегі көршілердің ықпалынан оқшау ұстау қажет еді.

7. Ақындар мен жыраулар және олардың Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өміріне көзқарасы. Қазақ хандығының құрылуы кезінде өмір сүрген ұлы тұлғаның бірі Асанқайғы. Оның барлық адамдар тең өмір сүретін, суы мол, жері жайлы жерұйықты іздегені туралы аңыз елге кең таралған. Жайық пен Еділ аралығындағы қыстаулар мен жайылымдарды суреттеп, осындай керемет өлкеде бақытты да бақуатты өмір сүре алады деп жырлады. Асанқайғы елінің мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады.

8. Қазақ билері және олардың қоғамдық-саяси көзқарасы. Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісінде және Отанды сыртқы жаулардан қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет те атқарған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билердің есімдері белгілі. Билер ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін дау-жанжалдарды бітістіріп, көрші мемлекеттермен бейбіт байланыс орнатуда ханға ақыл-кеңес беріп отырды. Билердің ең басты ұстанымы ар тазалағын сақтау еді. Олар қоғамда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мейірімділік, адалдық, ізгілік сияқты адамгершілік қасиеттерді сақтауға шақырды.

  Би-шешендер тұжырымын поэзия түрінде жеткізді. Өз өмірін елінің ынтымақ-бірлікте болуына арнаған Төле биден мынадай қанатты сөздер қалған: «Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа – түбіңе жетер», немесе: «Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал».  

  Қазыбек би Қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынаста әрқашан бейбіт сыртқы саясат ұстануды, тәуелді болмауды ескертеді: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет