8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет11/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың барысы. 
Сабақ біріккен қазақ қолының жоңғар басқын шылығына қарсы жүз 
жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі Аңырақай 
шайқасының өткен орны мен жылы туралы мәліметтерден, соғыстың ба-
рысы және осы кезеңдегі болашақ тарихи қайраткер Абылайдың алғашқы 
е
рлігі туралы әңгімелеуден басталады. Мұғалім “Аңырақай” шайқасының 
тарихи маңызын қазақ батырлары мен жауынгерлерінің ерлігі жеке бастары-
ның қаһармандығы және осы соғысқа өздері де қатысқан ақын әрі батыр 
Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау және оқиғаның куәсі болған Бұқар 
жырау дың шығармашылығы негізінде түсіндіреді. Мұғалім Аңырақайдағы 
жеңістен кейінгі алуыздықты айта отырып, Жоңғар қонтайшысы Қалдан 
Сереннiң 1741–1742 жылдары Орта жүз бен Кiшi жүзге ұйымдастырған 
бұрынғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” кем түспейтiн 
шапқыншылықтары Қазақстандағы саяси жағдайды шие ленiстiре түскеніне 
баса назар аударады. Осылайша, сабақты жоңғар шап қыншалығына қарсы 
азаттық күресті ұйымдастыру мен жүргізудегі қазақ билері мен батырларының 
рөлі арқылы қорытындылайды. 
Білімді бағалау мүмкіндігі: 
Сабақты қорытындылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін 
қысқаша сұрақтар қою арқылы, сонымен қатар оқушылардың Аңырақай 
шайқасының өткен орны, тарихи маңызы мен оны ұйымдастырудағы ба-
тырлар мен билердің, хан-сұлтандардың қыз метін аналитикалық тұжырым 
жасай білу мүмкіндіктеріне қарай бағалай алады. 
Қосымша тапсырма. 
Аңырақай шайқасына қатысқан батырлар, билер мен жыраулар, сұлтандар 
туралы эссе дайындау.
XVIII ғасырдағы ҚазаҚ ХаНдығы
 
§ 7-8. ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. ресейдің 
әскери отарлау әрекеттерінің басталуы
сабақтың мақсаты:
7.3.1.2. – қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау. 
7.3.2.2. – қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет