8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет13/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың барысы. Мұғалім XVIIІ ғасырдың басында патшалық Ресей 
қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық 
әрекеттерін бастағандығын әңгімелейді. Ресейдің әскери отарлау саясаты 
империялық сананы басшылыққа орыс өкiметiнің І Петрдің тұсында “қырғыз-
қайсақ ордаларын” өзіне қаратуды ойластыра бастауынан туындағандығын 
және қазақ даласының Ресейден шығып, Орталық Азия хандықтары мен 
қалаларына апаратын сауда жолдарында жатуы да отаршылдық пиғылды 
күшейте түскендігін түсіндіреді. Аймақтық географиялық тұрғыдан қазақ 
даласын Ресейден бөліп жататын тау жоталарының болмауы да орыстардың 
қазақ жеріне дендеп енуін жылдамдатқандығын картадан көрсетеді. Қазақ 
жерін билеуші топтардың солтүстіктегі көршісімен сауда-экономикалық
әскери-стратегиялық байланыстарға ұмтылуы да Ресейдің Қазақстанға деген 
қызығушылығын арттыра түскендігін түсіндіреді. Осындай ахуалды пай-
даланып қалуға тырысқан орыс билеушілері қазақ жерiн және Орта Азия 
арқылы өтетiн барлық керуен жолдарын өзiнiң қол астына бағындыруды 
көздеген әрекеттердi қолға алуға итермелегендігін және өз мақсаттарын 
жүзеге асыру үшін арнайы экспедияциялар жабдықтап, Жайықтың бойында 
қамалдар салуды және башқұрт-қазақ халықтарын өзара жауластыруды қолға 
ала бастағандығын тарихи фактілермен, көрнекілік құралдарды пайдалана 
отырып баяндайды. 
Білімді бағалау мүмкіндіктері: Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, 
оларға арнайы тапсырма береді. 1-топ Ресейдің қазақ жерлеріне салған әскери 
бекіністері мен шептерін картадан белгілей отырып, әскери отарлаудың 
бағыттары туралы өз пікірлерін айтады. 2-топ Бухгольц экпедициясының 
маршрутын сызып, бұл экспедицияның қазақ жерлерін әскери отарлауда 
атқарған рөлі туралы өз пікірлерін айтады. 


13
Қосымша тапсырма.
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Хрестоматияда берілген та-
рихи құжаттармен таныса отырып, әскери отарлаудың салдарлары туралы 
эссе дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет