9- сынып қазақ тілі тест .
1.Қайсысы стиль түріне жатпайды?
А) Коммуникативтік В)ауызекі сөйлеу С)Публицистикалық Д)Ғылыми Е)ресми іс-қағаздар
2.Стиль қай тілдің сөзі ?
А) араб В) латын С)орыс Д) грек Е) француз
3. Диолог көбіне қай стильде қолданылады ?
А) Ғылыми стиль В)Ауызекі сөйлеу стиль С)Ресми іс-қағаздар стилі
Д) Құжаттар стилі Е) Публицистикалық стиль
4.Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшелікті табыңыз
А)Үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану С) Тіл тазалығын сақтау
Д)қыстырма сөздерді қолдану Е) Диалогке құрылмайды
5. Ауызекі сөйлеу стилінің неше түрі бар ?
А) 3 В) 4 С) 5 Д) 6 Е ) 2
6 . « Келгем ,келгім кеп, келгесін» сөздері қай стилде жазылған?
А) Публицистикалық стилі В) Көркем әдебиет стилі С) Ғылыми стиль
Д) Ауызекі сөйлеу стилі Е) Ресми іс-қағаздар стилі
7 Ресми іс-қағаздары стиліне жататын қатарды табыңыз
А)Қоғамдық –саяси әдебиет В)Көркем шығарма С)Газет- журнал тілі
Д)Ғылыми шығармалар Е) Өтініш ,мінездеме
8 .Морфологиялық принципке сай жазылған сай сөзді анықтаңыз.
А ) миуа В ) жанбады С) жамбады Д ) жаңғанда
9 . Дәстүрлі принципке сай жазылған сөзді анықтаңыз .
А ) Ботагөз В ) бүгін С ) жаһан Д ) түбір
10 . Сөздердің айтылуы бойынша жазылуын қай принципке жатқызамыз ?
А ) орфографиялық В ) морфологиялық принцип
С ) Дәстүрлі принцип Д ) фонетикалық принцип
11 . Интонация арқылы іргелесе байланысқан сөйлемді анықта.
A) Қыс келсе де, қар жаумады. B) Сабақ оқымай, бес алмайсың.
C) Мен барғанша, ол театрға кетіп қалды. D) Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді.
E) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
12 . Жалғаулық шылау арқылы байланысқан құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Олар күзде босамайды, бірақ көктемде қолдары бос.
B) Жаңбыр да жауды, от та өшті.
C) Біздің сынып кең әрі жарық.
D) Ол бөлмеге кіріп, отыра кетті.
13. «Кепілхат, сенімхат » стильдің қай түріне жатады?
А) Публицистикалық стилі В) Ғылыми стиль С) Ресми іс-қағаздар стилі
Д) Көркем әдебиет стилі Е)Ауызекі сөйлеу стилі
14. Мәтіннің өте жинақы болып құрылатындығы қай стильге тән?
А) Іс қағаз стилі В)Көркем әдебиет стилі С) ресми іс қағаздар стилі
Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) Публицистикалық стилі
15. Оқиғаны образды түрде бейнелеу қай стиль түріне жатады?
А) Ресми іс қағаздар стилі В) Ауызекі сөйлеу С) Көркем әдебиет
Д) Ғылыми стиль Е) Публицистикалық стилі
16 . Қайсысы публицистикалық стиліге жатады?
А)Жарғы , қаулы В)Куәлік , кепілхат С) полимикалық тіл, дидарластық тіл
Д) мақала, сұқбат Е)Повесть,пьеса.
17 . .Берілген сөйлем стилдің қай түріне жататындығын табыңыз.
Ұлы тұлға бір елдікі емес,халықтық тұлға, «атаның баласы емес,адамның баласы, «дегенді еске алайық,ағайын!
А) Публицистикалық стиліге В) Ауызекі сөйлеу С ) Ғылыми стиль
Д)ресми стиль Е) Көркем әдебиет стиллі
18. «Ағзадағы жасушалар» тіркесі қай стильге тән ?
А) Ғылыми стиль В) Ауызекі сөйлеу С) Көркем әдебиет стиллі Д) Публицистикалық стиль
Е) ресми іс қағаздар стилі
19. Ғылыми стильде қандай сөздер көп қолданылады?
А) Термин сөздер В)Диалект сөздер С) жалпыхалықтық сөздер
Д)Кәсіби сөздер Е)Көнерген сөздер
20.Төмендегі берілген үзінді қай стильге жатады?
Тұқымдастық – өсімдіктер дүниесіндегі ең үлкен категориялық жік
А) Ауызекі сөйлеу В) ресми іс қағаздар стилі С) Ғылыми стиль
Д) Публицистикалық стиль Е) Көркем әдебиет стилі