Кенжебаева Әсем 31 «Б» Бақылау сұрақтары



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,14 Kb.
#94241
  1   2   3   4
Байланысты:
Бақылау сұрақтары Асем 31Б қ.т.о.ә.


Кенжебаева Әсем 31 «Б»

Бақылау сұрақтары

  1. Талдау-жинақтау әдісінің қалай жүргізілетін айтып бер.

Жауабы: Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің кандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын кұрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен косып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау – жинақтауда мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алу не сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айту (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек).
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшелініңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, "р" дыбыс үйретілуі қажет болғанда "ара" сөзіндегі "а-ра" буындары "а-арра" делініп, "р" дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процессімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға "р" дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары "р" дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтануынан "р" дыбысы шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді.
2. Басып жазу, ырғақтық жазу, көлбеу жазу түрлеріне талдау жаса, дәлелдеме келдір.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет