ақша және бағалы қағаздар бойынша сараптама; машинада жазылған мәтінде бойынша сараптама; құжаттарды дайындау материалдары бойынша сараптама. 3. Сот-авторлық (лингвистикалық) сараптама. Сот-авторлық сараптаманың объектісі қағазда немес элетрондық құралдарда жазылған адамның сөздері болып табылады. Сараптаманың бұл түрінің негізгі мағынасы адамның жазбаша және ауызша ойының ерекшелігін, соған қарай мәтінді қалыптастыру заңдылыған ашу болып табылады.
Сот-авторлық сараптаманың затын автордытанушылық саласында сарапшылардың арнайы білімді қолдану арқылы анықтайтын жағдайлары (фактілері) құрайды.
Сот-авторлық сараптамамен шешілетін міндеттер екі топқа бөлінеді: идентификациялық емес (диагностикалық, ситуациялық, классификациялық) және идентификациялық.
Классификациялық міндеттер мәтіннің лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, мәтіннің авторын жасы, жынысы, әлеуметтік ортасы бойынша белгілі бір топқа жатқызуды білдіреді. Бұл міндеттерді шешу үшін сарапшыға мынандай сұрақтар қойылуы мүмкін:
Зерттелетін құжаттағы мәтін қай жыныстағы адамға жатады?
Автордың жасы қандай, оның сауаттылық және оның жазу, сөйлеу қабілеттілігіні игеру деңгейі қандай?
Құжаттың авторы қандай әлеуметтік топқа жатады немесе мамандығы қандай болуы мүмкін?
Бұл құжат жазбаша сөйлеуде ғылыми стилі бар адаммен жазылған ба?
Диагностикалық және ситуациялық міндеттер мәтінді құруда? Яғни сөйлеуде басқа жағдайлардың әсері болғандығын анықтауға бағытталған. Мысалы масаң күйдің, өз сөзін әдейі өзгертіп келтірудің, сөйлем құрастырудың тәсілін өзгертудің болғандығын білдіреді. Диагностикалық міндеттерді шешу үшін мынандай сұрақтар қоюға болады:
Баспа құралдарында жарияланған мақаладағы осы абзацтағы немесе сөйлемдегі сөз қандай мағынада айтылған;
Мақала мәтініндегі барынша елеулі, жанрлы, психо-лингвистикалық және стилистикалық еркшеліктері қайсысы?
Автор қолданып отырған көркемдік тәсіл қандай?
Сөз басқа адамның даусына еліктеу үшін әдейі дауысын бұзу жолымен айтылған ба?
Зерттеуге беріліп отырған мәтін басқа бір жағдайлардың әсері болғанда айтылған ба? Мысалы мастық, науқастық жағдайларда.
Сот лингвистикалық сараптамаға мынандай диагностикалық міндеттегі сұрақтар да қойылуы кездеседі. Бұл сұрақтар көбінесе азаматтардың немесе заңды ұйымдардың беделіне нұқсан келтіретін қорлау, жала жабу сияқты қылмыстарда, сол сияқты экстремистік немесе өзгедей алауыздықты тудыру мақсатындағы қылмыстарда кездеседі. Мысалы:
Бұл мақалада, телепередачпдп, видеосюжетте адамның беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз сөздер бар ма?
Осы сөйлем адамның немесе ұйымның беделіне нұқсан келтіре ала ма?
Осы абзацта келтірілген мәлімет фактіні растай ала ма (егер растаса қандай фактіні)?
Келтірілген мәтінде азамат А-ның жеке басын теріс бағалайтын және ар-намысына тиетін жағымсыз мағына бар ма?
Белгілі бір конфессияны, этникалық, әлеуметтік топты депортациялауды, репрессиялауды мақтауға оң баға беретін сөздар бар ма?
Белгілі бір конфессияны, этникалық, әлеуметтік топтың азаматтарын контитуциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеуге шақыруды талап ететін сөздар бар ма?