- жетістіктер тесттері, оқушылардың оқу нəтижесіне байла-нысты білім, біліктілік, дағдыларының дамуын бағалайды.
- тұлғалық тесттер, оқушылардың қызу-еріктік сапаларын бағалауда қызмет етеді.
Барлық тест түрлерінің ішінде орта білім беруде кеңінен қолданылатын, кең таралған тесттің түрі жетістіктер тесттері болып табылады.
Педагогикалық өлшемді автоматтандыруға бағытталған ақпа-раттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдануда мектеп оқушыларының білім нəтижелерін жəне жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарт талаптарына сай жетістіктерін өлшейтін тəсілдердің екеуінің бірін ескеру қажет. Олардың бірі, мөлшерленген тəсіл, мектеп оқушыларының тапсырмаларды орын-дау шегінде анықталған мазмұнды қабылдау деңгейлерін бір-бірімен салыстыруды қарастырады. Екіншісі, белгісі бар тəсіл, мектеп оқушыларының оқу нəтижесінің талаптары түріндегі бағыт немесе белгі мазмұнымен қоса білім деңгейлерін салыстыруды қарастырады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мазмұнына кіретін тесттік тапсырмалар ерекше талаптар жүйесіне жауап беру керек. Ол талаптар құрамына бірінші кезекте мазмұнның пəндік тазалық, айқындылық, анықтылық, бірмəнділік, оңайлық, сенімділік, форма дұрыстығы, жергілікті тəуелсіздік, технологиялық жəне тиімділік талаптары кіреді.
Маңызды жəне функционалдық айқындылықты қарастырайық.
Маңызды айқындылық – бұл тесттің бақыланған оқу материа-лына сəйкестігі. Функционалдық айқындылық – тесттің бағаланған қызмет деңгейіне сəйкестігі.
Тесттің айқындылық (бəріне қолайлылық) талабының орындалуы əрбір оқушының не орындау керек екенін түсіндіру үшін ғана емес, сонымен қатар эталондардан ерекшеленген тура жауаптарды табу үшін қажет.
Тесттің оңайлық талабы тест меңгеруде бір деңгейдегі бір тапсырмадан тұруы қажет жəне əр түрлі деңгейдегі көп тапсырмадан тұрмауы қажет екенін анықтайды.
Бір мəнділік əр түрлі эксперттермен орындалған тест сапасының бірдейлігімен анықталады.
Тесттеудің сенімділік түсінігі меңгеру деңгейінің дұрыс өлшемінің ықтималдылығымен анықталады. Сенімділік талабы мектеп оқушысының əр түрлі тест нəтижелерінің орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары қорында тесттеуді автоматтандыру жүйесін компьютерлік құрастыру келесі кезеңдер есебімен өтеді:
- жеке мектеп пəндері жəне осы пəндердің жеке тақырыптары бойынша тест тапсырмаларын құрастыру;
- тесттік тапсырмалардың құрылымын жасау;
- мектеп оқушыларының білім нəтижелеріне диагностика жасау-да түрлі тəсілдерді қолдану;
- тесттік тапсырмалардың мазмұнын таңдау белгілерінің анықталуы мен қолданылуы
- білім беру, болжау, бақылауда тесттік бақылау жүйесінің қолдану ерекшеліктерін анықтау;
- тест нəтижесінде оқушының алған бағасын анықтау тəсілдері мен шкалаларын белгілеу;
- білім беру нəтижесінің тесттік өлшемін ақпараттандыру мен автоматтандырудың мүмкін жолдарын зерттеу;
- Ақпараттық-қатынастық технологиялар бақылап-өлшеу, құрамы жəне жасап бітіру құралдарын құрастыру;
- жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық-қатынастық технологиялар бақылап-өлшеу құралдарын практика жүзінде қолдану кепілдіктерін құрастыру;
Тесттік формадағы тапсырмалардың дəстүрлі тапсырмалар мен сұрақтардан артықшылығы қыскалық, логикалық жіктелуі, стандарттылық жəне тестілеу мен бағалау нəтижесін өткізу процедурасының біркелкілігі. Дəл осы артықшылықтар тесттерді мектеп оқушыларының білім нəтижелерін бағалау жəне осы нəтижелердің мемлекеттік білім беру стандарттарының талап-тарына сай тексерілуі үшін керек етеді. Тесттік тапсырмаларды ұсыну формалары олардың құрамын барынша жеңілдетті жəне педагогикалық бақылау мен өлшеу үдерісін автоматтандыра-тын ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасауға мүмкіндік жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |