«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут Балл саны – 25
Төмендегі № 1 сурет бойынша дұрыс тұжырымды таңдаңыз:
HCl және CH3COOH күшті электролиттер
HCl –әлсіз электролит, CH3COOH – күшті электролит
HCl – күшті электролит, CH3COOH – әлсіз электролит
HCl және CH3COOH әлсіз электролиттер
[1]
Белгісіз Х2+ катион ерітіндісіне NaOН ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосқанда көк түсті тұнба түзілді. Х2+ катионын көрсетіңіз.
Ba2+(ер)
Ca2+(ер)
Cu2+(ер)
Fe2+(ер)
[1]
Калий хлоридінің (KCl) судағы ерітіндісі электр тоғын өткізе алады. Калий хлоридінің судағы диссоциациялану механизмін сызып көрсетіңіз.
[2]
Тұздар – метал катионы және қышқыл қалдығы анионынан тұратын күрделі заттар.
а) Ас содасы (NaHCO3) суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды? Диссоцияциялану теңдеуін жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[2]
NaHCO3 ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда газ бөлінеді. Газдың түзілуін көрсететін реакцияның қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыз.
__________________________________________________________________________________
[1]
Лакмус индикаторымен NaHCO3 ерітіндісінің ортасын зерттегенде индикатордың түсі қалай өзгереді. Себебін түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |