9 а сыныбында «Деректерді сұрыптау және сүзу» тақырыбында өткізілген ашық сабақтың рефлексивті есебі Информатика пәнінің мұғалімі: Г.Ә. Казбекова



бет2/2
Дата27.02.2022
өлшемі30,03 Kb.
#133627
түріСабақ
1   2
Байланысты:
рефлексивті отчет

Оқыту нәтижелері

Алгоритмнің түрлеріне бағдарлама, блок- схемасын құра біледі және өз ойларын еркін, нақты жеткізе алады.

Сілтеме

Google Drive платформасынан тест https://forms.gle/pYna7sTR82skczua7
cайт: menti.com

Көрнекіліктер

компьютер құрылғылары, суреттер, слайд-таныстырылым,
АКТ. Ресурс парақтары, денгейлік сұрақтар. 9 сынып оқулық, Ғаламтор, интербелсенді тақта, р есурс парақтары, QR-код, Ноутбуктар

Дерек көздер

Ақпараттық коммуникациялық технология(АКТ), Интерактивті тақта, Mic. excel бағдарламасы. Оқулық беттері, ресурс парақтары.

Оқушының өзіне сенімін арттыру, белсенділіктерін қалыптастыру мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сондықтан әр оқушының өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Деректерді сүзгілеу және сұрыптау» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін. Бұл сабақтағы менің мақсатым: оқушыларға Тізімдегі деректерге қарапайым сұрыптауды және сүзгілеуді қолдануды үйрету. Сұрыптау мен сүзуден өткізудің бірнеше критерийлерін қолдану. Қарапайым және құрамдас сүзгілердің айырмашылықтарын анықтау.
Оқушылардың сындарлы білім алуына ықпалын тигізе алатындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз бетінше оқып үйренуге жетелеу. Салыстыру, талдау, бағалау арқылы қорытынды шығаруға үйрету. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Осы мақсаттарға сүйене отырып, сабағымды бастап кеттім. Сыныпқа кіріп, амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, сабағымды жағымды ахуал қалыптастырудан бастауды жөн көрдім. Мұндағы мақсатым Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету, сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Әрі қарай білімді өзектендіру бөлімі бйынша үй жұмысын Google Drive платформасында gmail аккаунтым арқылы тексеріп алдым. Оқушылар тақтаға шығып, алдын ала дайындап мұғалім аккаунтына жіберген тапсырмаларын ашып, түсіндірме жасады. Бірлескен жұмыс ұйымдастыру мақсатында түстерді таңдау арқылы оқушыларды 3топқа бөлдім. Әр топ таңдаған түстері бойынша келген әр түрлі сұрақтарға жауап берді. Әр дұрыс жауап үшін түстер тақтадан алынып тасталынып, астынан 30 цифрасы шықты.Оқушылар 30 цифрасы нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Биыл елімізде 30 цифрасына сәйкес қандай аталмыш оқиға болғалы жатыр? Тәуелсіздік қашан жарияланған еді? Секілді бірнеше еліміздің Тәуелсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап айтып, өз Отандарына деген ыстық ықыласын білдірді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Сондықтан сабағымда Тәуелсіздік тақырыбын бір шолуды жөн көрдім.
Жаңа сабақты «QR-кодта жасырынған сөз» әдісі арқылы бастадым. Қима қағаздардың артында QR-код тұрды. QR-код сканер приложениесін қолданып, оқушылар кодтарды сканерлеу арқылы жаңа тақырыбымыздың Сүзгілеу және сұрыптау екенін анықтады. Бұл әдістер оқушылардың жас-ерекшеліктерін ескере отырып алынған.
Жазылым кезеңі бойынша оқушылар тірек сөздерді дәптерлеріне жазды және осы тұста ағылшын, орыс тілі пәндерімен пәнаралық байланыс болды. Көрсетілім ретінде оқушылардың назарына түсіндірме видео (жаңа тақырып бойынша) ұсынылды. Көрген видеолары бойынша оқушылар ой қозғап, жаңа тақырыпты аша түсті. «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылып, оқушылар сабақтың пирамидасын құрастырып, ортаға шығып қорғады.
Практикалық кезеңде оқушылар топта отырып, алдарына берілген ноутбуктар арқылы сабақта алған теориялық білімдерін практикада көрсету мақсатында тапсырмалар орындады. Оқушылар бұл тапсырмаларды жұппен бірге орындап, қорғаған кезде топ бойынша бірлесе, бірінің білмегенін екіншісі айтып берілген тапсырманы сыни тұрғыда ойлана отырып, өз ойларын анық жеткізе білді. Тапсырмаларды қорғaу кезiнде қиындыққa тaп болып, өз пiкiрлерiн aшық aйтa aлмaғaн оқушылaр дa кездесіп жaтты. Жaңa әдic – тәciлдердi қолдaнып, берiлген тaпcырмaлaрды орындaудa оқушылaрдың шынaйы бiр–бiрiне көмектеciп, шешiмдi топпен қaбылдaп, ойлaрын aшық және еркiн жеткiзiп отырғaндaрынa өзiм де қызығa қaрaдым. Нәтижесінде топтық жұмыс кезінде оқушылaрдың өзіне деген сенімділіктері aртып, топ мүшелері aрaсындa достық қaрым-қaтынaс орнaй бaстaғaнын бaйқaдым.
Сергіту сәті болып өтті. Ақпаратты мақал-мәтелдерді түп нұсқаларымен сәйкестендіру арқылы. Бекіту кезеңінде оқушылар Google Drive платформасында тест тапсырмаларын орындады. Оқушылардың ватсап желісіне тест сілтемесі жіберілді, тест орындауға 3минут уақыт берілді. Осыдан кейін семантикалық картамен жұмыс жасалып, интерактивті тақтадан тексеріліп алынды.
Сабақ барысында берілген әрбір тапсырмадан кейін мен оқушыларды әр түрлі қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдана отырып бағалауға тырыстым. Атап айтсам, «Смайликтер», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш шапалақ» әдісі, мадақтама сөздер арқылы ауызша кері байланыс беру және т.б. Сонымен қатар оқушылар өз өздерін бағалау парақтарына 1-ден 10ға дейінгі шкала бойынша балл сандарын жазып, бағалап отырды.
Сабақтың рефлексиясын Menti.com сайты арқылы өткіздім. Оқушылар сайтқа арнайы код арқылы кіріп, сабақтан алған әсері туралы 3 сөз жазу арқылы сабақты қорытындылады.
Сaбaқ бaрыcындa кездеcкен кедергiлер: Жеке жұмыс ретінде оқушылар компьютерге жазғанда және өз ойларын ашық айтудан қиналғанын байқадым. Оқушыларды көбірек компьютермен жұмыс жасату керектігін және тапсырма бергенде өз ойларын ашық айту керектігін ұқтым. Оcығaн қaрaп мен aлдaғы өтетiн caбaқтaрымдa оқушылaрдың топпен жұмыc icтеулерiне, оның нәтижелi болуынa көп көңiл бөлу керек екенiн түciндiм. «Cебебi жaқcы ұйымдacтырылғaн топтық жұмыc оқушылaр aрacындa әлеуметтiк өзaрa қaрым-қaтынacты, тиiмдi aрaлacу және проблемaлaрды шешу дaғдылaрын дaмытуғa ықпaл етедi. Бұл өз кезегiнде оқушылaрды өздерiнiң оқулaрынa белcендi қaтыcуғa итермелейдi. Оқушылaрды aлынғaн aқпaрaтты ойлacтыруғa және тaлқылaуғa, өзгелердiң пiкiрлерiн түciнуге немеcе терicке шығaруғa ынтaлaндырғaн жaғдaйдa топтық жұмыc тиiмдi болaды.
Оқушыларға әр тапсырмаларға критерий құрып, оған дискрепторлармен ұпайларын көрсеткен дұрыс екенін түсіндім. Әр оқушы өз алған бағаларына қанағаттанып, кері байланыс парағында сабақты түсінгендігін, жазыпты. Әр сабақта жеті модульді басшылыққа ала отырып, жаңа әдіс-тәсілдермен және критерий арқылы бағалауды қолданып өткен сабақтың тиімді боларына көзім жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет