Алтыншы бағыт- Отбасы. Мектеп оқушыларының отбасылары әртүрлі. Олардың материалдық және мәдени деңгейлері әртүрлі. Ол оқушылардың денсаулығына, оның психикасына, оқуға деген қарым-қатынасына әсер етеді. Тәрбие процесін отбасымен ынтымақтаспай жүргізу мүмкін емес. Бұ бағыттағы жұмыстарда сынып жетекшісі оқушылардың отбасын зерттеуі; ата-аналармен психологиялық –педагогикалық ағартушылық жұмыстар ұйымдастыруы; ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізуін ұйымдастыруы; ата-аналардың жеке бастамасын марапаттауы тиіс.
Сынып жетекшісі оқушының материалдық игілік аясын, өмір салтын, оның отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрпын білуі керек.