9. Coreldraw графикалық редакторы Жұмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі



бет3/4
Дата09.01.2022
өлшемі164,31 Kb.
#110433
1   2   3   4
Байланысты:
2 лекция

9.2. Қарапайым фигураларды құру
Қарапайым фигураларды құру үшін мынадай құралдар: қолмен сызу, суперсызық, интерактивтік біріктіру, Безье қисығы, өлшемдер, тіктөртбұрыш,эллипс, көпбұрыш, миллиметрлік төртбұрыш, қарапайым формалар, бағыттауыштар формалары, блок-схема формалары, жұлдызша формалары, объектіге фигуралық формамен нұсқау формалары (5-сурет) қолданылады.

Свободная

Тіктөртбұрыш сызу құралы тіктөртбұрыштар құруға мүмкіндік береді (6-сурет). Құралды таңдағаннан кейін, тышқан көрсеткішінің түрі тіктөртбұрышты қиылысқан екі сызық болып өзгереді, экранда құратын объекті диагоналы бойынша тарту керек. Тіктөртбұрышты құрып болған соң, атрибуттар панелінде оның центрінің координаттары мен өлшемі шығады. Атрибуттар панелі көмегімен ерекшеленіп тұрған тіктөртбұрыш қасиеттерін өзгертуге болады.


Объектілермен жұмыс істегенде, оларды алдын ала таңдау (выбор) құралымен ерекшелеп алу қажет.Таңдау құралын объектіге апарып тышқан көрсеткішін шерткенде, объект ерекшелену торымен қоршалады. (қара бояумен боялған кішкентай квадраттар). Эллипс құралы да жоғарыда айтылғандай эллипс сызады. CorelDRAW-да дұрыс фигураларды (шеңбер, квадрат) сызу үшін Ctrl пернесін басып тұру керек. Атрибуттар панелін пайдаланып, доға, сектор сызуға (4-сурет) болады.

4-сурет. Тіктөртбұрыштар мен эллипстер.


Көпбұрыш құралы. Көпбұрыштар мен жұлдызшалар сызу үшін қолданылады. Құралды таңдаған соң атрибуттар панелінде көпбұрыш төбелерінің санын енгізуге, сонымен қатар төбелерінің үшкірлігін енгізуге болады. Спираль және тор құратын құралдар да дәл осылар сияқты жұмыс істейді. (5-сурет)

5-ші сурет. Көпбұрыш, миллиметрлік төртбұрыш, спираль құралдарының жұмысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет