9. Coreldraw графикалық редакторы Жұмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі



бет1/4
Дата09.01.2022
өлшемі164,31 Kb.
#110433
  1   2   3   4
Байланысты:
2 лекция


9. CorelDRAW графикалық редакторы


  1. 1. Жұмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі.

  2. 2. Қарапайым фигураларды құру.


9.1. Жұмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі.
CorelDRAW арқылы қисықты, геометриялық фигураны немесе мәтін әрпін оңай құруға, және өте жоғарғы дәлдікпен олардың формасын өзгертуге, мәтінді берілген қисық сызық бойымен орналастырылуға болады. Әртүрлі құралдарды бірге қолдану арқылы CorelDRAW-да өтре көп графикалық эффектер: мәтін қатарын немесе графикалық объектіні изометриялық бейнеге түрлендіруге, иілдіруге, сызықпен қоршауға, айналдыруға, айнадағы бейнесін алуға, үшөлшемді эффектер алуға т.с.с. көптеген жұмыстарды жасауға болады. Corel Corporation графикалық редакторы CorelDRAW атаулы Канада фирмасының өте үлкен мүмкіндіктеріне, дайын бейнелер кітапханасының үлкендігіне байланысты ең белгілі, көп тараған бағдарламалардың бірі болып отыр. Кейбір құралдарының басқа графикалық редакторларда жоқ болуы оның ерекшелігін айқындай түседі.

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін монитор экранында CorelDRAW- дың терезесі ашылады. Ашылған терезеде New Graphic (жаңа файл) батырмасын басқаннан кейін, CorelDRAW- дың негізгі терезесі ашылады да, жаңа файлға автоматты түрде Graphic деп атау беріледі.

CorelDRAW12 бас терезесін он негізгі элементтерге бөлуге болады (1-ші сурет).


  • тақырыптар қатары;

  • мәзір қатары;

  • құралдар панелі;

  • қалып-күй қатары;

  • түстердің экрандық калитрасы;

  • құжат терезесі;

  • жұмыс беті;

  • сызғыштар;

  • навигатор;

  • айналдыру жолағы.

1-сурет. CorelDRAW-дың бас терезесі.

Экранның жоғарғы жағында тақырыптар қатарының астында негізгі мәзір қатары орналасқан. Мәзірде 11 командалар бар.

Құжат терезесі

Бас терезенің ең үлкен бөлігін жұмыс беті мен құжат терезесі алып жатыр. Жұмыс істейтін объектілерді құжат терезесінің кез-келген жерінде орналастыруға болады, тек баспаға басатын объектілерді міндетті түрде жұмыс бетінде орналастыру керек.



Жұмыс беті

Жұмыс беті көлеңкелі тіктөртбұрыш түрінде орналасқан. Оның өлшемін баспаға басатын қағаз өлшеміне сәйкес Layout - Page Setup (Макет – бет макеті) командасы көмегімен беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет