9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар. Аритмиялар - Бұл жүрек соғуының реттілігінің, жүректің жиырылу күшінің, жүрекше мен қарынша қозуы мен жиырылу үрдістерінің бұзылуы.
Этиологиясы Аритмияның дамуына әкеліп соғатын факторлар:
• стресс, симпатико-адреналды жүйенің шектен тыс белсенуі (қан құрамында норадреналин деңгейі жоғарлап, аритмогенді әсер тудыруы);
• ЖИА (инфарктқа ұшыраған миокардта қозу үрдістерінің бұзылыстары);
• токсикалық факторлар (алкоголь, кокаин) немесе кейбір дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері (дигоксин);
• туа біткен даму аномалиялары (қосымша өткізгіш жолдар);
• қан құрамындағы электролитттер тепе-теңдігінің бұзылыстары (гипокалиемия);
• қабыну аурулары (миокардит, перикардит) және жүрек ісіктері;
Патогенез: Жүйкелік гуморальдық реттеу мен зат алмасу бұзылысы нәтижесінде кардиомиоциттерде электролиттердің алмасуы бұзылады. Кардиомиоциттерде май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипазаның артық әсерленуі үлкен бүліністерге әкеледі. Сарколемма, митохондрий мембрана бұзылыстарынан дамиды. Нәтижесінде диастолалық деполяризация өзгеріп, тездетіліп, әрекеттік потенциалдың азаюы болады. Содан жүрек аритмиясы дамиды.