ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ФЕСТИВАЛІ
http://assembly.kz/kk/news/kazakstan-halky-assambleyasy-etnomdeni-birlestikterinin-beybitshilik-pen-kelisimnin-25-zhyly
2016 жылы 9 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» фестивалі болып өтті.
Фестивальді ашарда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, қоғамда бірлестікті, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, мемлекетті дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен рөлін атап көрсетті, сондай-ақ корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе беру туралы өзінің шешімін жариялады.
Фестиваль барысында ҚХА-ның жалпыреспубликалық жобалары: балаларға мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Мың бала» жобасы мен «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясының қорытындылары шығарылды.
Фестиваль шеңберінде этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби шығармашылық ұжымдарының театрлық, вокалды-хореографиялық қойылымдары мен би композицияларынан тұратын, этномәдени бірлестіктердің «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» театрландырылған көрсетілімі қойылды.
Онда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық институтының бірегейлігі, қоғамның үйлесімді дамуының халықаралық эталоны ретінде танылған Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделі көрініс тапқан.
Қойылымдарды көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің 47 шығармашылық ұжымы қатысқан.
Іс-шараға Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық облыстардан келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенді мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, шығармашыл ұжымдар, ғылым, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, студенттер мен БАҚ қатысты.
Фестивальге қатысушылар мен келген қонақтардың жалпы саны 10 000 адамнан асты.
* * *
Анықтама үшін:
Фестиваль бағдарламасы:
Вокалдық-хореографиялық композиция «ӨЗ ЕЛІМ» (384 қатысушы);
Музыкалық-аспаптық увертюра «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ КЕЛБЕТІ» (131 қатысушы);
Театрлық-хореографиялық қойылым «ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ», ҚХА-ның «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» қайырымдылық акциясына қатысушылардың салтанатты шеруі (600 қатысушы);
Театрландырылған қойылым «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҚЫТЫ ҮШІН МЫҢ АЛҒЫС!» (285 қатысушы);
Вокалдық номер «ҚАЗАҚСТАН, СЕН МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕСІҢ!» (249 қатысушы);
Балалардың вокалдық-хореографиялық қойылымы «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» (450 қатысушы);
Голографиялық экранда проекциялауды пайдалана отырып, қойылған «БАЛҚАДИША – ҒАСЫРЛАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ» вокалдық номері (59 қатысушы);
Жас спортшылардың өнер көрсетуімен ұштасқан вокалдық номер «ЕЛ ЖАЛАУЫ ҰЛЫ ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ!» (370 қатысушы);
Хореографиялық композиция «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢ ШАҢЫРАҒЫ» (745 қатысушы);
Вокалдық-хореографиялық композиция «АТАМЕКЕН» (1500 қатысушы).
ФЕСТИВАЛЬ ЭТНОКУЛЬТУРНЫХ ОБЪЕДИНЕНИЙ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА «25 ЛЕТ МИРА И СОГЛАСИЯ»
http://assembly.kz/ru/news/festival-etnokulturnyh-obedineniy-assamblei-naroda-kazahstana-25-let-mira-i-soglasiya
9 декабря 2016 года в велотреке «Сарыарка» г.Астана с участием Первого Президента Республики Казахстан, Лидера нации, Председателя Ассамблеи народа Казахстана, Нурсултана Абишевича Назарбаева состоялся Фестиваль этнокультурных объединений АНК «25 лет Мира и Согласия», посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан.
Открывая Фестиваль, Глава государства поздравил народ Казахстана с 25-летием Независимости, отметил значение и роль Ассамблеи народа Казахстана в обеспечении единства, согласия и стабильности в обществе, развитии государства, а также объявил о своем решении присвоить академический статус корейскому, немецкому и уйгурскому национальным театрам.
В ходе фестиваля подведены итоги общереспубликанских проектов АНК: по обучению детей государственному языку «Мың бала» и республиканской благотворительной акции «Караван милосердия».
В рамках фестиваля состоялось театрально-художественное представление этнокультурных объединений «25 лет Мира и Согласия», включающее театральные, вокально-хореографические постановки и танцевальные композиции самодеятельных и профессиональных творческих коллективов этнокультурных объединений.
В них отражены исторические достижения Казахстана за годы Независимости, уникальность общенародного института Ассамблеи народа Казахстана, модель общественного согласия и общенационального единства Н.А. Назарбаева, признанная международным эталоном гармоничного развития общества.
В постановках было задействовано 47 творческих коллективов этнокультурных объединений Ассамблеи народа Казахстана.
В мероприятии приняли участие члены и ветераны Ассамблеи, руководители и активисты республиканских и региональных этнокультурных объединений из всех регионов, депутаты Парламента, руководители центральных государственных органов, политических партий, религиозных объединений, НПО, ректора ВУЗов, дипломатические миссии иностранных государств, творческие коллективы, представители научной, творческой интеллигенции, студенческая молодежь и СМИ.
Всего участниками и гостями Фестиваля стали
более 10 000 человек.
* * *
Справочно:
Программа Фестиваля:
Вокально-хореографическая композиция «ӨЗ ЕЛІМ» (384 участника);
Музыкально-инструментальная увертюра «МУЗЫКАЛЬНАЯ ПАЛИТРА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ» (131 участник);
Театрально-хореографическая постановка «ЗЕМЛЯ КАЗАХСТАНА», торжественное шествие участников благотворительной акции АНК «КАРАВАН МИЛОСЕРДИЯ» (600 участников);
Театрализованная постановка «БЛАГОДАРИМ ЗА СЧАСТЬЕ ТВОРИТЬ!» (285 участников);
Вокальный номер «ВО МНЕ ЖИВЕШЬ ТЫ, КАЗАХСТАН!» (249 участников);
Детская вокально-хореографическая постановка «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» (450 участников);
Вокальный номер с использованием проекции на голографическом экране «БАЛҚАДИША - ЭХО СТОЛЕТИЙ» (59 участников);
Вокальный номер с показательными выступлениями молодых спортсменов «ПОД ФЛАГОМ СТРАНЫ, К ВЕЛИКИМ ПОБЕДАМ!» (370 участников);
Хореографическая композиция «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢ ШАҢЫРАҒЫ» (745 участников);
Вокально-хореографическая композиция «АТАМЕКЕН» (1500 участников).
ОФИЦИАЛЬНАЯ СТРАНИЦА АНК НА FACEBOOK.COM
Достарыңызбен бөлісу: |