Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру
Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.
Қарым-қатынас түрлері манипу- лятивтік тікелей вербал- ды емес вербалды жеке іскер жанама Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі. Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады: 1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру; 2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интонациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі; 3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі дыбыстар. Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7%-ын - сөздер, 40%-ын - дыбыстар, 53%-ын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
1. Кинестика – адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
а) Мимика – бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
ә) Жестика – дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
б) Пантомимика – дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді;
2. Таксика – қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
3. Проксемика – қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Ресми-рөлдік қарым-қатынас Манипулятивті қарым-қатынас Ауқатты қауым қарым-қатынасы