9-дәріс Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынас түрлері, қызметтері



бет2/4
Дата19.11.2022
өлшемі2,63 Mb.
#158937
1   2   3   4
Байланысты:
9 дәріс

Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру
Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.
Қарым-қатынас түрлері
манипу- лятивтік
тікелей
вербал-
ды емес
вербалды
жеке
іскер
жанама
Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:
1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;
2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интонациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі;
3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі дыбыстар.
Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7%-ын - сөздер, 40%-ын - дыбыстар, 53%-ын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
1. Кинестика – адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
а) Мимика – бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
ә) Жестика – дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
б) Пантомимика – дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді;
2. Таксика – қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
3. Проксемика – қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Ресми-рөлдік қарым-қатынас
Манипулятивті қарым-қатынас
Ауқатты қауым қарым-қатынасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет