9-дәріс Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынас түрлері, қызметтері



бет3/4
Дата19.11.2022
өлшемі2,63 Mb.
#158937
1   2   3   4
Байланысты:
9 дәріс
«àçàñòàííû àç³ðã³ çàìàíû òàðèõû» ïí³ îàìäû òàðèõè ñàíàí 2 (1)
Кәсіби қарым-қатынас
Маскалар байланысы
Қарапайым қарым-қатынас
Рухани қарым-қатынас
Қарым-қатынас түрлері
Маскалар байланысы - ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл – басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы.
Қарапайым қарым-қатынас - басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау, мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі
Ресми-рөлдік қарым-қатынаста қарым-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті.
Кәсіби қарым-қатынаста тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады.
Рухани қарым-қатынас - достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бір-бірін жақсы білуі арқылы орнайды.
Манипулятивті қарым-қатынас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т.б. арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады.
Ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә) келісушілік; б) ашық мінезділік, мейірімділік.
Қарым-қатынас формалары
Тікелей қарым-қатынас
    • Табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет