Оқу мен оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану



Дата18.03.2017
өлшемі246,86 Kb.
#12012

Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану.


 
Сілтемелер: Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мақсаты: Мектеп ұстаздарын курс Бағдарламасымен таныстыру, оқытудың 7 модулі туралы түсінік бере отырып, оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету.

Міндеттері: - оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып, жаңа білімді игеру;
- Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың әртүрлі ұстанымдармен алмасуға ықпал ету;
- Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылардың құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуы.

Оқытудың нәтижесі: Сабақ соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылуы


Сабақтың әдіс - тәсілдері Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Күтілетін нәтиже Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.
Ресурстар н/е құрал - жабдықтар Интерактивті тақта, бейнеслайдтар.
Бірлескен жұмыстарға негізделген тәсіл 1 - «Алтын топ ережесін» құру;
2 - Сергіту сәті;
3 - Ой бөлісу, пікір алмасу.
Коучинг сабағының жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі(сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу).
II. Мұғалімдерді түрлі - түсті стикерлер арқылы 3 - топқа бөлу.
III. Мұғалімдердің өзін - өзі таныстыруы.
IV. Алтын топ ережесі, топтық жұмыстың маңызы мен талаптары.
V. Сергіту сәті.(«Қызыл өрік» биі).
VI. Постер қорғау(Акула балығы)
VII. VIII. Мұғалімдердің рефлексиясы.
VIII. Екі жұлдыз, бір тілек.


Коучинг сабағының тақырыбы:

Сабақ үрдісінде топтық жұмыс жүргізудің тиімділігі.

Жалпы мақсаты

-Топтық жұмыстарды ұйымдастыру  - оқушылардың бірлескен оқуын қалыптастырудың құралы екендігін түсіндіру.

-Топтық жұмыс түрлерін меңгерте отырып, мұғалімдедің тәжірибесін жетілдіру.



Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды;

-сабаққа дайындалу деңгейі артады;

 - оқу үдерісін қызықты етеді;

 -шығармашылық деңгейі шыңдалады;

   -оқушының терең білім алуына  көмектеседі;

   -бірлескен оқуды ұйымдастырудың  мәнін түсінеді. 

    -мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде топтық жұмысты  тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Сабақтағы топтық жұмыс түрлері мұғалімдерге оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектеседі.

Кіріспе:

 

 



 

 

 



 

Негізгі бөлім:

 

 



 

 

 



1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалімдер шаттық шеңберіне шақырып «Жұптасу» тренгі ойнатылады. Шарты: мұғалімдер жұптасады бір-біріне педагогикалық ұстанымы, проблемалық тақырыбы оны шешу жолдарында қолданатын әдістері туралы айтады.

1,2 сандарын санап топқа бөлінеді.

   Көрсетілім. Топтық жұмыс түрлері туралы  презентация.Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес,анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алу керек. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтетіндігін жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізетіндігін білулері қажет.

Топтағы оқушылардың саны  оқушылар арасындағы сонымен   қатар оқушылармен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қаитамсыз етуі тиіс.Топтың көлемі мен саны теңдікте орнату тиіс,Мысалы көптеген шағын топтарда немесе жұптарда шектеулі уақытты тиімді жұмыс істей алады. Белгілі топтарда тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет. Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талдауға уақыт беру керек.сабақ  аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс түрлері жайлы және оның нәтижелері жайлы бағаланып, қортынды жасау керек.

 

Практикалық жұмыс.

І топ. «Топта жұмыс істеу ережелері» постер қорғау

 

 ІІ топ.  «Шағын топтарда талқылау жүргізудегі мұғалімнің рөлі»        постер қорғау



 

 Әзірленуге – 10 минут; қорғауға – 5 минут

 

Екі топ бірін-бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс  арқылы бағалайды.

 

Сергіту сәті. Ырғақты әнге жаттығулар жасау.

 


Қорытынды.  Рефлексия.

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?

 

 

 



 





Коучинг сессия жоспары

Коучинг сессия жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық  және топтық жұмысты  ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты Мұғалімдердіңтоптықжұмыстыңережелерітуралыойларыннақтылау.

Ынтымақтастықжәнетоптықжұмыстыұйымдастырутуралыпікірлерінкеңейту

Оқу нәтижелері : Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу   жүйесін меңгеріп,өзсабақтарындапайдалану.Өзсабақтарындағы осы уақытқадейінгіжүргізгентоптықжұмыстуралыпікірлеріменкерібайланысорнатады. Мұғалімдердіңтоптықжұмысқадегенкөзқарасыөзгереді. 

Негізгі идеялар : Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Мектепте 7 модуль аясында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.

Жаттығулар

 

 



 

 

Рефлексия 10минут 1.Тренинг «Жақсытілек – жанжылуы» Мұғалімдер ортаға шақырылып, бір-біріне жақсы тілек айтады.



2. топқа бөлу (Молекулалар) Музыка әуенімен билеп жүріп, коуч 1,2,3,4 сандарын айтып тұрады сол кезде музыка әуені тоқтаған кезде бір-бірін ұстап қалады. Сол бойынша топқа бөлінеді.

2. Бейнеролик қарау («Тышқандар әрекеті») - 5 мин.

3.Тақырыпты анықтату, сессия мақсатын тапқызу

4.Топтың алтын ережесін жаздыру(жеке,жұппен.топпен). 5.«Интерактивтіоқыту» сөзіне  ассоциация құру 3 мин

6.Интерактивтіоқытутуралымәтінтарату.

7. Түртіп алу  (INSERT ) әдісі арқылы мәтінді белгілету.

8. Жеке,жұппен, топпен талдау 10 минут

9. Әр топ жұмыстарын презентация арқылы қорғайды бірін -бірі толықтырады

 

 

 



 

 

 INSERT



 Талдау

 

 Сөз сөйлеу



 

Интерактивті оқыту туралы ойларын ассоциацияда толықтыру.

 

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Топтық жұмыста:



1. Инсерт тәсілі арқылы " Интерактивті  оқыту  туралы  топта талдау"

Кері байланыс Интерактивті оқыту, топтық жұмыс туралы ойларын  стикерлермен «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау

Дереккөздер: www.cpm.kz

Оқуғаарналғантапсырма: Интерактивтіоқытутуралы  5 жолдытұжырымдамажазу

 

 

Коучинг сессияның тақырыбы Класс жетекшілік қызметтің  жауапкершілігі туралы ойды нақтылау.



 

Ортақ мақсаты Әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқуда класс жетекшілік қызметтің жауапкершілігі  туралы кәсіби пікір алмасу;

Оқытудың нәтижесі • Класс жетекшілердің қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, тәрбие жұмысының  тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді. 

• Класс жетекшілердің   өзара  кәсіби жұмысқа деген көзқарасы өзгереді. 

• Ата-аналармен, оқушылармен, пән мұғалімдерімен  тығыз қарым-қатынасты  жетілдіру үшін  тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсетеді;

• Класс жетекшілердің қызметтегі жауапкершілігі мен мектептің  дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады

Негізгі ой Класс жетекшілік қызметті жауапкершілікпен ұйымдастыру, оқушының өміріне оң ықпал етуде алатын орны  туралы

Жаттығулар 1.Тренинг « Шаттық шеңбері» 

2. Әріптестерді топқа бөлу (пәндік терминдерге байланысты  топтастыру)

3. «Класс жетекші» сөзіне  ассоциация құру

4. РАТАЦИЯ әдісі бойынша 4 топта сұрақтарды талдау

• Мектеп дәлізінде ілулі тұрған  ереженің мақсаты нені көздейді?

• Класс жетекшінің  апталық циклограммасына, бір ай бойы атқаратын  міндеті мен қызметіне  не жатады?

• Класс жетекшілік қызметтің  жауапкершілігін қалай түсінесіздер?

• Класс  оқушыларының  дамуына қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

Класс жетекшілер жеке, жұппен,топпен ойларын постерге түсіреді.

Мәтіндерде жазылған материалдармен танысады,  ойларын толықтырады, 

5. Презентация «Класс жетекші» сөзіне жазылған ассоциацияны толықтырады Мұғалімдер постерлерге жазылған ойларын қорғайды.

Рефлексия Класс жетекшілік қызметтің  жауапкершілігі туралы  ойлары  мен  ұсыныстары  туралы стикерлермен «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау

Дереккөздер:

www.cpm.kz

 

 



 

                                                                       Коучинг сессия жоспары

Сабақтың тақырыбы Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті қалыптастыру

Ортақ мақсат Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру; Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру.

Оқытудың нәтижесі Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін  жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді. 

Ата-аналардың балаларымен  әңгімелесу арқылы баланы ашуға деген көзқарасы өзгереді. 

Ата-аналардың балалармен   тығыз қарым-қатынасы  жетілдіру үшін  тиімділігін қамтамасыз етуде ата-аналарға  көмек көрсетеді;

ата-аналар мен балалардың  қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады;

Негізгі ой Ата-аналармен мектеп қарым-қатынасын нығайтуды ұйымдастыру  туралы

Жаттығулар 1.Тренинг « Шаттық шеңбері» 

 Дөңгеленіп тұрайы

Керегені құрайық

 Уықтар боп иіліп

 Шаңыраққа киіліп

 Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық.Мына үлгі бойынша. Менің атым Назия.Наздай қылығым бар намысшыл, нағыз нақ сүйердің өзімін.  Сіз ше?  Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық

2. топқа бөлу (әке, ана, бала, ұстаз туралы өлең жолдар.айту)

 3. «Бала» сөзіне  ассоциация құру

4. РАТАЦИЯ әдісі бойынша 4 топта сұрақтарды талдау

• Ата- ананың міндетіне не жатады?

• Үлгілі ата-анаға тән қандай қасиеттер бар?

• Баланың   дамуына қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

• Балаларыңызға  уақытыңызды қалай бөлесіз?

5. Презентация 

Жағдаятарды талдау

 «Ана туралы  монолог» бейнежазба көрсету

   «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

Талдау


 

 Сөз сөйлеу

 

Рефлексия Ата-аналармен өткізілген коучингтің өткізілуі  туралы  ойлары  мен  ұсыныстары  туралы стикерлермен «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау



Дереккөздер:

www.cpm.kz

 

 

Коучинг сессия жоспары



Сабақтың тақырыбы: Заман талабына сай білім берудің бағыттарының тиімділігі

 

Сабақтың мақсаты : Оқыту мен оқудағы жаңа   ұғымдарды   меңгерту  және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау.Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. 7 модулді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



 

Оқу нәтижелері : 7 модулді пайдалану арқылы оқу үдерістерін  жақсартуға  жағдай   жасайтынын  түсіну.  

 

Негізгі идеялар : 7 модулді  пайдалану  мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп,   танымдық  және метатанымдық  қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.



 

Жаттығулар: Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері» оқу жылынан бастап  қол жеткен жетістіктерін айтады

 От,Су,Күн,Ай суреттері арқылы топқа бөлу.

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.

 (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)

1.Миға шабуыл Ассоциация

Жеке жұмыс заман талабына сай білім берудің  бағыттары бойынша топта жоба жасайды

1 топ «Мінсіз оқушы»

2 топ «Мінсіз ұстаз»

3 топ «Мінсіз мектеп»

4 топ «Мінсіз сабақ»

Тренинг: Өзіңді таны

2. Жасалған жоба бойынша SWOT талдау жасайды.

Презентациялау.

4. Рефлексия. Бейне жазба: "Әлем өзгереді, бізде өзгереміз" осы бейне жазбаны қарай отырып, эссе жазғызу. Автор орындығы.

 

Бірлескен  жұмысқа негізделген тәсіл: Педагогикалық   және  мазмұндық  білім. Топпен бірлесіп  берілген  тапсырмалар бойынша шығармашылықпен  үлгі жасау.



Постермен жұмыс. Топпен презентация.

 

Дереккөздер: Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін



Оқуға арналған  тапсырма: 7 модулдің  тиімділігі .

 

Коучинг сессия жоспары



Сабақтың тақырыбы: Оқудағы көшбасшылықтың маңызы

 

Сабақтың мақсаты : Оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың мәнін  қабылдауға мүмкіндік жасау. Көшбасшылыққа жету жолдары туралы тарихи оқиғаларымен  өздігімен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Оқу нәтижелері : Кәсіби даму барысында  көшбасшылықтың  мұғалімдер әлеуетін көтеруге ықпал ететінін түсінуі

Негізгі идеялар : Көшбасшылық арқылы оқудың  жоғары мәдениетті деңгейін көтеру.

Жаттығулар: Тренинг «»

1,2,3,4 сандарына сәйкес  топқа бөлу

 «Шыңғысхан» сөзіне ассоциация жасайды.

М.Шахановтың «Отырар дастаны»  өлеңін  оқыту

Ассоциацияны толықтыру арқылы  коучингтің тақырыбы пен мақсатын анықтату.

«Бағытталған оқу» стратегиясы арқылы «Қар адам» әңгімесін оқу.

Шыңғыс хан киносынан үзінді көрсету арқылы жаңа туған баланың көшбасшылыққа бейімділігін анықтату.

1-топ    РАФТ жазу.                                                                                                                                                     2-топ    Эссе жазу.                                                                                                                                                         3-топ    Газет шығару.                                                                                                                                                                                                                                                   4-топ    «Отырар дастанынан» көрініс көрсету

 Шыңғысханның  көшбасшылық қабілетіне баға беру. 

 Бүгінгі сабақтағы көшбасшылықты анықтау. 

 ХІІІғасыр мен ХХІ ғасыр көшбасшысын  венн диаграммасымен салыстыру.

 

 



Бірлескен  жұмысқа негізделген тәсіл: Педагогикалық   және  мазмұндық  білім. Топпен бірлесіп  берілген  тапсырмалар бойынша шығармашылықпен  жұмыстану.

Постермен жұмыс. Топпен презентация.

 

Дереккөздер:



Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін

 

 



Оқуға арналған  тапсырма: «Оқытуды басқару және көшбасшылық» мұғалімге арналған нұсқаулық

 

Коучинг сессия жоспары



Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық  - коммуникациялық  технологияларды  (АКТ)   пайдалану.

Сабақтың мақсаты : АКТ    туралы  ғылыми  ұғымдарды   түсіндіру және оларды қабылдау.Компьютермен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру.АКТ -ны пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері : АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін  жақсартуға  жағдай   жасайтынын  түсіну.  

 

Негізгі идеялар : АКТ   пайдалану  мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп,   танымдық  және метатанымдық  қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.



 

Жаттығулар: 1. Тренинг: "Билайн, актив, теле2" (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)

2.Бейне жазба: АКТ - ны пайдалану.

3. АКТ- ның пайдасы туралы мәтін.

Мәтінді ЖИГСО әдісімен талдау. Презентация.

Тренинг: Шыршамен билеу.

4.Компьютермен жұмыс. 3-слайд жасап презентациялау.

1- топ: Құттықтау парағы

2- топ: Жарнама жасау

3- топ: Мақтау қағазы

Презентациялау.

4. Рефлексия. Бейне жазба: "Әлемді 20 жылдан кейін қалай елестетесің" осы бейне жазбаны қарай отырып, эссе жазғызу. Автор орындығы.

Бірлескен  жұмысқа негізделген тәсіл: Технологиялық , педагогикалық   және  мазмұндық  білім. Топпен бірлесіп, компьютерде слайд жасау.

Постермен жұмыс. Топпен презентация.

Дереккөздер:

Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін

 

Оқуға арналған  тапсырма: АКТ  тиімділігі .



Коучинг сессия жоспары

Коучинг сессиясының тақырыбы: Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдары.

Сілтеме:      Мұғалімге арналған нұсқаулық.

үлестірмелі материалдар.

бейнесюжеттер . “  Менің атым Қожа” фильмінен үзінді.

Мақсаты: Қазақстандағы  мұғалімдердің  білім саласын  дамытуда  Кембридж  университетінің бағдарламасы  аясында  қалыптасқан талантты  және дарынды  оқушыларды оқыту  тәжірибесін қолдану арқылы  оқу үдерісінің даму деңгейін  қалыптастыру.  Әдіскер ұстаздар арқылы қала мектептеріне іс- тәжірибе тарату.

Оқыту нәтижесі: 1. Талантты және дарынды  оқушыларды анықтау, дарынын әрі қарай жетілдіру  жолдары.

Талантты баланың оқуына ықпал жасау.

Талантты балалардың бойында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу барысындағы психолог пен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық

Негізгі (түйінді)  идеялар: Талантты және  дарынды   балалардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген  білім беру ортасын құру. Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.

 

Тапсырмалар: Тапсырманың сипаты



Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер

Түрлі- түсті фигуралар  таңдау арқылы топқа бөлу, жағымды атмосфера орнату.

1 тапсырма: Бейнесюжет көрсету /ақын бала Жамбыл; шахматшы Жансая /

- Жамбыл мен  Жансаядай оқушының  дарынын әрі қарай жетілдіру үшін қандай қолдау көрсетер едіңіз?

Мінсіз оқушының қасиеттері. Үлестірме материалдар арқылы ұстаздардың пікірін анықтау.

Дамыған елдердегі мінсіз оқушының ерекшелігін көрсету

Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.

 

Ротация. 



2 - тапсырма: Дарынды және талантты баланың сипаты. Ассоциация жасату  арқылы анықтау.

“Менің атым Қожа” фильмінен үзінді көрсету.

Сіздіңше, Қожа қандай бала? Қожаның болашағын қалай елестетер едіңіз?

3- тапсырма.  Сұлтан секілді оқушылардың шырағын жаға алып жүрсіз бе,  әлде..... топтық жұмы

постер ге түсіру

 

Эссе  немесе хат.



 

4-тапсырма: Венн диаграмасы.

« Дарынды баланың болашақ тағдыры ұстаздың қолында ма

Рефлексия

1. Бүгінгі  сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен қорытындылайды. 5 мин

Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге  жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді.

топтық жұмыс

 

 



 

Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақта

 

 

Коучинг сессия жоспары



Сабақтың тақырыбы:   Таланты және дарынды балаларды оқыту. Инклюзивті  оқыту.

 

Сабақтың мақсаты : Жаңа заман талабына сай  оқыту әдісін  өзгертудің  ақиқаттығын   түсіндіру.



  Инклюзивті оқытудың ерекшелігін әріптестерге  ұғындыру.

 

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,50-57 бет



Оқу нәтижелері : Жаңа оқыту әдістемесі бойынша талантты және дарынды балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірге  оқыту қажеттілігін мұғалімдердің есіне сала отырып, әрбір  оқушы бойында бір-біріне деген құрмет,достық,сыйластық секілді адами құндылықтарды қалыптастыра білу мұғалімнің міндеті екендігіне олардың  көзін жеткізу. 

Негізгі идеялар : Талантты және дарынды оқушыны анықтау кімнің еншісі екендігін пікірлесе отырып анықтау.           Инклюзивті мектептің қарапайым мектептен айырмашылығын түсіндіру. 

 

Жаттығулар: 1. Тренинг «Мен өзіме және басқаларға тілеймін»



2.Топтастыру.

3. . Бейне жазба көрсету.(талантты бала)

4. . Ротация жасату. 

1. Талантты және дарынды бала, ол кім?

2. Таланттың көзін ашатын тек мұғалім бе, әлде.....

3.Сіз талантты оқушымен қандай жұмыс түрлерін жүргізіп жүрсіз?

5.  “Инклюзив”сөзіне ассоциация жасату.

6 “Танец”видеосын көрсету.

7.Инсерт.Инклюзия туралы мәтін.Топ  бойынша  талдау .

Бірлескен  жұмысқа негізделген тәсіл:

  Жеке,жұппен,топпен ротация әдісі арқылысұрақтарға жауап іздеу.   Әр  қатысушы өз  көргендерін және білгендерінен  нәтиже  жасап , талқылау  және  жазу. Жұппен және  топпен   талқылау.Рафт әдісін қолдану.Эссе жазу.

Қажетті  құралдар:

Стикерлер , қаламдар , плакаттар 

Оқуға арналған  тапсырма: Мұғалімге арналған  нұсқаулық .

 

Коучинг сессия жоспары



Сабақтың тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары. 

Сабақтың мақсаты : Ақпараттық құзіреттілігі дамыған,сыни ойлау тұрғысынан жаңа,тың шешімдер қабылдай білетін ұрпақ тәрбиелеуге дайын мұғалімдер қауымдастығын құру.

 

Оқу нәтижелері : Мұғалім – оқушы  әлеуметтік  өзара    әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай  қарым –қатынастың мүмкіндіктерін  қалай кеңейтуге болатынын түсіну.Мұғалім-оқу үдерісін басқарушы,оқушы-белсенді ізденушіге айналатындай жағдай жасау.



 

Негізгі идеялар : Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технологияларды сабақта күнделікті қолдана білуге дағдыландыру.

 

Жаттығулар: 1.Би терапиясы.Әріптестермен би билеу сәті.



2.Топқа бөліну,орналасу сәті.

3.Жеребе бойынша мемлекет аттары жазылған қағаздарды алып,топ ішінде дайындалу.

4.Әр топтан ортаға шығып,өз мемлекеттерімен таныстыру.

5.Спартандық бала туралы мәтін таратып беру.

6.Кубизм әдісі бойынша әр топқа тапсырма беру.

7.Постер қорғау.

Бірлескен  жұмысқа негізделген тәсіл:

Топпен жұмыла жұмыс істеу,”миға шабуыл”.Кубиктің қырлары секілді әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар орындау.Эссе,бес жолды өлең жазу.

Дереккөздер:

Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар.

 

Оқуға арналған  тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық.



Коучинг сессия жоспары

 

Коучинг сессиясының тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары.



Сілтеме:      Мұғалімге арналған нұсқаулық.

үлестірмелі материалдар.

бейнесюжеттер .

Мақсаты: Қазақстандағы  мұғалімдердің  білім саласын  дамытуда  Кембридж  университетінің бағдарламасы  аясында  қалыптасқан оқытудағы жаңа тәсілдерді  өз   тәжірибесінде қолдану арқылы  оқу үдерісінің даму деңгейін  қалыптастыру. Күнделікті сабақты жоспарлау барысында қажетті     критерийлерді  меңгертуге ықпал ету. Топпен ынтымақтаса ықпалды жұмыс жасауға дағдыландыру..

Оқыту нәтижесі: Оқыту процесін ұйымдастыру барысында   кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу мақсатында психолог пен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық.  Оқытудың жеті модулін сабақ барысына кірістіре білуге бағыт беру

Негізгі (түйінді)  идеялар: Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады.

Тапсырмалар: Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер

Түрлі- түсті фигуралар  таңдау арқылы топқа бөлу, жағымды атмосфера орнату

Сергіту сәті. Жайлы музыкаға билеп,көңіл көтеру     сәті.     2.Тренинг.Жұмсақ ойыншықты қолдан- қолға өткізіп, музыкамен сүйемелдеу, музыка тоқтаған сәтте ойыншық қолында қалған адамға 3 сұрақ қою.  

  3.Топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлу.

  4.Ой сергек. Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 

 9-қабаттан төменге лифтімен түседі екен де,жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге? ( себебі, ол лилипут екен).     5.Соңғы 100 жылда пайда болған ғылым мен техникадағы жаңалықтарды атаңыз, әр топ бір жаңалықты алып,3 пайдалы, 3 зиянды жағын жазып шығуы керек.    6. Мәтін таратып беру. Әр топқа тапсырма беру.

1-топ.Білу, түсіну.Шығарманың авторы кім? Бұл аударма ма, әлде төл туындысы ма? Мысалдың қандай ерекшелігі бар?

2-топ.Қолдану. Қозы құтылуы үшін не істеуі керек еді?

3-топ.Талдау.Қасқыр неге жауыз? Қозының орнында болсаң не істер едің?

4-топ. Жинақтау.” Айлалы батыр алдырмас ” дегенге қосыласыз ба? Қозыны қалай құтқарар едіңіз?

5-топ. Бағалау. Қасқыр- жауыздықтың, ашкөздіктің, жыртқыштықтың жиынтық образы

Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.

 

 



Блум таксономиясы

Рефлексия

1.Бүгінгі  сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен қорытындылайды. 5 мин

Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге  жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді.

 

топтық жұмыс



 

Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақта

 

Коучинг сессия жоспары



 

Коучинг сессиясының тақырыбы: Блум таксономиясы арқылы   М. Мақатаевтың  “  Аққулар ұйықтағанда” поэмасын оқыту.

Сілтеме:      Мұғалімге арналған нұсқаулық.

үлестірмелі материалдар.

бейнесюжеттер . “Аққу  ” күйі, “  Аққу- арман”  әні

Мақсаты: Қазақстандағы  мұғалімдердің  білім саласын  дамытуда  Кембридж  университетінің бағдарламасы  аясында  қалыптасқан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы  оқу үдерісінің даму деңгейін  қалыптастыру.  Шебер класс мүшелері    арқылы қала мектептеріне іс- тәжірибе тарату.

Оқыту нәтижесі: Топтықжұмыстардыжүргізеотырып, жырдыңтақырыбын , идеясынанықтайды,  бастыкейіпкерлердіңіс- әрекетінебағабереді. Ананыңбаласыүшін неге болса да дайынекендігінекөзжеткізеді. Диалогарқылыауызекітіліндамытадыжәнемақсат пен күтілетіннәтижегесәйкесбағалауәдістерінтиімдіжүзегеасыруарқылысынитұрғыдаойлайбіледі, ақпараттықтехнологиялардыөздеңгейіндепайдалануғаикемдейді.

Негізгі (түйінді)  идеялар: Оқушылардың    деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген  білім беру ортасын құру. Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.

Тапсырмалар: 

1. Білу. Шығарма авторы кім? Шығарманың жанры қандай?   

2. Түсіну. Шығарманың идеясы не? Кейіпкерлерге мінездеме бер.

3. Қолдану. Ананыңорнындаболсаң, не істередің?

4. Жинақтау. Ананың әрекетін құптайсың ба?

5. Талдау. Қалайойлайсың, егеранааққудыатпағандабаласытіріқалармаеді?

6. Бағалау. Сіздіңойыңызша, анажауыздықтың, қатігездіктіңжиынтықбейнесіме, әлде...                 Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер

« Жіпорамы»  тренингібойынша топ мүшелеріжұптасады да, бір- біріне 3 түрлісұраққояды, сұрақтарқарапайымнанкүрделігеқарайқойылуыкерек, жүргізушіжіпорамынқолынаорайды да әріптесінтаныстырады, әріқарайжалғасабереді, соңынанжүргізушігежіпайналыпкелгенкездебарлық топ мүшелерібірденегеайналады, яғни, болашақта осы топ мүшелерібірлесежұмысжасайдыдегенсенімпайдаболады

Қатысушылар   топқа  бөлінеді.( Мұқағали, аққу, өзенсуреттерібойыншатопқабөліну. )

 

Сабақтың мақсатын мұғалімдер өздері шығарады



1-топ.  Білу,

2- топ. Түсіну.

3-топ. Қолдану.

4-топ.  Талдау.   

5-топ. Жинақтау.

6-топ. Бағалау. 

Ортаға шығып постер қорғайды

Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.

 

 

Блум таксономиясы



топтық жұмыс

 

постер ге түсіру .



 

Эссе  немесе хат.

 

Рефлексия



2. Бүгінгі  сабақты «Екі жұлдыз, бір тіле» әдісімен қорытындылайды. 5 мин

Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге  жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді топтық жұмыс



 

Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақт





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет