Қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп жіберді.
Екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Қарым-қатынас түрі Ата-ана позициясы Жазалайтын – бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады
Бағатын - қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді.
Бала позициясы Тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді.
Тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.
Қарым-қатынастың трансактілі анализі Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұстанып, өзара әрекеттесу бірлігі.
Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:
Бала.
Ата-ана.
Ересек адам.
Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып отырады. Адамның жүріс-тұрысында 3 позицияның біреуі басым болуы мүмкін.