Мақсаты: 1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
I. Өмірге риза болып, алғыс айт. - Қайырлы күн, балалар!
- Көңіл күйлеріңіз қалай!
- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!
-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.
- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.
- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.
Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.
- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.
Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.
Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".
-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.