Сабақ: Фотосуретке арналған фоторамка жасау. Мектеп: Күні : Көркем еңбек



бет1/3
Дата26.11.2023
өлшемі0,74 Mb.
#193569
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
қмж көркем еңбек рамка


Бекітемін:

САБАҚ: Фотосуретке арналған фоторамка жасау.

Мектеп:

Күні :
Көркем еңбек

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан саны:

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Фотосуретке арналған фоторамка жасау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Сабақтың мақсаты

  • Батиктің өлшемі бойынша рамка жасау туралы білім меңгерту;

  • Рамка жасау;

  • Өзінің жұмыстарын рамкаға салып әсемдеу.

Жетістік критерийлері

1.Барлық оқушы:Батиктің өлшемі бойынша рамка жасау туралы білімді меңгереді.
2.Оқушылардың басым бөлігі: Рамка жасай алады.
3.Кейбір оқушылар: Өзінің жұмысын рамкаға салып әсемдей алады.

Құндылықтарды дарыту

  • Мәңгілік Ел” стратегиясы: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу. Сыйластық , имандылық, кішіпейілділік,салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық.

  • Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

  • Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

  • Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.

  • Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері, қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук , интербелсенді тақта, тақта, оқулық, таратпа қағаз.
Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

  • Оқушылар картиналарды әсемдеудің тәсілдерін біледі.

  • Парафиннің физикалық қасиетін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
1 кезең
5 минут
Білу.
Сабақтың ортасы
2 кезең
Түсіну.
10 мин

Қолдану.

20 минут


Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеріп өту.
Тренинг: «Гүлмен тілек»(сергіту және топқа біріктіру)
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім әр түрлі гүлдердің бір қиындысын береді. Берілен гүлдердерді біріктіре отырып топ құрады.

  1. Топ: раушан

  2. Топ: қызғалдақ

  3. Топ: жауқазын


Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Үй тапсырмасын сауалнама арқылы тексеру:

  • Батик деп нені айтады?

  • Батиктың түрлері қандай?

  • Рамка деген не?

  • Батикке қандай рамка жасауға болады?

  • Бұйымға қойылатын талаптар қандай?

Қалыптастырушы бағалау; Оқушыларды бағдаршам түстерімен бағалау.


Жaңa сaбaқты aшу.
Видео көрсетілім жіберу. 
Жаңа сабаққа байланысты видео көрсетіледі. 
Фоторамканың шығу тарихы бойынша қысқаша мағлұмат беру. Фоторамка тарихы суреттер рамкасынан бастау алады. Алғашқы суретке түсірушілер суреттерді сақтауды сурет салушылардан үйренген. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені фотосурет бұл да өнер, соның ішінде сурет өнеріне ең жақыны. Алғашқы рамалар он бесінші ғасырда пайда болып, ерекшеленбеген, эстетикалық тұрғыдан көмкерілген алтын жолақтар арқылы багеттерде, қазіргі заманғы картиналарда пайдаланылған. ХҮІ ғасырға таман бейненің қабылдауын күшейту мақсатында, рамканың периметрі ішіне енген сайын баспалдақ тәрізді болып құрастырылды. Барокко дәуірінде рамкалар суретен бөлек мүсіндермен, бай жазулармен көмкерілетін болған. Рамкаларда жүзім түрлері, өрілген гүлдер, ер балалардың кішкене мүсіндері бейнеленген. Он тоғызыншы ғасырда кейбір суретшілер рамкаларды бөлек туынды ретінде қарап, оларды безендіруге ерекше көңіл бөлген. Жиырмасыншы ғасырда рамалар фотосуреттерді көркемдеуге пайдаланып, әдемілеуге көп көңіл бөлген жоқ. Олардың көбісі тік, қырлы, бұрышты болып келді. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында цифрлық технология белең алып, фотография жасау мерзімі қысқартылып, цифрлік фотография пайда болды. Электронды сақтауға болатын цифрлік рамкалар пайда болды. Цифрлік фоторамкалардан бұрын, цифрлік фотоларды бұрын Джордж Истмен Кодак болашақ Еаstman Kodak компаниясының іргетасын қалады.
Слайд «Рамка түрлері, жасау технологиясы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет