1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата анаға, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым қатынастарын дамыту


Атам-ақыл бағбаным, Ағам-қамқор,асқарым



бет3/4
Дата08.04.2022
өлшемі17,01 Kb.
#138447
1   2   3   4
Байланысты:
Алғыс айту
Кванттык механика Тапсырма 07-08, Кванттык механика Тапсырма 03-04, 1 музыка, Ахмет, Документ
Атам-ақыл бағбаным, Ағам-қамқор,асқарым,
Әжем-асыл ардағым. Інім-мөлдір аспаным.
Әкем- өмір тірегім, Қарындасым-қанатым
Анам-күнім,жүрегім. Биіктерге қонатын!
Ал енді балалар қазір біз шағын жағдаяттарға қарай көрініс қоятын боламыз. Ол үшін әр қатардан оқушылар тақтаға шығып, өздері тандап алған көріністі көрсететі.
1. 1-топ. Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау; ( мұғалім мен оқушы)
2-топ. Ағалы- қарындас туыстардың үйге келген
қонақтарды күтіп алу сәтінсахналау;
(екі қонақ ,қыз және ұл бала)
3-топ. “Ұландар” тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.
Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.
(Балалардың ойларын ортаға салу.)
1. Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.
2. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.
3. Тілін алып, кішінің де кәрінің
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің
Үлкендердің айтқан сөзін тыңдауды
Әдептілік белгісі деп таныдым.
4. Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге сіз деген
Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Әдеппенен үлкенге
Сәлемдесіп жол берем.
5. Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.
Міне, балалар отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет