№9 дәріс. Келіссөздер жүргізудің негізгі стратегиялары және әдіс-тәсілдері



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі283,18 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 дәріс
педагогика, osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz
«соңғы сәтте талап қою» әдісі 
де өте ұқсас. Оның мәні: келіссөздер аяқталуға жақындап
келісімге 
қол қою уақыты келгенде тараптардың бірі жаңа талаптар қояды. 
Өйткені олардың әріптестері алдын ала қол жеткізілген келісімдер 
нәтижесіне өте мүдделі болғандықтан жаңа жеңілдіктер жасауға 
мәжбүр болады.
__ 
Әрине бұл әдістерді қолдану барысында келіссӛздердің үзілуіне 
әкелетін ӛзіндік қауіп те жоқ емес. 
«Артып отыратын талаптар қою» 
әдісінің негізгі мәні: 
әріптестердің 
ұсынылған ұстаныммен келіскендігіне қол жеткізген 
сайын жаңадан тағы да талаптар кӛлемін ӛсіріп отырады. 
М. Лебедеваның еңбегінде келесідей саяси оқиға келтірілген: 
я
ғни, «артып отыратын талаптар қою» 
әдісі Мальта премьер- 
министрінің Ұлыбританиямен Мальта аумағында әуе және теңіз 
базаларын орналастыру туралы 1971 жылғы келіссӛздері кезінде 
қолданылған. Келіссӛздер аяқталып, келісімге қол қою ғана қалған 
кезде Мальта үкіметі 10 миллион фунт стерлинг тӛлеу туралы 
талап етті. Ағылшындар бұл талапты қабылдап, ақшаны тӛлеуге 
келісім бергенде Мальта премьер-министрі келісімнің жарамдылық 
мерзімі бойына мальталық докерлер мен жұмысшыларды ағылшын 
базаларында жұмыспен қамтамасыз ету туралы жаңа талаптар 
қойды. Бұл талаптарға келіспеген жағдайда ағылшындарға қарсы 


елдермен келісімге келетіндігін алға тартуы, нәтижесінде екіжақты 
келісімге келумен аяқталған болатын. 
Әріптестердің бір-бірінен жеңілдік жасауды талап етуде ұзаққа 
созылған және әбден зеріктірген тайталастық келіссӛздерінен 
кейін де ымыраға келуі мүмкін. Мұндай келіссӛздерден соң әр 
әріптестерде келесі келіссӛздерге қатысты жағымсыз пікір қалады. 
Саудаласу әдістері мүдделер тепе-теңдігін бұзады және тараптар 
теңсіз шешімдер түріне тап болады. Кейбір кездері кездейсоқ 
жайттар да шешуші әсерге ие болады, мысалы, әлсіз әріптестердің 
табандылығы, ашық қатаңдылығы. Нәтижесінде қуатты әріптестерде 
қанағаттанбаушылық сезім қалады, мүмкін келешекте келіссӛздер 
алаңында сол тұлғалардың қайта кездесуі де ғажап емес. Тәжірибелі 
саясаткерлер мен дипломаттар қандай сәттерде қатаң саудаласу 
әдістерін қолдану қажеттілігін жақсы біледі. Мысалы, тараптар 
келіссӛздердің жалғастығын қаламаған жағдайда, келісімге қол 
қою келіссӛздің негізгі мақсаты болып табылмағанда, қуаттылығын 
насихаттағысы келгенде, саяси ойынның бәсекесі тым жоғары 
болғанда – «барлығы немесе ештеңе», әріптесіңіз ӛте әлсіз болған 
сәттерде, жаман атаққа ілінуден қаймықпаған жағдайда қатаң 
саудаласу да жиі кездеседі. 
Халықаралық келіссӛздерде қатаң саудаласудың баламасы 
ретінде «жұмсақ саудаласу» тұжырымдамасы ұсынылды. Оның 
авторы ретінде Ч. Осгуд «жұмсақ саудаласу» стратегиясының нәтижесінде 
үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын алға тартты. 
Бұл стратегияны қолданғанда ең бастысы жағдайды шиеленістірмей 
келісімге келу. Кейбір сәттерде тараптар бір-біріне оңайлықпен 
жол беріп, қарама-қайшылық туғызуы мүмкін күрделі мәселелерді 
қозғамауға тырысады. Бұл стратегияның жұмсақтық белгісі 
қатынастарды 


қалыптастыру мен сақтаудың маңыздылығын атап ӛтуінде. 
Дегенмен, саудаласу жұмсақтық нұсқада болғанымен де 
ӛзіндік жағымсыз реңін байқатады, ӛйткені қатынастарды сақтап 
қалу мақсатында біреулері ұтылады, біреулері табысқа ие болады. 
Сондай-ақ қатысушы тараптар саудаласуды бастағанда-ақ ӛздерін 
нақтылы бір ұстанымдармен шырмап тастауының нәтижесінде 
сол күйден шыға қоюлары оңай бола қоймайды. Басты назар 
ұстанымдарға ауған сайын тараптардың негізгі мүдделері назардан 
тыс қала береді. Келісімге жету мүмкіндігі де азая түседі. Кез келген 
қол жеткізілген келісім тараптардың заңды мүдделерін ескерген 
бастапқы шешімдерінен гӛрі мәреге жеткендегі ұстанымдардың 
ымырашылдығының 
айнасы 
іспеттес 
болады. 
Нәтижесінде 
тараптардың 
толық кӛңілінен шығатындай келісім бола қоймайды. 
Ал кӛпжақты келіссӛздерде саудаласудың нәтижесінде бірлескен 
келісімдерге келу үрдісі тіпті күрделі. 
Жалпы жұмсақ саудаласудың нәтижелі аяқталуы ӛте сирек: 
мұндай мүмкіндік қатысушы тараптар әлдеқайда ұзақ уақыт бойы 
берік қарым-қатынастар орнатқан болса, саяси әріптестер ӛзара 
жеңілдіктерге келіскен жағдайда, екі тарап та кез келген бір мәрте 
пайдадан, қарым-қатынастарды дамыту әлдеқайда маңызды деп 
есептегенде ғана мүмкін болады. 
ХХ ғасырдың 70-жылдары саудаласудың баламасы ретінде 
келісімге келудің әріптестік жолы қолданысқа еніп тез дами 
түсті. Қолдаушылары Р. Фишер және У. Юри болды. Америкалық 
зерттеушілер Г. Райфф, Р. Аксельрод, Р. Фишер және У. Юри 
қолданысқа 
«қағидалы» келіссӛздер ұғымын енгізді. Осы ұғымды 
алға тартқан Р. Фишер мен У. Юридің «Келісімге барар жол немесе 


жеңіліссіз келіссӛздер» еңбегі 30-дан астам елде жарық кӛрді. 
Келіссӛздер жүргізу тәжірибесінде таза саудаласу не таза 
әріптестік арқылы келген келісім жоқ десек те болады, ол екеуі де 
бір уақытта қолданылады. Қақтығыс кезінде тараптар оқ жаудыруды 
тоқтатуда саудаласуды жүзеге асырса, болашақ ынтымақтастық 
жобаны құрастыруда кӛбінесе, келісімге келудің әріптестік жолы 
қолданылады. 
Р. Фишер мен У. Юри үш стратегияны жан-жақты сараптап, 
нақтылы сипаттама берген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет