Дайындаған:Мұрасбек Нұрсая ХТОВ-20қ/б Тексерген:Қалауова.А
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
Химиялық байланыс. Валенттік байланыс әдісі. - Химиялық байланыс көбіне атомдардың аяқталмаған энергетикалық дейгейлерінде орналасқан электрондардың, яғни атомдардың валенттік электрондардың қатысуы нәтижесінде түзіледі.
- Химиялық әрекет нәтижесінде атомдардың энергетикалық деңгейлері аяқталуға тырысады, яғни октет түзуге ұмтылады.
- s- және p- элементтерінде химиялық байланыс түзуде сыртқы энергетикалық деңгейде орналасқан электрондар қатысады, ал d- элементтерді сыртқы қабаттағы s- орбитальда орналасқан электрондармен қатар, ішкі қабатта орналасқан d- электрондар да қатысады. Екі немесе одан да көп атомдар бір-біріне жақындағанда жүйенің энергиясы кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы төмендегенде химиялық байланыс түзіледі.
Химиялық байланыс төмендегі жағдайда түзіледі: - электрондардың ядро айналасында қозғалыс нәтижесінде;
2) ядролардың арасы жақындағанда және ядролар арасындағы теріс зарядталған бӛлшектердің тығыздығы артқанда; 3) ядролар арасында арақашықтық төмендегенде; 4) толық энергия төмендегенде. . Химиялық байланыс мына түсініктермен сипатталады: - байланыс ұзындығы;
2) валенттік бұрыш; 3) байланыс энергиясы. Ковалентті байланыс - Коваленттік байланыс - атомдардың жұптаспаған электрондарының жұптасып, ортақ электрондар жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс.
- Екі атом бір-біріне жақындағанда коваленттік байланыс түзіледі, себебі электрондардың жұптасуы энергетикалық тиімді болады. Бір-бір электронды екі сутек атомдары бір-біріне жақындағанда төрт түрлі әрекет болуы ықтимал:
- 1) электрондардың бір-бірінен тебісуі;
- 2) протондардың бір-бірінен тебісуі;
- 3) бір атом ішіндегі протон мен электрон арасындағы тартылыс;
- 4) екі атом арасындағы протон мен электрон арасындағы тартылыс;
Ковалентті байланыс
Полюсті
Полюссіз
Донорлы акцепторлық байланыс Донорлы-акцепторлық байланыс ковалентті сыртқы қабатындағы жұп электрондардың жұптасуы нәтижесінде түзіледі. Қарама-қарсы зарядталған бӛлшектердің электростатикалық күштер арқылы бір-біріне тартылу нәтижесінде түзілген байланысты иондық байланыс деп атайды. Иондар жай және күрделі болады. Иондық байланыс қанықпаған болады, яғни, оң немесе теріс зарядталған иондарға қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің түрлі саны және түрлі бағытта бағытталуы мүмкін.
Иондық байланыс
Металдық байланыс Металдық байланыс деп электрстатикалық тартылу нәтижесінде металл иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады. Сутектік байланыс! Сутектік байланыс полюсті молекулалар құрамында сутек (Н) атомдары және атом немесе радикал бар молекулалар арасында электростатикалық күштер әсерінен сутектік байланыс түзіледі. Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы байланысады. Байланыстың бұл түрі табиғатта өте кең тараған.Сутектік байланыс әр түрлі зат, бір түрлі зат молекулалары арасында, типті бір молекуланың ішіндегі атомдар арасынды болады. Валенттік байланыс теориясы және молекулалық орбитальдар теориясы Валенттік байланыс (ВБ) теориясының негізінде Льюистің химиялық байланыс түзу көзқарастары жатады. Оның көзқарасы бойынша химиялық байланысты екі атоммен ортақталған жұп электроны түзеді. Кейіннен ВБ теориясын әрі қарай дамытуда Гейтлер, Лондон, Слейтер, Полинг өз үлестерін қосқан. Валенттік байланыс теориясы кез-келген молекула дискретті химиялық байланыс түзу қағидасына негізделеді. Теория бойынша барлық байланыстар оқшауланған. Бұл байланыс моделін екі орталық - екі электрон деп атайды. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі - валенттік байланыс теориясы тұрғысынан орбитальдардың кеңістікте бағытталуын модельді түрде сипаттау үшін гибридтену әдісі ұсынылған. Қарастырылған орбитальдарды гибридтенген деп атайды. Оларды атомдық орбитальдарды сияқты байланыстыратын орбитальдарды құрастыру үшін қолданады.
Гибридтену атомдық орбитальдардың энергиясы ӛзара жақын болғанда мүмкін болады. Гибридтенген орбитальдардың табиғаты мына жағдайларға байланысты: 1) гибридтенген орбитальдар түзетін орбитальдардың табиғатына; 2) әр орбитальдың гибридті орбиталь түзуіне қосатын үлесіне; 3) түзілетін гибридті орбитальдардың саны осы орбитальдарды түзетін атомдық орбитальдар санына тең болады 1. Бас квант сандары бірдей бір s- орбиталь мен бір р- орбиталь гибридтенгенде жаңа екі орбиталь түзіледі.
2. Бір s- орбиталь мен екі р- атомдық орбитальдар гибридтенгенде үш ұқсас орбиталь түзіледі, олар бір кеңістікте үшбұрыш түзеді, бұл гибридтенуді sp 2 - гибридтену деп атайды.
3. Бір s- орбиталь мен үш р- орбитальдар гибридтенгенде тӛрт гибридтенген атомдық орбитальдар түзіледі, оны sp 3 - гибридтену деп атайды. Тӛрт гибридтенген атомдық орбитальдар тетраэдр шыңына бағытталады.
Молекулярлық орбитальдар теориясы - Молекулярлық орбитальдар теориясы (МОТ) химиялық байланысты екі орталықты екі электронды деп қарастырмайды. Молекуланы көп ядролық деп қарастырады, себебі әрекет бірнеше ядролар арасында жүреді және оны делокализацияланады деп есептейді. Молекулярлық орбиталь әдісі бойынша электрондар молекула ішінде біртекті таралады, яғни делокализацияланады. Молекулярлық орбитальдар атомдық орбитальдардың комбинациясы.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |