Математика сабақтарында оқушылардың білімін тексерудің формалары мен әдістері. Бағалау түрлері.
9-дәріс Оқушылардың білімін тексерудің формалары мен әдістері Оқушылардың математикадан алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру. Білім іскерлік және машықтарды тексеру-математиканы оқытудың маңызды бөлігі. Мақсаты әрбір оқушының және барлық кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау. Білім тексеруге қойылатын талаптар. Әділдігі. Жүйелілігі. Оқушының жеке ерекшелігі. Ауызша тексеру. Математикалық диктант. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді программалап тексеру. Емтихан
Оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру және бақылау – сыныптардағы оқу процесінің ажыратылмайтын құрама бөлігі.
Математика сабақтарында, басқа сабақтардағыдай, оқу процесінің қай кезеңінде пайдаланып отырғандығына қарай, тексеру жұмысы негізінен үш түрде жүргізіледі.
Алдын-ала тексеру оқу жылының басында немесе жаңа тақырыпты оқып үйренудің алдында жүргізіледі. Оның міндеті – оқушылар жаңа материалды оқып үйренуге дайын ба, соны айқындау.
Күнделікті тексеру оқу жұмысының барысында ұйымдастырылады.
Ол – мұғалісге жаңа материалды меңгерудің барысы қандай екенін, оқушылардың бәрі бірдей жұмысқа кірісті ме, жоқ па, оларға қандай қиыншылықтар кездесті, соны тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тұста мұғалім өзін де тексереді: өзінің жұмысын қаншалықты табысты өткізіп жүргенін, оның математиканы оқытуда қолданып жүрген әдістемелік әдістерінің қаншалықты дұрыс және тиімді екенін. Тексеру нәтижелеріне сәйкес мұғалім не жаңа тақырыпты оқып үйренуге кірісе алады, не оқу процесіне қажетті өзгерістер мен түзетулер жасай алады.
Қорытындылаушы тексеру тақырыпты, бөлімді оқып үйрену соңында, не тоқсан, не оқу жылының аяғында жүргізіледі.. Оның міндеті – оқыту нәтижелерін айқындау, оқушылардың алған білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының сапасын тексеру.
Оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеруін тексерудегі негізгі әдістер ауызша сұрау және оқушылардың жазбаша жұмыстары болып табылады.