9-дәріс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет3/13
Дата22.12.2021
өлшемі79,28 Kb.
#127565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
9-д ріс. Психологиялы -медициналы -педагогикалы с йемелдеу

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзыреттілігіне сипаттама беріңіз

2. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалім мүмкіндігі шектеулі бала туралы не білуі қажет

10 –дәріс. Инклюзивті білім беру жағдайында арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психолог, логопед, арнайы педагог (олигофренопедагога, сурдопедагога, тифлопедагога)



Психологиялық- педагогикалық қолдау- педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады:

- оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;

- тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;

- зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды;

- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларын жасайды;

- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;

- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;

- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;

- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.

ППҚК мамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына енгізіледі. Олардың педагогикалық кеңестің жұмысына қатысуы оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында мамандар жоспарлы түрде мұғалімдерді оқытудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, жеке және сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады.

Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады:

а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;

б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;

в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерттеу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;

г) командалық жұмыс негізінде:



  • ЕБҚ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;

  • бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды болжайды;

  • білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және баланың;

  • қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу.

Мектептің ағымдағы жағдайын талдау мен бағалауды мектеп әкімшілігі және ППҚК мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. Сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді қолдану [23]

-ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары бар балаларды анықтау.

Мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау. Мектеп әкімшілігі инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, оқушыларды оқыту қиындықтарының көріністері мен себептері, оқытудың бейімдік әдістері, оқушыларға жеке әдістер технологиялары, жеке және қысқартылған оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері туралы педагогтардың ақпараттарын арттыруға бағытталып, ұйымдастыруы тиіс.Кәсіби дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстарға, конференцияларға және т.б. іс-шараларға педагогтардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

Мектеп қауымдастығын дайындау мектеп әкімшілігі мен ППҚК мамандарының педагогикалық ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала және ағымдағы жұмысын болжайды. Әңгіме, семинарлар, дидактикалық ойындар, әлеуметтік роликтерді қарау, кинофильмдерді, мақалаларды, кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады [24].

Одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу қосымша ресурстар ретінде мектеп әкімшілігі, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары жүзеге асырады. Мұндай әріптестер арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары (ПМПК, ППКК, арнайы мектептер), ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханалар; жоғары оқу орындары; қоғамдық ұйымдар; ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының ұйымдары, басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалар бола алады.

Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялық-педагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты.

Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылуларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. Мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді. Әрі қарай орта немесе жоғарғы буында зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін.

Мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. Бұған ПМПК тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінез-құлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар балалар жатады.

Мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде мектеп логопедіне жіберіледі.

Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді.

Психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсетіледі. Сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. Психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. Сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі.

Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет