9-дәріс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу



бет4/13
Дата22.12.2021
өлшемі79,28 Kb.
#127565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
9-д ріс. Психологиялы -медициналы -педагогикалы с йемелдеу

9) Педагог-ассистентің көмегі.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет болады. Жеке көмекшінің қызметінеі екі функция кіреді:

а) балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші тұлғаның функциясы;

б) сыныптағы оқу жұмысына көмек көрсету мақсатында педагог-ассистентің функциясы.

Қолдау көрсетуші тұлға кеңістікте өздігінен қозғалмайтын немесе қозғалуы шектеулі (тұрақты көмек талап етіледі), көру кемістігі бар балалардың оқуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.Ол балаларға мектеп, сынып бойынша орын ауыстыруға (қозғалуға), өзіне-өзі қызмет көрсетуге; тамақтануға; оқу құралдарын пайдалануға көмектеседі және басқа да қызметтерді орындауға себепкер болады. Бұл функцияларды орындау жоғары педагогикалық және психологиялық білімді талап етпейді.

Балалардың бір бөлігінде қозғалыс бұзылыстарының күрделілігіне байланысты қорғау режимін құру қажеттілігі туындайды: баланың құлап кетуіне, соғылуына және т. б. жол бермеу. Әдетте мұндай жағдайлар қоңырау үзілісінде, балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасы мен дене байланысы болатын жағдайларда болады. Мұндай жағдайда өздігімен қозғала алатын балаларға педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды, себебі ол оқушының күзетшісі немесе күтушісі қызметін атқармайды.

Мұндай балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып жетекшісі құруы қажет.Мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей отырып, оларды қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне тәрбиелейді. Мұндай оқушының мектептегі(асхана, коридор және т.б.) қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл көкірекше) жүзеге асырылады. Мұндай баланы кездестірген кезде кез келген мұғалім немесе оқушы сақтық танытып, көмек болған жағдайда қол ұшын береді.

Жақын арада ҚР БҒМ Жалпы білім беретін мектептерінің үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізуді жоспарлауда. Педагог-ассистентоқу процесіне өздігімен қатыса алмайтын мінез-құлық, эмоционалдық және коммуникативтік бұзылымдары бар (АСБ және т.б.) оқушыларға көмек көрсетеді. Қолдау көрсетуді талап ететін мінез-құлық және эмоциялық проблемаларға мыналар жатады:

- баланың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін орындауға қабілетсіздігі: партада отыра алмайтын, тұрып, сынып ішінде жүретін; мұғалімнің ескертулерін, талаптарын орындай алмайтын (елемейді);

- мұғалімнің талаптары мен нұсқаулықтарын қиын түсініп және қабылдайтын; белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін мұғалімнің үнемі жекелік көмегін және қолдауын қажет ететін балалар;

- сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау қиындықтары: баланың өзі сынып жұмысына қосылмайды және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды;

- мінез-құлық және эмоциялық ерекшеліктері: дауыстап сөйлейді, себепсіз күлкі, айқайлап, жылап, басқа балаларға және сынып жұмысына кедергі келтіреді, мұғалімге агрессия көрсетеді.

Педагог-ассистент оқушыға оқу процесіне енуге көмектеседі, ұйымдастырады, бағыттайды, жағымсыз мінез-құлықты, эмоциялық және мінез-құлқындағы теріс әрекеттерінің алдын алады. Ол баланың мінез-құлқына бақылай отырып, өз бетінше оқу дағдыларын меңгеруге үйретеді, әрі қарай баланың өзі жасайтын жұмыстарын дербес орындауға қолдау көрсетеді. Жеке көмекші қолдауды төмендету барысында жұмыс атқаруы қажет. Жекелік қолдаудың негізгі және соңғы мақсаты - баланың сыныптағы және мектептегі толықтай дербестігі. Оқушыға жеке қолдау көрсетуде ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі:

- толық қолдау көрсету – ассистенттің оқушымен бір партада отыруы;

- біртіндеп алшақтату – оқушы партада, ал ассистент оқушыға бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады. Кейінен ассистент тек бөлектенген сабақтарға ғана қатысуына болады;

- сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз партада өзі отырады.

Мінез-құлқында проблемалары жоқ зиятының, есту, сөйлеу және т.б. бұзылымдары бар балаларға (арнайы қозғалыс құралдарының көмегімен қозғалатындардан басқа) педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды.

Мінез-құлқында ерекшелігі бар баламен жұмыс жасауда педагог-ассистенттің арнайы дайындығы болуы қажет (психология және арнайы педагогикалық жоғары білімі негізінде).

Психикалық және дене дамуы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға педагог-ассистент қызметін ұсыну ПМПК ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Мектептің қолдау қызметі өз шешімімен жеңіл мінез-құлық проблемалары мен сыныптағы жұмысқа бейімделудің қиындықтары бар балаларға бір тоқсанға педагог-ассистент қызметін ұсына алады. Егер де мұндай көмек алдағы уақытта да көрсетілу қажет болса, онда баланың ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін ПМПК қорытындысын алуға бағыттау қажет.



10) Әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагог көмегінің қажеттілігін ӘПКК анықтайды. Әлеуметтік педагог лауазымдық міндеттері мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының балаларына көмек көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет