Ядролық қару – уран және плутоний изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезіндегі тізбектелген реакцияларға немесе сутегі(декйтрий, тритий) изотоптарының жеңіл ядролары мен гелий изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезінднгі термоядролық реакцияларға негізделген жаппай қырып-жою ұаруы.
Ядролық қарудың негізгі зақымдаушы факторлары:
соққы толқыны;
жарық сәулесі;
өткіш радиация;
жарлыс орнының радиобелсенді заттармен залалдануы;
электромагниттік импульс.
Соққы толқыны - бұл жарлыс ошағының дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен барлық бағытта тарайтын, кенеттен қысылған ауа қозғалысы.
Ядролық қарудың қуаты (q) тротилды эквивалентпен өлшенеді, демек белгілі бір мөлшердегі жарылғыш зат тротил жарылғанда қанша энергия бөлінсе, қуаты сол мөлшердегі ядролық қару жарылғанда сонша энергия бөлініп шығады.
Тротилды эквивалент тоннамен, килотоннамен, мегатоннамен белгіленеді.
Соғу толқынының фронтындағы артық қысым дегеніміз – соғу толқынының фронтындағы максималды қысым мен қалыпты атмосфералық қысымның айырмасына тең.
Артық қысымның бірлігі – паскаль (Па) немесе бір сантиметр квадрат ауданға түсетін килограммен өлшенетін күш (кгк/см2).
Ядролық зақымдану ошақтары шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді: толық, күшті, орташа және әлсіз
Ядролық зақымдану ошағының мөлшері жарылыстың қуатына, түріне, жер бедеріне, құрылыстың сипатына, ауа райы жағдайларына байланысты болады.
Толық бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысым 50 және одан көп болғанда пайда болады. Толық бүліну аймағы бүкіл зақымдану аймағының 12%-ін құрайды.
Бұл аймақта тұрғын үйлер, өнеркәсіп ғимараттары, радиациядан қорғайтын баспаналар толығымен бүлінеді, жарылыс центрінің айналасындағы жер асты комунальды – энергетикалық торлар зақымдалынады.
Іздестіру – құтқару жұмыстары өте қиын жағдайда жүргізіледі. Баспаналарды үйінділерден тазартып, ішіндегі адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіледі. Ең бірінші кезекте баспанаға ауа жіберіледі. Мұнда өрт болмайды, тек үйінділерде тұтанып, бықсып жану байқалады.
Күшті бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 50-ден 30 кПа-ға дейінгі аралығында пайда болады. Бүкіл зақымдану ошағының 10%-ін құрайды.
Жер бетіндегі ғимараттар мен құрылыстар күшті бүлінуге ұшырайды. Баспаналар және жер асты комунальды – энергетикалық торлар сақталады. Ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуінен жергілікті үйінділер пайда болады.
Халықтың қорғалмаған бөлігі бірталай шығынға ұшырайды. Адамдар үйінділер астында қалуы мүмкін немесе жарақаттар, орта дәрежелі күйіктер алуы мүмкін.
Жарық шығарудан тегіс өрт аймақтары пайда болады. Негізгі жүргізілетін іздестіру-құтқару жұмыстары:
- үйінділерден тазарту;
- өрттерді өшіру;
- үйінділер астында қалған баспаналардағы, радиацияға қарсы баспаналардағы адамдарды құтқару
Орташа бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 30-дан 20 кПА-ға дейінгі аралықта пайда болады. Бүкіл зақымдану ошағының 18%-ін құрайды. Ағаштан салынған ғимараттар күшті және толық бүлінуге ұшырайды, тастан салынған ғимараттар орташа және әлсіз бүлінуге ұшырайды. Баспаналар, радиацияға қарсы баспаналар толығымен сақталады, көшелерде жекеленген үйінділер пайда болады.
Халықтың қорғалмаған бөлігі жаппай санитарлық шығындарға ұшырайды. Жарық импульсының әсерінен жаппай өрттер пайда болады.
Негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары: өрттерді өшіру, бүлінген және жанып жатқан ғимараттардан адамдарды құтқару.
Әлсіз бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 20-дан 10 кПа-ға дейінгі аралықта пайда болды. Бүкіл зақымдану ошағының 60%-ін құрайды.
Бұл аймақта ғимараттар мен құрылыстар әлсіз бүлінуге ұшырайды. Жарық импульсының әсерінен жекеленген өрттер пайда болады, адамдар жеңіл жарақаттар алады.
Негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары: өрттерді өшіру, бүлінген және өртенген ғимараттар бөліктерінен адамдарды құтқару.
Жарық сәулесі – спектрдің ультракүлгін, инфрақызыл аймақтарындағы және көрінетін көрінетін оптикалық жиіліктегі электромагниттік сәулелену.
Жарық сәулесінің зақымдау қабілетін анықтайтын негізгі көрсеткіш – жарық импульсі.
Жарық импульсы – жарық энергия мөлшерінің сол жарық түскен беттің ауданына қатынасы. Бет жарық таралу бағытына перпендикуляр орналасқан.
Жарық импульсының бірлігі – бір квадрат метр бетті жарықтандыратын, джоульмен өлшенетін энергия, джоуль/м2 немесе кал/с2.
Құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында, өрт аймақтары мынандай аймақтарға бөлінеді:
үйінділерде тұтанып жану U≥2000 кДж/м2;
тегіс өрт аймағы U=2000-800 кДж/м2;
жекеленген өрт аймағы U=800-100 кДж/м2
Жарық сәулесінің адамға әсері, ол – дененің ашық бөліктерін күйік шалу, көрмей қалу немесе көз қабыршықтарын күйдіру.
Күйіктке ауырлығы бойынша төрт дәрежеге бөлінеді.
Бірінші дәрежелі күйікте тері қызарады, ашып ауырады, үлбіреген ісіктер шығады.
Екінші дәрежелі күйік теріде көпіршіктердің түзілуімен сипатталады.
Үшінші дәрежелі күйік терінің жансыздануымен сипатталады.
Төртінші дәрежелі күйік терінің және теріасты клеткаларының ісінуімен сипатталады.
Иондағыш сәулелер
Достарыңызбен бөлісу: |