9-дәріс Соғыс кезінде туындайтын төтенше жағдайлар


Дозалар жөнінде түсінік және олардың өлшеу бірліктері



бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі69 Kb.
#123857
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 9

Дозалар жөнінде түсінік және олардың өлшеу бірліктері
Адам ағзасы иондағыш сәулелерді жұтады және сәулелену дәрежесі жұтылған энергияның мөлшеріне байланысты болады.
Сәулелердің жұтылу энергиясын сипаттау үшін ,жұтылу дозасы деген түсінік енгізілген.
Жұтылған доза дегеніміз сәулеленуге ұшыраған заттың бірлік массасына жұтылған энергия мөлшерін айтады. Жұтылғант дозаның халқаралық СИ системасындағы өлшеу бірлігі – Грей (Гр)
Гр = 1Дж/кг
Жұтылған дозаны бағалау үшін, системаға кірмейтін бірлік рад қолданылады:
1рад = 0,01Дж/кг 1Гр = 100рад
Рад біршама үлкен бірлік, сондықтан сәулелену дозасы әдетте радтың жүздік (сантирад), мыңдық (миллирад)
Және миллиондық (микрорад) бірліктермен белгіленеді.
Жұмыс және тұрғын бөлмелердегі, жер-жерлердегі немесе гамма сәулелеріне қатысты радиациялық жағдайларға баға беру үшін экспозициялық сәулелену дозасын пайдаланады. Экспозициялық дозаның Си систеасындағы бірлігі Кулон/кг, Кл/кг. Практика жүзінде системаға кірмейтін бірлік рентген (Р) қолданылады.
1Р =2,58*10-4 Кл/кг
Жұтылған 1рад дозаға экспозициялық доза 1Р сәйкес келед 1рад = 1Р
Рентген – гамма сәулелері 1см3 құрғақ ауаға жұтылғанда (қалыпты жағдайда) 2,083 миллиард жұп иондар түзіледі және олардың әрқайсысының заряды электрон зарядына тең болады.
1Р=2.58*10-4 Кл/кг
Тірі ағзалар сәулеленуге ұшырағанда жұтылу дозалары бірдей болғанымен, биологиялық әсерлері әр түрлі болады, және бұл сәулелену түрлеріне байланысты (альфа, бета, гамма) түсіндіріледі. Сондықтан кез келген иондағыш сәулелердің тудырған биологиялық әсерлерін рентген және гамма сәулелері тудырған әсерлермен салыстыру қабылданған, яғни эквивалентті доза туралы түсінік енгізілген. Си системасындағы бірлігі Зиверт (Зв). Системаға кірмейтін бірлік – сәуле шығарудың экспозициялық дозасы – бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті)
К – сәуле шығарудың сапалық коэффициенті, бағаланып отырған сәуле түрінің биологиялық тұрғыдан (жұтылу дозалары бірдей) ренген және гамма сәулелерімен салыстырғандақанша есе қауіпті екенін көрсетеді.
Ренген және гамма сәулелері үшін К=1
Сонымен эквивалентті доза жұтылған доза мен сапалық коэффициенттің көбейтіндісі арқылы анықталады
Дэкв.= Д жұтылу * К
Ренген және гамма сәулелеріне қатысты алғанда 1Р=1рад =1бэр
Сәуле аурулары. Бір реттік сәулелену кезінде адам ағзасы экспозициялық дозаға байланысты сәуле ауруларына ұшырайды.Сәулелену төрт түрге бөлінеді.
Бірінші дәрежелі сәулелену (жеңіл) Д= 100-200р
2- дәрежелі (орташа) Д= 200-400р
3- дәрежелі (ауыр) Д= 400-600р
4- дәрежелі (аса ауыр) Д> 400-600р
Бір реттік сәулелену дегеніміз – алғашқы төрт күннің ішінде алатын дозаны айтады.
Бір реттік сәулелену дегеніміз – төрт күннен артық уақыт ішінде алатын дозаны айтады.
Бір реттік сәулелену 25-75р қауіпсіз деп есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет