Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды. 2.Қарама-қарсы сұрақтар:
ІІ. Қисын сұрақтар (30)
Бірінші дүниежүзілік соғыста қандай әскери блоктар арасында қақтығыс болды? – Үштік Одақ (Германия, Австро-Венгрия, Италия) – Антанта (Франция, Англия, Ресей)
1907-1912 жылдарында Столыпин реформасы бойынша Қазақстанға Ресейден қанша адам әкеліп қоныстандырылды? – 2 млн 400 мың адам
Патша жарлығы бойынша қара жұмысқа Түркістан мен Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді? – 500 мыңнан астам
Соғыс кезінде кім айтқан: «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М.Дулатұлы)
1916ж. 23 тамызда А.Куропаткиннің құпия бұйрығы қандай? – қара жұмысқа шақырудан босатылды: сұлтандар, имамдар, тағы басқа жоғары лауазымды
Ақмола облысында қанша қазы сайланды? – 4
Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған кім? – Б.Әшекеев
Либерал демократтар өкіметке патша Жарлығына байланысты қандай ұсыныс жабады: қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды
Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың өкілдерін ата: Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев
Жетісу генерал-губернаторы М.А.Фольбаум қандай әрекет жасады? – жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастырды
Каркара жәрмеңкесін 1916 жылы тамызда 10 мыңнан астам көтерілісші басып алды (5 мыңнан)
«Қазақ» газетінде Ә.Бөкейхановтың қандай мақаласы басылды? – «Тағы соғыс»
Әбдіғафар Жанбосынов қай бидің немересі болған? – Орта жүздің ықпалды биі Нияздың
1916 ж. көтерілістің Торғайдағы басшысы – бас сардарбек А.Иманов
А.Имановтың әскери кеңесшісі – Ә.Жангелдин
1916ж. қыркүйекте Торғай уезіндегі көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетті
Амангелдінің серігі, атақты мерген: Кейкі батыр
Доғал-Үрпек түбіндегі ұрыс немен аяқталды – көтерілісшілердің жеңілісімен
1916ж. көтерілістің негізгі екі орталығы – Торғай мен Жетісу облыстары
Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі Жәмеңке Мәмбетовтың тағдыры қандай болды? – абақтыға қамалып өлтірілді
1916ж. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халықтың саны – 238 мың адам
«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазған тұлға (А.Байтұрсынұлы)
1916ж. көтерілісшілер қатарында шайқасқан кәсіпкердің қызы – Софья Вербицкая
1916ж. Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны қаншаға кеміді? – жарты миллионға
Торғайда көтерілісшілерді соғыс өнеріне үйреткен – Никита Кротов
Қарқарадағы көтерілісшілердің шағын тобын ұйымдастырған – Е.Курев
«Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарған публицист – С.Ужгин
IV Мемлекеттік Думаның мінберінен кім Патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің әкімшілігін сынға алған? – А.Ф.Керенский
1916ж. қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала – Торғай
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей үшін шаруашылықта не болып ерекшеленді? – шикізат өңдейтін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке
|