Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз. Мақсаты



Дата23.03.2018
өлшемі34,58 Kb.
#39424
Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз.

Мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға құмарландыру.

Көрнекіліктер:

  1. Үлкен кітап макеті, ішінде кітап туралы мақала, оқушылар шығармалары, мақал- мәтелдер жaзылған, жұмбақтар беріледі.

  2. Нақыл сөздер жазу.

    • «Кітап- ақылды қуаттандыратын құрал»

    • «Өмірде ең жақсы кеңесші- кітап»

    • «Кітап- ғажап Дос, сенімді сырласың»

    • «Кітапсыз үй- шырақсыз үй»

    • «Кітап- білім бұлағы

    • Білім- өмір шырағы»

  3. Оқушылар шығармасынан көрме жасау. Өлең жазатындарын қосу. Шығармалар: «Менің сүйікті жазушым», «Алғашқы оқыған кітабым», «Кітап оқуды ұнатамын», «Менің сүйікті кейіпкерім».

  4. Қонақ шақыру. Балалар жазушыларын немесе ақындарды шақыру. «Ұлан», «Ақ желкен» журналдарынан тілшілерді шақыру.

Жүргізуші: Армысыздар, қонақтар! Бүгінгі «Білім көзі- кітапта» атты тәрбие сағатын А. Байтұрсыновтың өлеңімен бастауды жөн көрдім.

Балалар, бұл- жол басы жаңалыққа,

Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра, қалалық па?

Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңіздер, іздеп тауып алалық та!

(Осы кезде есік ашылып үлкен кітап макетін мойнына ілген оқушы кіреді.)



Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар, мен сәл кешігіп қалдым ғой деймін, кешіріңіздер! Мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және «дос» болып қайтатыныма сенемін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз қымбатты досымыз- кітап, қош келдіңіздер Қонақтар, жоғары шығыңыздар.( Кітапты биік жерге бір жағына қояды, ал қонақтар төрден орын алады).

Жүргізуші: Ендеше балалар, мен бүгінгі мерекемді жұмбақ жасырудан бастайын.

«Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін»

(Кітап)


«Үндемес серік, ақылды берік»

(Кітап)


(Жұмбақты шешеді)

Жүргізуші: Құрметті балалар, мен кездесуімізді тегіннен тегін мұндай жұмбақтармен бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі «Кітап» жайлы болмақ. Кітап -деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді?

(Ешкім білмейді.)



Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

Жүргізуші: Жоқ, балалар жауап берсін.

1 оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалған. Ксилография қалыбы 11 ғасырда пайда болды. Чин өнерпазы Би Шеен құймалы әріптерді жасап шығарды. Европада тұңғыш рет 15 ғасырдың 40 ж неміс өнертапқышы И. Гуттенберг баспа станогін жасады.

2 оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылғасын қалыптасты, бірақ араб тілінде 9 ғасырда жазылған «Оғызнам», 11 ғасырдың Баласағұнның «Құтты білігі», 11 ғасырда Махмұд Қашқаридің «Диуани Лұғат ат түрк» т.б. атты кітаптары, 1880 жылы тұңғыш қазақша шығарыла бастады. Революциядан кейін өзімізде шығарыла бастады.

Кітап: Ой, бәрекелді, өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, өстіп мен өмірге келгем. Мен мені жазған ақын ағаларымның көңіл- күйін, ішкі сезімін жеткіземін. Сендермен бірге қуанып, бірге күлемін, қиналамын. Сенбесең менімен бірге бол (кітаптың бірінші бетін ашады.)

1 бет:( қызықты ертегіден сәл көрсетуге болады)

2 бет: Жұмбақ айтыс.( 2 оқушы шығып өзара жұмбақ айтысады).

3 бетті оқиды:

Мынау бала, қолын қара,

Кір қожалақ, қап- қара.

Тырнағы өскен, шашы көптен,

Алынбапты- ау, Масқара.

4 бетте:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін.

5 бет: Ең ,ең, ең! Деп аталады екен. Дүниедегі ең биік тау- Джомолунгма.

Жүргізуші: Міне, көрдіңдер ме, кітаппен достассаң осының бәрін білесің. Онсыз дүниежүзі балаларымен дос та бола алмайсың.

Жнргізуші:( бірнеше баланы атап). Mіне, бір топ балалар сол кітаптағы жазылған әңгіме, ертегілерді суретке түсіріпті де, кітапша етіп жасап әкеліпті. Тыңдаңыздар: Мынау- менің кітабым, Сырлас достай тұтамын,

Өлең айтып қуанып, білім нәрін жұтамын.

Аталармен сырласам, Ақыл айтады тыңдасаң

Ұшқыш кілем даяр тұр Әлемді егер шарласаң.



Жүргізуші: Кездесуімізді «Кітап» әнімен аяқтайық.
Каталог: uploads -> doc -> 015c
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
015c -> Сабақтың тақырыбы: «Білімің ұшар қанатың»
015c -> Сабақтың тақырыбы: §29. Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік
015c -> Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия Сабақтың мақсаты
015c -> Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төрінде
015c -> Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
015c -> араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген. Ертегілер
015c -> Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет