Өкілеттілік пен билік – бір-бірімен байланысты, билік – ықпал ету мүмкіндігі. Айырмашылығы, өкілеттілікке ие болмай-ақ билік жүргізуге болады. Өкілеттілік жеке тұлғаға емес жеке тұлғаның лауазымына беріледі, ал лауазымы болмаса да, кейбір адамдар жеке басының ерекше қасиетіне байланысты билік жүргізе алады.
Компетенция– бекітіліп берілген сала бойынша қызметкерлердің біліктілігі мен өкілеттілігінің және міндеттерінің жиынтығы.Басқару қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы, олардың бойында жауапкершілік сезімнің дамуы ең бірінші олардың компетенттігі мен саналылығына байланысты.