№9 Практикалық сабаққа тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі19,8 Kb.
#94066
түріСабақ
Байланысты:
Ққзт 9 тақырып

№9 Практикалық сабаққа тапсырма




ПС. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі


- ҚР өтпелі кезеңдерін көрсетіңіз, «нарықтық экономика» ұғымына анықтама беріңіз, оның белгілерін атаңыз;
- Қазақстан Республикасының экономикалық даму жолдарына түсінік беріп, өз пікіріңізді білдіріңіз.
ОБӨЖ. Қазақстанның экономикалық даму келешегін айқындаушы Жолдаулар мен Бағдарламалар



  1. - ҚР Тұңғыш Президентінің 2011 жылғы 28 ақпан күнгі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын атаңыз?

2. «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспары және Қазақстанның тұрақты экономикалық даму траекториясы.

ПС
1.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін басқа мемлекеттері сияқты өтпелі кезеңнің қиындықтармен арпалысқан болатын. Өтпелі кезеңдегі ең басты мақсат кеңес дәуіріндегі мемлекеттік меншіктен яғни жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болды.


1991 жылы еліміз нарықтыққа көшіп, кей мемлекеттер жоспарлы экономика түрінде қалды.Нарықтық экономика яғни ол жалпы шаруашылықты жүргізу ісі.Осы нарықтық экономиканың қалыптасуы қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамиды.Қазақстан өзінің басынан өтпелі кезеңді өткізіп жатқандықтан,нарықтық реформалар жүргізу қажеттілігі туды.Осыған байланысты ақшаның болмауынан жекешелендіру керек болатын. Әрімен қарай нарықтық экономикаға көшу кезеңдері басталды.Кезеңдері:
-Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды.Бұл кезде көптеген нысандар жекешелендірілді.Тұрғын үй нарығын қалыптастыру сияқты көптеген жағдайларды жүзеге асыру кк болды.
-Екінші кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.Бұл кезеңде мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламалары жүргізілді.
-Үшінші кезең 1996-1999 жылдар аралығын қамтиды.Бұл кезеңде жекешелендіру тек ақша қаражатымен жүзеге асырылған болатын.
-Төртінші кезең.Бұл кезеңде мемлекеттік меншікті басқару мен оның айналысу мәселелері бойынша өкілеттілікті бөлу мәселелері қарастырылған болатын.
2.Экономикалық реформалар нәтижесінде республикадағы экономикалық басқару жүйелерінде көптеген өзгерістер болды. Осы өзгерістер нәтижесінде республикада көптеген банктер құрылды.
Жалпы алғанда елімізде нарықтық экономика және жекешелендіру үрдістерінің бұрмалануы қарапайым қара халықтың әлеуметтік жағдайына өзінің үлкен әсерін тигізген болатын.Осы кездегі экономикалық өзгерістерге тоқталатын болсақ:
-1993 жылдың 15 қарашасында еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев басқаруымен республиканың өз ұлттық валютасы-теңге айналымға енді. Бұл елдің қаржы жүйесін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік жасады. Сол күннен бастап Қазақстан экономикалық дербестік жолына түсті.
-Банк құрылымын дамыту. Елімізде теңге айналымға түскеннен кейін осы банк жұмыстарында қарқынды өзгерістер болды. Атап айтқанда, екідеңгейлі банк жүйесі өз жұмысын бастап,мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып өзгертілді.
-Тағы да айтсақ аграрлық секторда да өзгерістер болды. Ауыр шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Және де жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетін болды.Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылық өнімдерінің құлдырауы байқалды.Бұл әрине ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілерге қажетті қаржы қорларының жеткіліксіздігінен болған болатын.
ОБӨЖ
1.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2011 жылы 28 ақпан күні жолдау жолдады.Бұл жолдаудың аты “ Жеделдетілген экономикалық модернизация-қарқынды инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы ретінде” Жолдауы. Бұл жолдауда ел Президенті жаңа әлеуметтік саясаттың басты аспектілерін атап көрсетті. Олар:
-Білім беруді одан әрі жаңғырту;
-Денсаулық сақтау;
-Тілдерді дамыту;
-Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы;
-Сапалы ауыз су;
-Табыстардың артуы-өмірдің жаңа сапасы;
-Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту.
2.Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыққан елге айналды.
“Қазақстан-2020” стратегиясының жоспарларына келетін болсақ 5 бағыттан тұрды:
1.Дағдарыстан кейнгі дамуға дайындық;
2.Индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту. Және осы арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканы қамтамасыз ету;
3.Қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4.Халықты сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету;
5.Халықаралық қатынастардың орнықтылығын қамтамасыз ету.
Осы 5 бағыт ‘Қазақстан-2020’ стратегиялық жоспарының мемлекеттік қызметіндегі басымдықтар болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет