№9 Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы: Эмпирикалық зерттеу әдістері.
Оқыту нәтижелері Эмпирикалық зерттеу әдістері туралы толықтай ақпарат алып, игереді.
Магистранттар өз бетінше эмпирикалық әдіс түрлеріне мысалдар мен ғылыми жұмыстар анықтап көрсетеді.
Эмпирикалық зерттеу әдісін зерттеу жұмыстарда қолданылу аясын, тәжірибесін анықтайды.
Сабақтың мазмұны: Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық,әдіснамалық.
1.Бақылап-зерттеу-заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинақтау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттегенде, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу- шарттары, сондай-ақ бақылап- зерттеу құралдары – видиоаспаптар, аспап- құралдар мен өлшеу құрал- саймандары. Тікелей бақылап - зерттеу, мұғалім- зерттеуші оқу- тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам, мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады; жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ӛкілдер арқылы жүзеге асады.
Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап- зерттеу зерттеушігі құнды мәліметтер береді, егер оқушылар ӛздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір - бірімен оңаша кезіндегі мінез - құлқынан оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда ӛзгеше болады; – үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу- тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданады;
– дискретті (үзік- үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданады. Бақылап - зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін- жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап- зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
– монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданады;
– бір бағытты бақылап - зерттеу жалпы тұтастықпен бақылап- зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданады.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында, зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылып- зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады.
Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.Оның мақсаты ғылыми теория мен болжамды растау немесе жоққа шығару, сон дай- ақ эмпирикалық заңдылықтардың факңтуалды мәніне жету мен қалыптастыру.Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперименттаным әдісі де,оқу- тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабороториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай- ақ эксперименттің белгілепанықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, кӛрсетеді; қалыптастыратын түрі - зерттеу объектісінің байта құруға бағытталған.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты ”субъект-субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерінің құрастыру кезінде субъектілердің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
А) Әңгіме- сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме-сұхбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата - аналар, оқушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдай мен ондағы ӛзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады.
Сұхбат-әңгіме-сұхбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық - педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет тееді. Сұхбаттың мақсаты – зерттеу объектісінің педагогикалық жағдайға деген алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеуші күрделі кәсіби - педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ – жауап объектімімен терең қарым - қатынас жасай отырып, оның жекелік- мотивтік, когнетивтік және операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Көптеген мамандарға сұрақ - жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорытындылып түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Талдау барысында сұрақ - жауап алынған адамның іс- әрекеті объектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудің тісілдерін анықтау қажет. Сұхбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал тогикалық құрылысы. Анкета құрастырушы ұсынған алдын - ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ