Сабақтың тақырыбы Өзекті географиялық зерттеу әдістері



Дата07.02.2022
өлшемі196,06 Kb.
#93232
түріСабақ
Байланысты:
docx1536674649



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Географиялық зерттеу әдістері

Колледж:ЖҚК және ЖТк


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Ерқонаева Н.Е.


Тобы: 142,143,144,Эс-20,Ис-20,Тора-20,Сэз-20

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар сан:




Сабақтың тақырыбы

Өзекті географиялық зерттеу әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

10.1.1.3– далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Географиялық зерттеу әдістерінің түрлерін біледі, ерекшелігін ажыратады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Географиялық әдістердің маңыздылығын түсінеді, сипаттама береді.
Кейбір оқушылар:
Географиялық оқиғалар мен құбылыстарды зерделеу барысында аталған зерттеу әдістерін қолданады

Бағалау критерийі

Географиялық зерттеу әдістерін қолданады

Тілдік мақсаттар



Оқулықтағы мәліметтерді қолдана отырып географиялық зерттеу әдіс –тәсілдерін зерделейді.
Тақырып бойынша терминдер: далалық әдістер
картографиялық әдістер, теориялық әдістер, жүйелеу, жалпылау, модельдеу.

Құндылықтарға баулу

Оқушының бойында білімді шығармашылық тұрғыда қолдану білу қабілетін қалыптастыру арқылы шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлауға дағдыланады.
Топта жұмыс жасау арқылы өзіне және айналадағы құрметтеу дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

тарих, физика

Алдыңғы білім



Географиялық зерттеу әдістерінің жалпы анықтамасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурс
тар

Сабақтың басы
2 -3 минут
3 - 5 минут

«Гүлмен тілек» тәсілі
(сергіту және топқа біріктіру) Оқушылармен амандасу, көңіл – күйлерін сұрау. түгендеу. «Шаттық шеңбері» оқушылар бір-біріне жақсы лебіз білдіру арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларға қораптан конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түсіне қарай 3топқа бөлініп отырады.
1 – топ: Далалық әдістер
2- топ: Картографиялық әдістер
3 – топ: Теориялық әдістер
Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтары
1.Географиялық білім не үшін қажет?
2.Неліктен?
3.Географиялық білімдерді алған жағдайда қандай мамандықтарға қол жеткізуге болады?
Үй тапсырмасын сұрау.Зерттеу әдістерінің түрлері қандай?

Оқулық, , презентация.

Сабақтың ортасы

8 – 10 минут


10 – 12 минут





Оқушылардың көру және есте сақтау дағдыларын дамыту мақсатында бейнеролик көрсету.


Тапсырма - 1
Мәтінге сүйене отыра, 3 сұрақ құрастырыңыз.
Тапсырма – 2
«Географиялық диктант». Сөйлемді оқушылар толықтыру қажет
1 Географиялық зерттеулерінің негізгі түрлері...................
2.Картаграфиялық әдіс .................
3.Географиялық зерттеу әдістері .......................
4.Ғылыми әдіс ...................
5.Географиялық зерттеу әдістерінін қолданылуы ..................



Оқулық,



Тапсырма – 2
Жұптық жұмыс « Венн диаграммасы ».
Далалық және теориялық зерттеу әдістерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беру.

Далалық әдіс Теориялық әдіс




Дәптермен жұмыс





Сабақтың соңы

3- 5 минут



«Жетістік» баспалдағы.



Үй тапсырмасы: Географиялық зерттеу әдістерінің бір түріне шағын баяндама дайындау.



Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушылар географиялық әдіс - тәсілдер түрімен танысады.Топтық жұмыста топ ережесімен жұмыс жасауға дағдыланады.Топтық жұмыста өзара байланыс орнату үшін топтық тапсырмалар беремін. Нәтижетсінде оқушы білімі сараланып және оқушы деңгейін анықтай алады.

Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылап, қажет кезде кеңестер беріп отырдым. Әр топ өз жұмыстарын аяқтаған соң жақсы жақтарын атап отырдым.Үздік жауап беруші оқушыларды атап, марапаттап отырамын.

Сыныпта тазалықты сақтау, қауіпсіздік ережесін сақтау. Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру,интербелсенді тақтамен жұмыс жасау ережелерін сақтау ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болдыма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Географиялық зерттеу әдістері: Қазіргі физикалық география әдістері:

  • Картографиялық және картометриялық зерттеу әдістері.

  • Табиғи аумақтық кешеннің (ТАК) кеңістіктік-уақыттық құрылымын зерттеу;

  • ресурстық әлеуетті бағалау;

  • ТАК шаруашылықта пайдалану мүмкіншіліктері мен шектеуліктерін зерттеу;

  • ТАК жағдайын ландшафттық-экологиялық бағалау және даму болжамы;

  • мәдени ландшафтық және т.б. жобалау.

  • Экспедициялық әдістер.

  • Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер.

Экономикалық-географялық зерттеулер

  • Кеңістіктік-уақыттық талдау – экономикалық-географиялық зерттеулердің негізгі қағидаларының бірі ретінде.

  • Математикалық зерттеу әдісі

  • Визуалды бақылау

  1. жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);

  2. нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);

  3. ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);

  4. ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);

  5. алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет