Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
|
10.1.1.5 - зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:География аудандастыру әдістерінің ерекшеліктерін сипаттайды, аудандастырудың басты мақсатын айқындайды. Басым бөлігі: Қазақстан ірі физикалық-географиялық аудандарының таралу аймақтарын картадан көрсете алады, оларды талдайды. Кейбірі: Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады, географиялық аудандарды талдайды және өмірмен байланысты мысалдар келтіреді.
|
Тілдік мақсаттар:
|
• Тыңдалым –жазылым Оқушылар «Қазақстанның физгеографиялық аудандастыруы» деген тақырыбы бойынша бейнеролик көреді, бейнероликтегі роликтен көргендерін ортаға салып талқылайды,қорғайды. • Оқылым –айтылым Әрбір топ өзара оқулықтан мәтінді оқиды,бірлесіп ортаға салып талдайды,пікірлерін білдіреді. Қазақстан ірі физикалық-географиялық аудандарының таралу аймақтары анықтайды. • Оқылым- жазылым Әрбір топ тапсырманы ортаға салып талқылайды, және геоэкологиялық факторлар негізінде Қазақстанның аумағындағы 9 физикалық-географиялық аймақтарын картаға түсіреді Пән бойынша сөздер мен терминдер:ареал,жинақтамалы аудан, таңдамалы аудан.
|
Бағалау критерийлері:
|
• Аудандастыру ареальдарының негізгі ерекшеліктерін сипаттайды; • Қазақстан ірі физикалық-географиялық аудандарының таралу аймақтарын біледі және оны картадан көрсетеді; • Аудандастыру әдістері географиялық аудандарды топтастырады,және мысалдар келтіреді.
|
Құндылықтарды дарыту:
|
«Мәңгілік ел» идеясының «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік,өңірлік мәселелелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы»-мемлекетіміздің белсенді,теңестірілген,сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.Құндылыққа баулу арқылы еліміздің физгеографиялық ерекшеліктерін анықтап оларды ескере отырып құрметтеуге баулу.Сонымен қатар сыйластыққа ауызбіршілікке үйренеді.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Биология -өсімдіктер мен жануарлар дүнесі Экология –Табиғатты пайдаланудағы экологиялық жағдайлар
|
Бастапқы білім:
|
Табиғат кешендері Географиялық қабық
|