Сабақтың тақырыбы : Шартты бағыныңқылы сабақтас Мұғалімнің аты-жөні: Турымбетова Багила Атембаевна



Дата21.07.2017
өлшемі70,54 Kb.
#21833
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқылы сабақтас

Мұғалімнің аты-жөні: Турымбетова Багила Атембаевна
Күні:

СЫНЫП:8ә


Пәні:

Қазақ тілі




Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдарын, ұғымын меңгеру.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін айтып,мысал келтіре алады.



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа өз ойларынан сөйлем құрап жаза алады.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

«Венн диаграммасы» арқылы салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ерекшелігін атап айтып береді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар: Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жайлы түсініп,

түрлеріне мысал келтіре алады.



сабақтас құрмалас сөйлемді шартты бағыныңқылы сабақтасқа айналдырып жаза алады.

Айтылым мен жазылымға арналған тіркестер: Меніңше, қорытындылай келе.






Ресурстар:

Қазақ тілі.8-сынып «Арман ПВ» баспасы 2016-жыл ,бағалау парақшалары,кесте , маркер,стикер,смайликтер, А4 форматтағы ақ парақ


Пәнаралық байланыс:

Әдебиет пәнімен байланысады.

Алдыңғы оқу:

Сабақтас құрмалас сөйлем және түрлері туралы сұрақ-жауап

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

(психологиялық ахуал қалыптастыру)

5 минут


Оқушыларды шеңберге жинап «Көршімнің жақсы қасиеттері» ойыны арқылы көңіл-күйлерін көтеремін.


Оқушылар арасында жағымды ахуал орнайды.

Үй тапсырмасын сұрау

1-деңгей(білу,түсіну)



«Ыстық орындық» әдісі

Құрмалас сөйлемді қатыстыра отырып, әңгіме құраңдар.



Жеке жұмыс

1 ұпай


2-деңгей (қолдану, талдау):

285-жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңдар және жасалу жолын түсіндіріңдер.

2 ұпай

3-деңгей (жинақтау, бағалау):

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне екі мысалдан келтіріп жазыңдар.

3 ұпай

ЖАҢА САБАҚ

10 минут



Шартты бағыныңқылы сабақтас Оқушылар мысал келтіре отырып ,шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ережесін шығарады. Мысалы, Біз емтиханға тиянақты дайындалғанда,бағамыз да жақсы болар еді. Сырттағылар түгел кірсе, жиналысты бастайық. Бірінші жай сөйлем,екінші жай сөйлемдегі ойдың іске асуын білдіріп отыр.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас дегеніміз, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың жүзеге асуын не аспау шартын білдіреді. Тапсырма. «Сыңарын тап ойыны.»



САБАҚТЫ БЕКІТУ

20 минут


1-деңгей(білу,түсіну)


289-жаттығу.

Жоғарыдағы кестені негізге алып, шартты бағыныңқылы сабақтасқа өз ойларыңнан бірнеше мысал жазыңдар.

Жеке жұмыс

1 ұпай


2-деңгей(қолдану, талдау):

293-жаттығу. Мәтін мазмұнын негізге алып, шартты бағыныңқылы сабақтасқа бірнеше мысал жазыңдар.

Жұптық жұмыс

2 ұпай

3-деңгей(жинақтау, бағалау):


Семантикалық картамен жұмыс

Жаманшылықты сезбегенде,арты жаман болар еді

шартты рай

есімше

көсемше

Шығыс болмай,кіріс болмас










Қонақ келсе, есігіңді аш










Қазақ елі қонақжайлығын көрсетсе,одан басқа халықтар үлгі алар еді.










Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.













Жеке жұмыс

3 ұпай


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

10 минут


1-деңгей (білу, түсіну):

Өткен сабақтардың ережелерін жаттап ,мысал келтіру



Жеке жұмыс

1 ұпай


2-деңгей (қолдану, талдау):


291-жаттығу. Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарының әр түріне екі мысалдан жазыңдар.


2 ұпай


3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

«Ел басына күн туса..» деп басталатын ойтолғау жазыңдар.



3 ұпай


Бағалау


10-12 ұпай – «5», 8-10 ұпай – «4», 5-7 ұпай – «3»




Кері байланыс



«Алма ағашы» әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, алма ағашына жапсырады.









Рефлексия







Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?




Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?



Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?








Тексерілді:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ------------------------ Б.Амалдықова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет