Сабақтың мақсаты: Қалау райдың жасалу жолдарын үйретіп, оның ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару



бет1/8
Дата28.06.2017
өлшемі1,18 Mb.
#20208
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақтың тақырыбы: Қалау рай
Сабақтың мақсаты: Қалау райдың жасалу жолдарын үйретіп, оның ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару
Білімділік: етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қалау райдың жасалу жолдарын игерту.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға өз ойларын еркін жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: өз ана тіліне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, адам бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдер: СТО технологиясы, доп қағу ойыны

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты түгендеу, оқу құралдарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Қызығушылығын ояту. Топтық жұмыс
«Галереяға саяхат» Тақтаға ашық рай, шартты рай, бұйрық рай деп жазылған плакат ілінеді. Үш топқа үш түрлі маркер беріледі, берілген тақырып бойынша білетіндерін мысалдармен түсіндіріп жазып өту, қол шапалақтағанда уақыт бітіп, сағат тілімен айналып келесі топтың тапсырмасын оқып толықтыратындары болса жазады. Әр топтан бір - бір оқушыдан қалып жазғандарын қорғап шығады.

ІІІ. Мағынаны тану.
Ой қозғау.
Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?
Рай сөзі қандай сөздермен мәндес келеді?.
Етістіктің рай категориясын топтайық
Ашық рай
Бұйрық рай
Шартты рай
Қалау рай

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалау рай.
Қалау – ниет, тілек дегенді білдіреді
Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады.
Мысалы: Менің жақсы оқығым келеді.
Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді..

Қалау райдың жасалу жолдары.
1. – ғы/гі; - қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігімен тіркеседі.
Мысалы: Менің теледидар көр - гі - м келеді
Менің Астанаға бар - ғы - м келеді.

2. Етістікке – ғай/- гей; - қай/- кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы: Сен досыңа бар - ғай - сың.
Ол тезірек кел - гей.

3. Етістікке – ғай/- гей; - қай/- кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.
Мысалы: Мен оны көр - гей едім.
Ол барғай еді.

4. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп, қалау рай жасалады.
Мысалы: Анам қаладан кел - се екен. Мен оны жақсы біл - се - м екен.
Енді қалау райының жіктелуіне тоқталайық ( кесте арқылы түсіндіру),
Мысалдар келтіреді.
Кестеге сүйене отырып 159 – жаттығуды орындау ( тақтамен жұмыс ).
І топ: Көргісі келеді,
ІІ топ: Орындағым келді.
ІІІ топ: Жазғайсың

158 - жаттығу. ( ауызша орындау)

161 - жаттығу Етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдау, морфологиялық талдау жасау және шығармашылық жұмыс жасау.

І топ: 1. Армансыз адам алысқа бармас
2. Әркім қолда барын ұсынады
3. Ұлық болсаң, кішік бол (осы мақалдың мағынасы ашылатындай шағын эссе жазу)

ІІ топ: 4. Көп ізденген адам көмбенің үстінен шығар.
5. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі. (осы мақалдың мағынасы ашылатындай шағын эссе жазу)

ІІІ топ: 6. Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырық бесінде жас болар
7. Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер. (осы мақалдың мағынасы ашылатындай шағын эссе жазу)

Доп қағу ойыны 1 - топ етістік айтып 2 - топқа доп лақтырады қағып алған оқушы сол етістіктен қалау райлы сөйлем құрайды сөйтіп 3 - топқа лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді. Мысалы: Ойна. Мен шанамен ойнағым келеді. Ол таза ауада ойнаса игі еді. Сен онымен ойнағайсың.

ІҮ. Ой қорыту: «Ойлан, тап»
1. Барлық шаққа ие болатын қай рай?
2. І жақта айтылмайтын қай рай?
3. Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?

Ү. Сабақты бекіту:
Етістік райының мағынасы және жасалу жағынан ерекше бір түрі ол – қалау рай екен. Өзінің аты айтып тұрғандай іс иесінің, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.
Топты бағалау, жеке оқушыларды сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай бағалап өту.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Етістіктің райларын қамти отырып «Менің арманым» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қалау рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, қалау райдың жасалу жолын түсіндіру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не? 2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады? 4. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылдың, іс-әрекетті қалауын ,соған ынтасын, ниетінбілдіреді де белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Жетсе игі еді, айтқайсың.



Жаттығумен жұмыс: 177-жаттығу . Көшіріп жазып қалау райлы етістіктердің астын сызыңдар.

Ашық рай шартты рай




Етістіктің рай категориясы

Қалау рай бұйрық рай



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 180-жаттығу. бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалай жасалғанын көрсетіңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Есімшенің түрлену жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше-сөйлемде екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп есім қызметін атқарады.



Есімшенің тәуелдену үлгісі Есімшенің септелу үлгісі

І айтқаным А. Айтқан Ж. айтқанда

ІІ айтқаның І айтқанның Ш. айтқаннан

Айтқаныңыз Б. Айтқанға К. айтқанмен

ІІІ айтқаны Т. айтқанды

Жаттығумен жұмыс: 184-жаттығу. Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер.

Айтар, баратын, білген, оқитын



Жеке оқушылармен жұмыс: тапқан, барған,білетін, тозбас деген есімшелерді ауызша септеңдер.

Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.

Көргенім,келетіні,жазатының, көмектескеніңіз,бармайтыны, тыңдағанымыз.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Есімшенің түрлену жолын түсіндір.

  2. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

  3. Етістіктің неше шағы бар?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Есімшенің жұрнағы арқылы жасалған мақал- мәтелдер жазып, олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты :

а) Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан,ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.



Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

Есімше атау септікте тұрып заттанып,бастауыш қызметін атқарады.

Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады.

Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады.

Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.

Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім

Көшкен ауылды іздеп табалық

Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет