Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен салемдесу, түгелдеу. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады . Ол арқылы оқушылар бір -біріне жақындасады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын орнайды. Сыныпта жағымды психологиялық ақуал қалыптастыру . «Мені тап»әдісі арқылы дөңгелек пішіндегі қағаздарды алады, Қағаздың астында Алтай ,Мұғалжар, Тянь –Шань тауларының суреті жасырылады.Оқушылар суретке қарап өздерінің қай топта екендігін ажыратып, сурет бойынша 3 топқа біріктіріледі олар: 1 топ-Алтай 2 топ-Мұғалжар 3 топ-Тянь-Шань Алтай тауы Мұғалжар тауы Тянь-Шань тауы Алдағы білімді «Конверт сұрақ» әдісі арқылы еске түсіреді. Әр топқа бір-бір конверт беріледі.Конверт ішінде 2-3 сұрақ болады,олар; 1.Аудандастыру дегеніміз не? 2.Ірі табиғат кешендеріне не жатады?
Сабақтың ортасы
«Кинометафора әдісі» арқылы жаңа сабақты ашу мақсатында «Географиялық аудандастырдың әдістері» туралы бейнеролик көреді. Бейнероликтен не байқадыңызлар? 1.Аудандастырудың негізгі қағидалары қандай? Аудандастыру ерекшеліктері дегеніміз не? Оқушылар өзара ақылдасып сұрақтарға жауап береді. 1 тапсырма «ДЖИГСО» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы келесі топқа түсіндіреді,нәтежесінде топтар арасында ынтымақтастық орындайды. 1 топ .Аудандастыру ареалдары 2 топ.Жетекші фактор әдісі 3 топ.Беттестіру әдісі Әр топ оқушылары өздеріне берілген мәтінді талқылап, ақылдасып постер қорғайды. Дискриптор -География аудандастыру әдістерінің ерекшеліктерін сипаттайды. - Аудандастырудың басты мақсатын айқындайды. -Жетекші фактор әдісі арқылы физгеографиялық аудандарды жіктейді. -Беттестіру әдістері арқылы шекарасын анықтап ажыратады. ҚБ оқушылар бір –бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды. 2 тапсырма. «Елестету көрінісі әдісі» арқылы Қазақстанның физгеографиялық аудандарын картадан көрсетеді,және олардың шекарасын кескін картадан белгілейді. Қазақстанның физгеографиялық аудандары картасы. Кескін карта Дискриптор -Қазақстанның физгеографиялық аудандарын картадан көрсетеді. -Шекараларын кескін картадан анықтайды және оларлы белгілеп картаға түсіреді. ҚБ Оқушылар бір-бірінің тобын «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. 3 тапсырма «Атаулар кестесі»әдісі арқылы аудандастыру әдістерін қолданып геоэкологиялық аудандардың ерекшеліктерін кестеге толтырады, және пайдалы қазбаларын карта бетінен бейнелейді, сонымен қатар өзі тұратын жерінің қандай геоэкологиялық ауданға жататынын анықтап кестеге толтырады. № Аудан атауы Жер бедері Пайдалы қазбалары Өзендері Көлдері Біз тұратын физгеографиялық аудан Қазақстанның пайдалы қазбалары Дискриптор -Физгеографиялық аудандырдың жер бедерін анықтайды. -Пайдалы қазбаларды картадан анықтап жазады -Геоэкологиялық аудандағы өзен көлдерді айқындайды. -Өзі тұратын аймақтың қандай геоэкологиялық аудан екенің анықтайды. ҚБ оқушыларға «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы «кереметсің», «жарайсың», «тамашасың» деген сөздермен бағалайды.
Сабақтың соңы
Кері байланыс«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы жүреді. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... енді мен......аламын
Рефлексия
Кері байланыс«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы жүреді. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... енді мен......аламын