9 семинар: Дыбыс талдашығы. Дыбыс талдашығының құрылысы мен қызметі. Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы. Вестибулярлық немесе дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын және тепе-теңдік сақтайтын талдағыштың жас ерекшелігі



бет2/2
Дата02.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#175902
түріСеминар
1   2
ЕСТУ ГИГИЕНАСЫ
Есту талдағышының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек)
Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана есер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады:
Ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс нервтерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу — көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).
Жаңа туған сәбидің отолит сүйекшелері мен отолит жіпшелері нәзік шеміршектен тұрады.
1 мен 3 жастың арасыңда олардың тығыздығы төмен болады да, 5-7 жаста тығыздығы артады Жаңа туған нәресте тербелісті жақсы сезеді, тіпті 1 айдан кейін тербелістің бағытын да сезе алады. Тербеліс сезімталдығы өте жоғары болады. Бір жасқа дейінгі нәрестелерді орнынан қозғағанда, жастығын жөндегенде, оны оқыс көтеріп және түсіргенде ол екі қолын екі жаққа созып, саусақтарын ербеңдетіп, тынысын ішіне тартады.
Бесікке жатқызу, тербету сияқты әрекеттерге байланысты "бесік" шартты рефлекстері 12-16 күнде-ақ пайда болады. Бүл рефлекстері осы әрекеттерге дайындық кезінде қолдарын екі жаққа созуы мен саусақтарын ербеңдету қимылдары, содан соң қолы мен саусақтарын бұрынғы қалпына келтіруі, тынысын ішіне тартуы арқылы байқалады. Тепе-теңцік рефлекстері баланы аспа бесікке салып, жоғары-төмен тербеткенде жақсы байқалады. Бұл рефлекс 2-3 айлығында айқындалады.
Баланың вестибулярлық рефлекстері 6-7 жаста жылдам пайда болады. Олардың рефлексінің пайда болуына әсер ету ұзақтығы жасына байланысты: 6-7 жаста 7,3 м/сек, 10-15 жаста 11 м/сек, 15-20 жаста 16 м/сек.
Баланың жасы осе келе, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендейді. Оған қоса, жаттықтыру арқылы оның сезгіштігін азайтуға болады.
Кеңістікте қозғалудың үйлесуі негізінен балалық шақта қалыптасады. Оның қалыптасуы коптеген мүшелер жүйелерінің дамуына байланысты, соңдықтан кеңістіктегі орынын анықтау және тепе-теңдігін сақтау қабілеттері баланың өмірден алған тәжірибесіне, шартты рефлекстерінің пайда болуына, жүйке жүйесінің дамуына байланысты.
Әдебиеттер тізімі:
  • https://engime.org/biologiya-kafedrasi-v4.html?page=5
  • Т.С.Сейтембетов,Б.И.Төлеуов,А.Ж.Сейтембе това Биологиялық химия,Қарағанды 2013ж
  • Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия,Астана 2014ж
  • Строев Е.А. Биологическая химия,2010Москва

Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет