9 семинар: Дыбыс талдашығы. Дыбыс талдашығының құрылысы мен қызметі. Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы. Вестибулярлық немесе дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын және тепе-теңдік сақтайтын талдағыштың жас ерекшелігі
9 семинар: Дыбыс талдашығы. Дыбыс талдашығының құрылысы мен қызметі. Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы. Вестибулярлық немесе дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын және тепе-теңдік сақтайтын талдағыштың жас ерекшелігі. Орындаған: КазЯ-21А ТиПО тобының студенті Тұрғанжанова Меруерт
«Астана» халықаралық университеті
Жоспар:
1) Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы
2) Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі.
3) Есту гигиенасы.
Дыбыс толқыңдары дабыл жарғағы мен дыбыс сүйектерінен өтіп, сопақша тесіктің жарғағы арқылы перилимфа сұйығын шайқайды. Жоғары дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің түбінде орналасқан дәнекер талшықтар, ал төмен дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің жоғары жағындағы фиброздық талшықтар қозғалады. Дыбыс неғүрлым күшті болса, перилимфаның және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы соғұрлым биік болады, яғни жабын мембранаға тиген талшықтар көбірек иіледі. Ересек адамның құлағы 16 герцтен 20 мың герцке дейінгі дыбыс ырғақтарын қабылдайды, әсіресе 1000 герцтен — 3000 герц жиілігіңдегі дыбысты жақсы қабылдайды. Қалыпты жағдайда ересек адам 5м қашықтан сыбырлаған дауысты естісе, есту қабілеті қанағаттанарлық деп есептеледі. Есту қабілетін аудиометр деп аталатын аспаппен анықтайды. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішіңде ересек адамның құлағымен теңеседі.
2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағышының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышындай, бірақ есту қабілеті анағүрлым жоғары болады. Ми қыртысының таңдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.