ЖҰмыс бағдарламасы тәжірибенің бағыты мен аталуы: Коммуналдық гигиенасы, тағам гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша маманы ретінде өндірістік тәжірибе Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет1/5
Дата18.06.2017
өлшемі0,86 Mb.
#19282
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» және Гигиена-2 кафедралары



044 -53-17/(38)

43 беттің

-беті


Коммуналды гигиенасы, тағам гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасынан маманы ретінде өндісіртік тәжірибе жұмыс бағдарламасы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» және «Гигиена-2» кафедралары


«БЕКІТЕМІН»

ОӘТЖ жөніндегі проректор,

м.ғ.д., Анартаева М.Ұ.

___________________

«______» ______ 2013 ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәжірибенің бағыты мен аталуы:Коммуналдық гигиенасы, тағам гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша маманы ретінде өндірістік тәжірибе
Мамандық:051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Сағат көлемі (кредиттер): - 225сағат/ 3 кредит

Өту курсы мен семестр: ІV –курс, VІІІ - семестр

ШЫМКЕНТ-2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің м.а 2009 жылғы 05 қарашадағы № 651 бұйрығымен бекітілген бакалавриатқа арналған «Коммуналды гигиенасы, тағам және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша маманы ретінде өндірістік тәжірибе» типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.



«Гигиена – 1, дене шынықтыру және валеология» және «Гигиена – 2» кафедрасының мәжілісінде қаралды.
_______ __________ 2013 ж., №____ хаттама
Каф.меңгерушісі: доцент м.а._______________________Ескерова С.У.


Каф.меңгерушісі : доцент _______________________Долтаева Б.З.
Қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық пәндер бойынша ЖӘК мәжілісінде талқыланды
_______ __________ 2013ж., №____ хаттама
ЖӘК төрайымы : доцент м/а Бейсембаева З.И.

Әдістемелік кеңесте мақұлданды

Хаттама №________ «_______» ____________2013 ж


КРЕДИТ №1

Коммуналды гигиенасы бойынша маманы

ретінде өндірістік тәжірибе
2. Бағдарлама:

2.1.Кіріспе

Өндірістік практика бойынша осы жұмыс бағдарламасы 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрінің м.а.2009 жылғы 05.11.№651 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.

Коммуналды гигиенасы маманы ретінде өндірістік практика бойынша жұмыс бағдарламасы қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мамандарын дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыру үшін тағайындалды.Жұмыс бағдарламасында коммуналды гигиена бөлімшесі жұмысының қамтылған сұрақтары:


  • Су және елді мекендерді сумен қамтамасыздандыру гигиенасы

  • Су қоймаларын санитариялық қорғау

  • Атмосфера ауасының гигиенасы

  • Топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазалау

  • Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ,коммуналдық нысандардың,спорт құрылымдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің гигиенасы

  • Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы

2.2.Тәжірибе мақсаты: мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүргізуде «Коммуналдық гигиена» пәнін өтуде меңгерген көлемінде теориялық білімін нығайту және тереңдету және коммуналдық гигиена маманы ретінде тәжірибелік машықтарды игеру.
2.3.Тәжірибе шаралары:

  • Коммуналды гигиенасы бойынша ескертпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу негіздері үшін білімді, біліктілікті және дағдыларды тәжірибе жүзінде нығайту;

  • бақылау нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу үшін коммуналдық гигиенасы маманы жұмысында білімді, біліктілікті және дағдыларды тәжірибе жүзінде жетілдіру;

  • тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің ( ТҚҚД )коммуналды

гигиена бөлімшелерінде есепке алу-есеп беру құжаттарын рәсімдеуді

жетілдіру;



  • клиенттерге кеңес беру және мамандармен тұлғааралық қарым-қатынас машықтарын жетілдіру.


2.4.Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:

Студент

білуі тиіс:

1. Орталықтанған, орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру көздерінен және ашық су қоймаларынан органолептикалық және химиялық зерттеулер үшін судың сынамаларын алу.

2. Тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігін анықтау үшін іркінді сулардың сынамаларын алу.

3. Химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алу.

4. Аспирациялық әдіспен елді мекендердің атмосфера ауасынан және жабық бөлмелердің ауасынан сынамаларды алу.

5. Микроклиматтық көрсеткіштерін анықтау: бөлме ауасының және тұрғын аудандардың аумағындағы ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдығын және қозғалыс жылдамдығын.

6. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың және селитебті аумақтың табиғи және жасанды жарықтану деңгейін анықтау.

7. Селитебті аумақта шудың және дірілдің деңгейлерін, электромагниттік сәулелердің қарқындылығын анықтау.

8. Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан сынамаларды алуда және өлшеулерді жүргізуде жолдама құжаттарын толтыру.

9. Коммуналдық бөлімшенің белгілі мерзімге жұмыс жоспарын және есебін жасау.

10.Тұрғындардың арасында гигиеналық білімді жоғарылату бойынша шараларды жүргізу (дәрістер, семинарлар, сұхбаттар), халықтың хаттарымен жұмыс.

11.Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы органдардың шешімдерінің жобасын жасау немесе кәсіпорынның жетекшісіне ұсыныстарды құрастыру.

12.Санитарлық бюллетеньді шығару.

істей алуы тиіс:

1. Орталықтанған, орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру көздерінен және ашық су қоймаларынан органолептикалық және химиялық зерттеулер үшін судың сынамаларын алу;

2. Тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігін анықтау үшін іркінді сулардың сынамаларын алу;

3. Химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алу;

4. Аспирациялық әдіспен елді мекендердің атмосфера ауасынан және жабық бөлмелердің ауасынан сынамаларды алу;

5. Микроклиматтық көрсеткіштерін анықтау: бөлме ауасының және тұрғын аудандардың аумағындағы ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдығын және қозғалыс жылдамдығын анықтау;

6. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың және селитебті аумақтың табиғи және жасанды жарықтану деңгейін анықтау;

7. Селитебті аумақта шудың және дірілдің деңгейлерін, электромагниттік сәулелердің қарқындылығын анықтау;

8. Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан сынамаларды алуда және өлшеулерді жүргізуде жолдама құжаттарын толтыру;

9. Коммуналдық бөлімшенің белгілі мерзімге жұмыс жоспарын және есебін жасау;

10.Тұрғындардың арасында гигиеналық білімді жоғарылату бойынша шараларды жүргізуді (дәрістер, семинарлар, сұхбаттар), халықтың хаттарымен жұмыс жасау;

11.Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы органдардың шешімдерінің жобасын жасау немесе кәсіпорынның жетекшісіне ұсыныстарды құрастыру;

12.Санитарлық бюллетеньді шығару.
Студенттер өндірістік практиканы өтуде құқылы:

• практиканың бағдарламасын орындаудағы қажетті ақпараттық мəліметтерді алуға;

• базалық үйымның апараттық, нормативтік-нұсқаулық əдебиеттерді қолдануға жəне білім меңгерушілерінің рұқсатымен ақпараттық қорларын пайдалануға;

• өндірістіқ практиканың бағдарламасы бойынша базалық ұйымның мамандарынан тұжырымды кеңес алуға.


Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:

• тəжірибенің оқу бағдарламасын толық орындауға;

• бекітілген үлгіде тəжірибе күнделігін күнделікті толтырып отыруға;

• базалық дәріханалық ұйымның ішкі тəртіптік ережелерін толық сақтап, орындауға;

• базалық дәріханалық ұйымның санитариялық ереже, еңбекті қорғау жəне техника қауіпсіздігін сақтау талаптарын оқып, біліп, қатаң сақтауға.
2.5. Тәжірибенің мазмұны:студенттің жұмысының көлемі мен түрі, күн тәртібі, жеке тапсырмалардың мазмұны мен орындау мерзімі
2.5.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі:




Жұмыс түрі

Студенттің жұмысының көлемі

1

Коммуналдық гигиена бөлімшесі жұмысының мазмұны.

Коммуналды гигиена бөлімшесінің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру. Санитариялық-техникалық құжаттары, аспаптық-техникалық жабдықтары.Пәннің келесі тараулары бойынша коммуналдық гигиенасы бөлімдегі маманның қызметтік міндеттері және жұмысының сипаты.



5

2

Су және елді мекендерді сумен қамтамасыздандыру гигиенасы.

Суды тазалау қондырғыларын, су құбыры желісін санитариялық тексеру. Орталықтанған және орталықтанбаған сумен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі судың сапасына зертханалық бақылау. Судың түріне, зерттеу мақсатына және анықталатын көрсеткіштерінің тізіміне байланысты судың сынамаларын алу және консервациялау ерекшеліктері. Жергілікті және орталықтанған сумен қамтамасыздандыру көздерінен судың сынамаларын жеткізу. Жолдама құжаттарын толтыру. Суды зерттеу схемасын анықтау (толық, қысқартылған). Тазалаудың және залалсыздандырудың әрбір сатыларында ауыз суды зерттеу және оның нәтижелерін талдау. Ауыз судың сапасын жақсарту бойынша шараларды құрастыру.



10

3

Су қоймаларын санитарлық қорғау.

Су қоймаларын ластаушы көздерді топографиялық тексеру. Сумен қамтамасыздандырушы көздері болып табылатын ашық су қоймаларынан судың сынамаларын алу және жеткізу. Суды зертханалық зерттеу және нәтижелерін бағалау. Іркінді суды және олардың шөгінділерін тазалау, жете тазалау және зиянсыздандыру қондырғыларын санитариялық тексеру. Шаруашылық-тұрмыстық іркінді суларды тазалаудың әрбір сатыларында іркінді судың сынамаларын алу жолымен олардың жұмысының тиімділігіне баға беру. Іркінді суларды зертханалық зерттеу және нәтижелерін бағалау. Іркінді суларды тазалау қондырғыларының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау.



10

4

Атмосфера ауасының гигиенасы.

Атмосфера ауасының ластануын бақылаушы стационарлық және жылжымалы посттарының

жұмысымен танысу. Стационарлық посттардың мәліметтері бойынша атмосфера ауасының ластану дәрежесін бағалау әдістемесі. Стационарлық бақылау посты орналасқан орнын бейнелеу. Атмосфера ауасын ластаушы көздері ретінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды санитариялық тексеру. Атмосфера ауасын санитариялық қорғау шаралары. Санитарлық - қорғау аймағын ұйымдастыру.


10

5

Топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазалау.

Топырақты ластаушы көздерін санитариялық-топографиялық тексеру. Бактериологиялық, гельминтологиялық және химиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алу әдістері. Қатты және сұйық тұрмыстық қоқыстарды шығару мерзімдеріне, тұрмыстық қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздандыру полигондарына, контейнерлік алаңдарына ағымды санитарлық қадағалау. Топырақты санитарлық қорғау шараларын құрастыру.



15

6

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, коммуналдық нысандардың, спорт құрылымдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің гигиенасы.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, моншалардың, жууханалардың, шаштаразылардың, қонақ үйлердің, кинотеатрлардың, стадиондардың, емдеу-профилактикалық мекемелердің жабдықтарының жағдайына және пайдалануына ағымды санитарлық қадағалау. Ауруханалардың операциялық бөлмелерінің жарықтануына, вентиляциясына және жылытуына, ауасында зиянды заттардың және микроорганизмдердің болуына санитарлық-зертханалық бақылау. Коммуналдық гигиенасының әртүрлі нысандарының берілген жобалық құжаттарын гигиеналық сараптау.



15

7

Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың бөлмелеріндегі және елді мекендердің аумағындағы шудың, электромагниттік өрістердің, инсоляцияның деңгейіне ағымды санитарлық қадағалау. Өлшеу нәтижелерін талдау және бағалау. Жобалық материалдарға санитарлық-гигиеналық баға беру. Қоршаған ортаның физикалық факторларының тұрғындардың денсаулығына әсер ету деңгейін төмендету бойынша шараларды құрастыру.



10




Барлығы

75с

2.5.2. Күн тәртібі:




Жұмыс түрлері

Уақыт үлгісі

1

Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандырушы судың сапасына зертханалық бақылаудың ұйымдастырылуы, елді мекендерді тазалауды жүргізу мерзіміне, топырақты, су қоймасын және атмосфера ауасын ластаушы көздеріне, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, моншалардың, жууханалардың, ЕПМ, дәріханалардың, спорт құрылымдарының вентиляциясына және жылытуына, тұрғын бөлмелердегі және елді мекендердің аумағындағы шудың және дірілдің деңгейіне санитарлық қадағалау.

9.00-­10.30

2

Бақылаушы нысандарда аспаптық өлшеулерді жүргізу нәтижелерін талдау, бөлімшенің есепке алу-есеп беру құжаттарын, актілерді және қорытындыларды, хаттамаларды толтыру.

10.30­-12.30

3

Жоғарғы органдармен хат алмасу тәртібін, тұрғындардың шағымдарымен жұмыс істеуін, санитариялық бюллетеньдерді шығаруын игеру. Жобалық материалдарды санитарлық сараптауға қабылдауда қатысу. Берілген материалдардың толықтығын анықтау.

12.30­-14.00


Ескерту:

* - Іс-әрекетті орындау тәртібі мен реті өндірістік жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін, машықтарды толық меңгеру үшін студенттердің жұмысын түске дейін және түстен кейін кезектестіру ұсынылады.


2.6. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі

Коммуналды гигиенасы бойынша маман ретінде өндірістік практиканы өту уақытында игерген машықтары мен орындау біліктігі әріптік жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар - төмендеуі бойынша А дан F әріпіне дейін, ол төрт баллдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес келеді). Әрбір машықты орындауы қадамдар бойынша жазылады, әрбір қадам сомасы 4 балл болатындай етіп бағаланады. Сонымен, барлық қадамды орындаған студент машықты дұрыс және толық орындағаны үшін максималды сандық эквивалентті-4,0 балды алады, ол әріптік-балдық жүйе бойынша А әріптік бағасына сәйкес келеді.








Машықтарды игеру және бағалау критерийлері


Қадам бойынша бағасы,

баллда

1

Орталықтанған, орталықтанбаған сумен қамтамасыз дандыру көздерінен және ашық су қоймаларынан органолептикалық және химиялық зерттеулер үшін судың сынамаларын алу

4,0




Нормативті құжатты біледі және судың сынамаларын осы құжаттың талаптарына сәйкесті алады: судың сынамасын алу үшін химиялық таза ыдысты алып, дистиллденген сумен шаяды, содан кейін тағы сынаманы алатын сумен екі рет шаяды.

0,5




Толық анализ үшін судың сынамасын сиымдылығы 5 дм3 батометрге немесе бутыль ыдысына алады, қысқа анализ үшін сиымдылығы 2 дм2 ыдысқа алады.

0,5




Ашық су қоймаларынан судың сынамасын суды тұтыну ауданының жоғарғы және төменгі шекараларынан (су қоймасының ағысы бойынша) су қоймасының жағасынан 1,5-2,0 м қашықтықтан, судың бетінен және оның түбінен 0,5-1,0 м тереңдіктен алады.

0,5




Салмақ ілінген жабық бутыльды немесе батометрді алдын ала таңдап алынған тереңдікке түсіріп, содан кейін оған ілінген ұстағыштың көмегімен тығының шығарып алады; содан кейін тығынның астында аздаған ауа қабаты қалатындай етіп суды төгеді.

0,5




Жер асты су көзінен (скважинадан, құдықтан, каптаждан) судың сынамаларын судың максимальды жұмсалу сағатында алады, артезиандық скважинадан суды сынама алатын краннан алады.

0,5




Су құбыры желісінің крандарынан судың сынамасын алар алдында краннан суды 10-15 минут сыртқа ағызып жібереді; бутыльді алынатын сумен шайып, оны сумен толтырады да, тығынмен тығындайды; сақтауға жататын сынамаларда су мен тығынның арасында тасымалдау кезінде тығын суланбайтын етіп бос орын қалдырады.

0,5




Тасымалдау қажетінде судың сынамаларын консервациялау керек екендігін түсіндіріп береді (консерванттың түрін нормативті құжаттан білуге болады).

0,5




Сынама алынған ыдысқа сынаманы алу орны және жағдайы туралы мәлімет жазылған этикетканы іледі.

0,5

2

Тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігін анықтау үшін іркінді сулардың сынамаларын алу

4,0




Нормативті құжатты біледі және тексерілуші нысанда іркінді сулардың түзілу жағдайын анықтайды; егер нысанда іркінді судың түзілуі уақыт ішінде біркелкі болса, онда сынаманы әрбір сағат сайын 250-300 мл алады.

0,5




Тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігін анықтауда іркінді сулардың сынамаларын тазалау қондырғыларына түсер алдында және олардан кейін алады.

1,5




Тазартылған іркінді суларды су қоймаларына ағызуда осы су қоймасы суының сынамаларын үш орыннан алады: іркінді суды ағызу орнынан жоғары өзен арнасының ортасынан және жагаларынан 3-5 м қашықтықта 30-50 см тереңдіктен; толық араласу орнынан; ең жақын орналасқан суды пайдалану пунктінен 1 км жоғары орыннан.

1,5




Сынама алынган ыдысқа сынаманы алу орны және жағдайы туралы мәлімет жазылған этикетканы іледі.

0,5

3

Химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алу

4,0




Зерттеулер үшін топырақтың учаскесінің өлшемін осы учаскенің тағайындалуына байланысты таңдап алатынын түсіндіреді (өнеркәсіптік аймақ, бала бақша аймағы т.б.).

0,5




Әрқайсысының ауданы 25м2 екі алаңды таңдап алады: біріншісін - ластаушы көзге жақын орында, екіншісін - одан алшақ жерден (бақылаушы учаске); бақылаушы учаскесі ластанбаған болуы керек, табиғи құрамы сынақшы учаскесімен бірдей болуы тиісті.

0,5




Химиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алу үшін әрбір сынақшы ауданда сынамаларды алудың 5 нүктесін белгілейді, олар диагоналы бойынша, немесе «конверт» бойынша орналасады (біреуі ортасында және төртеуі бұрыштары бойынша); әрбір нүктеде ұзындығы 0,3*0,3 м және терңдігі 0,2 м шұңқыр (шурф) қазады; шурфтың бір іргесінің бетін пышақпен тазартады, содан кейін осы іргеден қажетті мөлшерде топырақтың үлгісін кесіп алады.

fgdfg алады.



1,0





Ұшқын химиялық заттарды зерттеуге арналған топырақтың сынамаларын тығыз тығынмен тығындалатын шыны ыдысқа салады.

салады.


0,5




Бактериологиялық зерттеулерге топырақтың сынамаларын алуда стерильдік жағдайды сақтау қажеттігін түсіндіреді (стерильденген банкілер, пышақтар, шпательдер, қағаздар, елеуіш); алынған сынамаларды стерильді банкіге салып, зертханаға жеткізеді.

0,5




Гельминтологиялық зерттеулерге сынамаларды алуда зерттелуші аумақта ауданы 50 м2 учаскелерді белгілейді, олардан әрқайсысы 100 г 10 сынаманы екі горизонттан алады: жердің бетінен және 1-3 см тереңдіктен.

0,5




Сынама алынған ыдысқа сынаманы алу орны және жағдайы, алу мақсаты, алу әдісі, алған адамның фамилиясы, аты туралы мәлімет жазылған этикетканы іледі.

0,5

4

Аспирациялық әдіспен елді мекендердің атмосфера ауасынан және жабық бөлмелердің ауасынан сынамаларды алу

4,0




Ауаның сынамаларын алуға дейін нормативті құжаттарды оқиды және атмосфера ауасынан және жабық бөлмелердің ауасынан сынамаларды алуды осы құжаттарға сәйкес жүргізеді.

0,5




Аспирациялық әдісті, егер анықталатын заттың концентрациясы шамалы болса және оны анықтау үшін ауа көп көлемде қажет екендігін түсіндіріп береді; осы әдістің негізіне зерттелетін ауаны сору алынған.

0,5




Қораптан таразыда өлшенген сүзгішті алады да, сүзгішті аллонжға салады, аллонждың тар бөлігіне резиналық шланг кигізеді, осы шлангтің екінші шетін штуцер арқылы аспираторға қосады.

0,5




Тыныс алу аймағынан немесе оған максималды жақын орыннан (еденнен 1,5 м биіктікте) ауаның сынамаларын алады.

0,5




Сүзгіш арқылы ауаның қажетті көлемін сорады (көлемі шаңдануына байланысты белгіленеді); аспираторды тоқтатудан кейін сүзгішті шығарып алады да, шаңданған жағын ішке қаратып екіге бүктейді, содан кейін пакетке салып оны қағаздан жасалған кассетаның бос ұясына салады; зертханаға жеткізілген сүзгішті қайтадан таразыда өлшейді.

1,0




Аспирациялау уақытын зерттелетін затқа және шаңдану деңгейіне байланысты белгілейді.

0,5




Ауаның шаңдануын келесі түрде есептейді: сынаманы алғаннан кейінгі сүзгіштің массасынан сүзгіштің бастапқы салмағын шегереді; алынған ауаның көлемін формула арқылы қалыпты жағдайға келтіреді (температураны және барометрлік қысымды ескеріп), шаңның массалық концентрациясын (в мг/м3) формула арқылы есептейді.

0,5

5

Микроклиматтық көрсеткіштерін анықтау: бөлме ауасының және тұрғын аудандардың аумағындағы ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдығын және қозғалыс жылдамдығын

4,0




МЭС-200А аспабын жұмысқа қосар алдында көзбен қарап сүңгілердің және электронды блоктардың көрініп тұрған ақаулардың жоқтығын, пломбасының барын, ағытылатын бөлшектердің жағдайын тексереді. Бөлмедегі ауаның орташа температурасын анықтауда өлшегіш Щ-1 сүңгісін ортанады да, онымен горизонталь бойынша 6 нүктеде температураны өлшейді (бөлменің ортасында, сыртқы және ішкі қабырғалардан 0,1-0,2 м қашықтықта) және вер­тикаль бойынша (еденнен - 0,15-0,20 м және тұрып тұрған адамның тыныс алу аймағында - 1,5 м биіктікте).

0,5




«О» кнопкасын басқанда 18-20 секунд аралығында инди­катор жарығы қосылады да, индикаторда ЩУП «ТНС» көрінеді: Т- градустағы температура, Н-%. Ауаның температурасы мен ылғалдылығы өлшенеді.

0,5




Қысымды өлшеу үшін «П» кнопкасын басамыз. «П» кнопкасын қайта басқанда аспап қайтадан температураны өлшейді.

0,5




МЭС-200А аспабын ауаны қозғалыс жылдамдығын өлшеу режиміне қою үшін Щ-1 өлшеуіш сүңгісі ауа қозғалысының бағытына қарап орнатылу керек, сонымен бірге өлшеуіш сүңгілердің жылдамдық сенсорының қабылдаушы тегістелген беті ауа қозғалысының бағытына перпендикулярлы орнатылады. Одан кейін «П» кнопкасын басқан соң «+» кнопкасын басу керек те 2-3 минут күтеді. Одан кейін жылдамдықты өлшеуді жүргізуге болады.

0,5




Температура және ылғалдылықты (Т, Н) өлшеу режимінде «П» кнопкасын және «-» кнопкасын басқанда температураның өлшеу бірліктерінің кіші разряды 0,01 градус С сәйкес келеді, қысымды өлшегенде 0,1 мм рт.ст. сәйкес келеді.

0,5




Щ-2 сүңгісімен жүмыс істеу. Жұмыс режимі «П», «+», «»кнопкалары-мен қойылады. «П» кнопкасы ТНС - индексін және ылғалды термометр Твл температурасын көрсетеді.

0,5




«П» кнопкасын келесі басқанда құрғақ термометрдің температураны өлшеу режиміне ауысады және «ТШ» ішкі қара шардың термометріне ауысады.

0,5




ТНС =(0,7 Твл + 0,3 Тш). Температураны өлшеу режимінде Т, Тш, Твл, ТНС «П» кнопкасын және «-» кнопкасын басқанда өлшеу бірлігі кіші разрядқа сәйкес 0,01 градус С, ал ылғалдылық 0,1% келеді.




6

Түрғын және қоғамдық ғимараттардың табиғи және жасанды жарықтану деңгейін анықтау

4,0




Жарықтануды өлшеуде «ТКА-ПКМ» аспабын қолданады, ал «Е» жарықтандыруды және ауа температурасын «Т», салыстырмалы ылғалдылықты «RH» өлшейді. Жарықтандыруды өлшеу үшін өлшейтін нысанның тегіс бетінде аспаптың зонтымен фотометрикалық басын орнатады.

0,5




Сүйықкристалды дисплейде «1» белгісінің көрінуі алдымен өлшеніп жатқан жарықтандырудың белгіленген диапозонның

өлшемінің ұлғайғандығын және келесі режимге ауысуды ақпараттайды.



0,5




2 000 лк артық жарықтануды өлшеген кезде диапозон қосу кнопкасын, <х 10> қою керек.

0,5




20 000 лк артық жарықтануды өлшеген кезде диапозон қосу кнопкасын, <х 100> қою керек.

0,5




Дисплейдегі көрсеткіштерді орнатқаннан кейін жарықтанудың өлшенген шамасы есептелінеді.

0,5




Өлшеу аяқталған соң «ТКА-ПКМ» аспабын сөндіру керек.

0,5




Араласты жарықтану мен табиғи жарықтанудың айырмашылығы жасанды жарықтанумен құрылған шамасын көрсетеді.

0,5

7

Селитебті аумақта шудың және дірілдің деңгейлерін, электромагниттік сәулелердің қарқындылығын анықтау

4,0




ШИ-01 В аспабымен шуды өлшеу үшін өлшеуді жүргізу нүктелерін таңдап алады: адамдар неғұрлым жиі болатын тұрақты жұмыс орындарын немесе аймақтарын; өлшеуде микрофонды еденнен 1,5 м биіктікте немесе адамның басының деңгейінде орнатады (жұмысты отырып істеуінде).

0,5




ШИ-01 В аспабы автономды жабдықталган аз габаритті блок түрінде жасалған. Аспап (ВИ) өлшеуіш блогынан, күшейту микрофонынан (ПУ), МК діріл тудыратын адаптерден (АВП), діріл тударатын (ВП) өлшеуіштерден құралған.

0,5




Шудың деңгейін және дыбыс қысымын БИ кабелін күшейту қосылғыларына жалғап өлшегенде ПУ МК қосылады.

1,0




Дірілдің деңгейін өлшегенде БИ-га ВП АВП арқылы қосылады.

0,5




Шудың параметрлерін өлшеу дыбыстың толқынын электрлі әрі қарай функционалды сызбаға сәйкес ШИ-01В аспабына өңдеуде негізделген.

1,0

8

Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарынан сынамаларды алуда және өлшеулерді жүргізуде жолдама құжаттарын толтыру

4,0




Сынамаларды алуды жолдама қүжатын толтырумен аяқтайды.

0,5




Жолдама құжатында сынамаларды алу күні, уақыты, орны, алу мақсаты және әдісі көрсетіледі.

1,0




Сынаманы алған адамның және кәсіпорын өкілінің (ауаның сынамаларын алуда) фамилиясы.

0,5




Ауаның сынамаларын алуда жолдамада келесілер көрсетіледі: алу уақыты (алудың басталуы және аяқталуы), жұтқыш аспаптың түрі, аспирациялау жылдамдығы, қоршаған ауаның температурасы, алу нүктелері, еденнен және зиянды заттарды бөлуші көздерден қашықтығы.

1,0




Судың сынамаларын алуда жолдамада мыналар көрсетіледі: сынаманы алу сәтіндегі метеожағдайы, судың температурасы, консервациялау әдісі, сынаманы сақтау ұзақтығы және ерекшеліктері, алуда қолданылған жабдықтары, сынамаларды алу ыдыстары (материалы).

0,5




Зертханаға жеткізілген үлгілерді (сынамаларды) арнайы есепке алу журналына тіркейді.

0,5

9

Коммуналдық бөлімшесінің белгілі мерзімге жұмыс жоспарын және есебін жасау

4,0




Коммуналдық гигиенасының әр түрлі нысандарына қойылатын «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын» біледі.

0,5




Коммуналдық гигиена бөлімінің есепке алу - есеп беру құжаттарының түрлерін біледі.

0,5




Жоспарды жасау ұстанымдарын, қызмет көрсетуші аудан бойынша қажетті мәліметтерді біледі: халықтың санын, дәріханаларын, аурухуналарын, моншаларын, жууханаларын, ЕПМ жағдайын, сумен қамтамасыздандыру көздерін, тазалау қондырғыларының жұмысының тиімділігіне баға беру үшін ауыз судың сынамаларын алу нүктелерін және мерзімдерін және тағы басқа материалдарды.

1,0




Атмосфера ауасын ластаушы көздерді біледі, қызмет көрсетуші ауданда орналасқан өнеркәсіптік нысандарды тексеру мерзімдерін жоспарлайды

1,0




Белгілі мерзім ішінде орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша бөлімшенің есебі жасалады.

1,0

10

Тұрғындардың арасында гигиеналық білімді жоғарылату бойынша шараларды жүргізу (дәрістер, семинарлар,сұхбаттар)

4,0




Тұрғындардың ұйымдастырылған ұжымдарының арасын­да сұхбаттарды жүргізу.

1,0




Балалар мен жеткіншектердің ұжымдары үшін (бала бақшаларында, мектептерде) су арқылы таралушы ішек инфекцияларын алдын алу туралы дәрістерді дайындау.

2,0




Жеке гигиена сұрақтары бойынша мектеп және бала бақша асханаларында жұмыс істеуші адамдар үшін семинарларды ұйымдастыру.

1,0

11

Санитариялық сұрақтар бойынша жоғарғы органдардың шешімдерінің жобасын жасау немесе кәсіпорынның жетекшісіне ұсыныстарды құрастыру


4,0




Коммуналды гигиенасының қандайда бір нысанында санитариялық-гигиеналық ережелері мен нормаларының талаптарының бұзылуын анықтауда бөлімнің мамандары айып салу туралы шешімін немесе қандай-бір басқа ескерту шараларын дайындайтынын түсіндіріп береді; облыстың, қаланың, ауданның атқарушы органдарының шешімдерінің жобасын дайындауда қатысады.


2,0




Бас санитариялық дәрігер үшін «Денсаулық сақтау мекемелерінің бастапқы медициналық құжаттар тізімінде (4 томда)» келтірілген формалар бойынша тексерілген нысанда санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормалардың бұзылуы анықталғаны туралы жүктемені дайындауға қатысу.

2,0

12

Санитариялық бюллетеньді шығару

4,0




Коммуналдық гигиена проблемаларана санитариялық бюллетеньді дербес дайындайды.


4,0

13

Халықтың хаттарымен жұмыс

4,0




Коммуналдық гигиена бойынша мамандардың функциясына халықтың шағымдарымен жұмысы жататынын түсіндіреді. Хаттарға жауаптың жобаларын дербес дайындайды.


4,0


2.6.1. Бақылау түрлері
-тәжірибе жетекшісінің күнделікті бақылауы:

• студенттердің қатысуын жəне жұмыс орнында тəжірибелік ісін бақылайды;

• студенттердің тəжірибелік дағдыларын машықтануын қадағалайды;

• студенттердің практика күнделіктерін тексеру.



орытынды бақылау – дифференциалды сынақ.
Қорытынды бақылауға рұқсаттама алуы үшін студентте болуы керек:

• өндірістік практика жетекшісінің немесе білім меңгерушілерінің күнделікті қолдары қойылған практика күнделігі;

• өндірістік практика жетекшісінің жəне білімше меңгерушілері қолдары қойылған мінездеме;

• өндірістік практиканы ету журналы.


«Әріптік-балл жүйесіндегі бағалау кестесі» бойынша, оқу-өндірістік практикадан өту негізінде алған практикалық дағдыға қортынды дифференциялды сынақ ретінде баға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет