Микробиология алгоритмі
-
Қоздырғышы
-
Морфологиясы
-
Дақылдануы
-
Ферменттік қасиеті
-
Токсин түзгіштігі
-
Антигендік құрлымы және классификациясы
-
Қоршаған ортаға сезімталдығы
-
Инфекция көзі
-
Берілу жолдары
-
Патогенезі
-
Иммунитеті
-
Алдын алуы, эпидемияға қарсы іс шаралар
-
Арнай алдын алу
-
Емі
-
Санитарлық ағарту жұмыстары
-
Сырқаттан зерттеуге алынатын материалдар (жинау түрлері)
-
Негізгі зерттеу әдістері
Зертханалық жұмысты орындау түрі
1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада)
2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу
3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу
4.Жұғын-препаратты микроскопиялау
5. Хаттама толтыру
Зерттелетін материалдан жағынды дайындау
Жағынды дайындау сатылары:
-
Шыныны дайындау.
-
Шыныны майсыздандыру – салфеткамен тазалау.
-
Бактериологиялық ілмекті спирт жалынында толық қыздырғанша ұстай отырып, залалсыздандыру.
-
Егер жағынды тығыз ортадағы микробтардан дайындалса, алдын ала шынының бетіне бір тамшы физиологиялық ертінді тамызу керек.
-
Бактериолгиялықілгекті от жалыныңдақыздырамыз.
-
Зерттелетін заты бар пробирканы сол қолымызбен ұстаймыз, ұстаған кезде қоректік ортаның беті толық көрінуі керек, тығынды екінші саусақпен қысу арқылы ашамыз, пробирканың шетін міндетті түрде қыздыру керек.
-
Бактериологиялық ілгекті сауыттың ішкі жағына суытып, зерттелетін затты аламыз және пробирка тығынын жабамыз.
-
Микробты ертіндіге ерітеміз және біркелкі етіп шыны бетіне жұқа, диаметрі 1-1,5 см болатындай жағынды дайындаймыз. Препарат дайындалғаннан соң ілмекті спирт жалынында залалсыздандырып, орнына қоямыз.
-
Жағындыны ауада кептіреміз және спиртовка жалынында бірнеше рез өткізу арқылы фиксациялаймыз.
-
Шынының төменгі жағынан карандашпен белгілейміз.
-
Жағындының бетіне 1-2 тамшы бояу тамызамыз. 2-3 мин ұстап, жағындыны жуып, сорғыш қағазбен кептіріп, иммерсиялық жүйемен микроскоптаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |