№23 Әдіскер/ Методист ______________________
қолы/подпись
«Тамшы» ортаңғы тобының технологиялық картасы.
Технологическая карта учебной деятельности в группе «Тамшы».
Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц,год проведения: 14. 02. 2017ж.
Тәрбиеші/Воспитатель: Тауданбек А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/
/Раздел организованной учебной деятельности: жаратылыстану
Тақырыбы/ Тема: мамандықтар
Білімділік міндеті/ Образовательная задача; Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: қызығушылықтарын арттыру, үлкеннің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар/ используемый материал: суреттер
Тілдің үштұғырлығы/трехязычие: мамандық – профессия - profession
Іс-әрекет қызметі/
Этапы
|
Тәрбиешісінің іс-әрекеті/
Деятельность воспитателя
|
Балалардың іс-әрекеті/
Деятельность детей
|
Мотивациялық-қозғаушылық/
Мотивационно-побудительный
|
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!
|
Балалар шеңбер жасап тұрып, қайталайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру/
Организационно-поисковый
|
Сұрақ-жауап:
Мамандықтарға кімдер жатады?
- Дәрігер не істейді?
- Аспазшы не істейді?
- Тігінші не істейді?
- Шаштараз не істейді?
Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.
«Кім жоқ?» ойыны. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасыру.
Сергіту сәті
Қане балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
біз тынығып алайық
|
Арсен:
- дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші т.б
- Дәрігер адамдарды емдейді.
- Тамақ пісіреді
- Киім тігеді
- Шаш қияды
Балалар қандай мамандық жоқ екенін табады.
Жаттығулар жасайды
|
|
Балалар кәне тынығып алсақ
«Кім тез?» ойынын ойнап жіберейік
Мына жерде екі түрлі мамандық иелерінің қажет құралдары шашылып қалған құралдарын айырып жинап беру керек.
Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Кім болуды қалаймыз?Олай болса –
- кім аспазшы болғысы келеді?
кім мұғалім болғысы келеді?
кім сатушы болғысы келеді?
кім шаштараз болғысы келеді?
кім дәрігер болғысы келеді?
|
Кезекпен ортаға шығып дәрігер мен шаштараздың құралдарын тауып екі жаққа жинайды.
Эльфия: аспазшы боламын
Адель: мұғалім болам
Султана: сатушы болуұнайды
Әли: дәрігер болғым келеді
|
Рефлексивті-түзетушілік/
Рефлексивно-корригирующий
|
Балалар, бүгін біз не туралы айттық?
Қандай мамандықтарды білесіңдер?
Дәрігер не істейді?
Ата-аналарыңның мамандығы кім білесіңдерме?
|
Әли:
Мамандықтар
Дәрігер, ұстаз, сатушы
Балалар ата-анасының мамандығы жөнінде әңгімелейді.
|
Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:
Білу / Знать: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуді
Түсінуге тиіс / Иметь: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалауды
Істей білу керек / Уметь: Суретке қарап әңгіме құрауды
Достарыңызбен бөлісу: |