Микробиология алгоритмі



бет2/8
Дата02.12.2023
өлшемі1,57 Mb.
#194726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Микробиология алгоритмі
Scan 18 сент. 22 · 09·23·58, Grahov, 9 сынып орналасуы, САЯСАТТАНУ ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІЛЕРІ, Презентация СУ АДАМ ӨМІРІНДЕ. ТАБИҒАТТАҒЫ СУ,ҚОЛДАНЫЛУЫ (8 сынып), Г.Ә. өзгерістер
Грам әдісімен бояу

Бояу кезеңдері.


1) Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);2) Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;3) Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);4) Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);5) Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;6) Сулы фуксинмен бояу (2 мин);7) Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;8) Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан қарау.

Ожешко әдісімен спораларды бояу
Бояу кезеңдері:
1.Бекітілмеген (фиксацияланбаған) жұғын-препаратқа 0,5% хлор қышқылы тамшысын тамызады да оттың үстінде бу шыққанға дейін қыздырады (2- 3 мин);
2.Қышқылды төгіп, сумен шайып, кептіру керек;
3.Оттықтың үстінде бекітеді;
4.Циль-Нельсен әдісімен бояу (споралар – қызыл түсте, ал вегетативті формалары – сия көк түсте).
Циль-Нилсен әдісімен спораны бояу

  1. Жоғарыда көрсетілген жалпы әдіспен даярланып фиксацияланған препаратқа 5% хром қышқылын қосады.

  2. 5-10 минуттан кейін оны жуады.

  3. Цильдің карболды фукцинмен ылғалданған сүзгіш қағаздың бір тілімен препаратқа жабады.

  4. Спиртовка жалынында бу пайда болғанша препаратты қыздырып алып, үстіне бояудың жаңа порциясын қосады.

  5. Осылай 7 минуттай қайталайды. Бұнда бояу буланса да препарат кеуіп қалмауы керек.

  6. Салқындаған препаратты сумен жуады, сүзгіш қағазды ұқыпты түрде құрғатады. Осылай өңделген клеткалар және споралар бірқалыпты боялады.

  7. Бұдан әрі цитоплазманы ғана түссіздендіруге кіріседі. Ол үшін препаратты тұз немесе күкірт қышқылының 1% ертіндісімен 15-30 секунттай өңдейді. Бұнда уақыт мерзімінің қатаң бақылау керек. Уақыт асып кетсе спора да, клетка да түссізденіп кеуіп кетуі мүмкін. Түссізденген препаратты сумен жуады да қосымша 2 минуттай метилен көмегімен бояйды. Егер де барлық жұмыс дұрыс, талапқа сай орындалса, бояу өте анық көрінеді. Спора ашық қызыл түске боялады, ал цитоплазма көгілдір түсте болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет