Фармацевтикалық өндірістегі еңбек гигиенасы және өнеркәсіптік санитарияның мазмұны мен міндеттері



бет1/5
Дата29.07.2022
өлшемі192,15 Kb.
#147847
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабур Жулдыз 10апта

Фармацевтикалық өндіріс қызметкерлерінің еңбек гигиенасы және жеке гигиенасы


С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті
Орындаған: Сабур Жұлдыз

Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның бөлімі, ол адам ағзасына жұмыс үрдісінің әсерін және өндіріс орындағы факторларын зерттеу арқылы, қойылатын талаптарға ғылыми түсініктеме береді, кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында, жұмысшыларға еңбек жағдайында жағымсыз әсер ететін факторларды зерттейді

  • Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның бөлімі, ол адам ағзасына жұмыс үрдісінің әсерін және өндіріс орындағы факторларын зерттеу арқылы, қойылатын талаптарға ғылыми түсініктеме береді, кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында, жұмысшыларға еңбек жағдайында жағымсыз әсер ететін факторларды зерттейді

Дәрілерді өндірудегі еңбек жағдайын анықтайтын өндірістік факторлардың жалпы сипаттамасы.


Химиялық фактор. Бірқатар зерттеулер нәтижелері көрсеткендей химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қолайсыз факторларға жұмыс аймағы ауасының, киімдер мен тері жамылғысының органикалық және органикалық емес заттармен ластануы жатады.
Ауаның улы заттармен ластануы технологиялық процестің барлық сатыларында болуы мүмкін: дайындық, негізгі және қорытынды операцияларда. Өндірістік бөлме-жайлар ауасының зиянды заттармен ластануының негізгі себептері: жабдықтардың толық жетілдірілмеуі, технологиялық тәртіптің бұзылуы, материалдарды тасымалдаумен, тиеу- түсірумен байланысты көптеген операциялардың болмауы немесе жеткіліксіз механикаландырылуы, нашар тұмшаланатын жабдықтарды қолдану, химиялық заттардың аппараттардан асып төгілуі.

Еңбек гигиенасының негізгі міндеті – адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларына сапа мен сан мөлшерінде баға беру

Еңбек гигиенасының мақсаты -белгілі жағдайда адамның іс-әрекетімен байланысты жағымсыз әсерлердің алдын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет