Фармацевтикалық өндірістегі еңбек гигиенасы және өнеркәсіптік санитарияның мазмұны мен міндеттері



бет3/5
Дата29.07.2022
өлшемі192,15 Kb.
#147847
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабур Жулдыз 10апта

Дәріханалық мекемелер гигиенасы – дәріхана ұжымы қызметкерлерінің еңбек жағдайын зерттейтін, емдік- профилактикалық және гигиеналық шараларды өңдейтін гигиена ғылымының бір бөлігі. Оның міндетіне дәрілік заттарды дайындау бойынша технологиялық процестер мен операцияларды орындау, дәрілік заттарды тарату бойынша гигиеналық және эпидемияға қарсы ережелер мен нормаларды өңдеу кіреді.
Дәріхана денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін атқарады, негізгі міндеті дәрігерлердің рецепттері және емдеу профилактикалық мекемесінің талаптары бойынша дәрілік заттарды дайындау және тарату болып табылады. Дәріхананың қызметіне одан басқа келесі міндеттер де жүктеледі: рецептсіз және рецепт бойынша дәрілік препараттарды, медициналық бағыттағы өнімдер және басқа да дәріханалық ассортимент тауарларын тарату.

Дәріхана мекемелеріндегі санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидмеиологиялық ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін үнемі санитарлық қадағалау жүргізудің міндеті аз емес. Дәріхана қызметкерлері үшін гигиена негіздерін білу келесі міндеттерді орындау үшін өте қажет:

  • Дәріхана мекемелеріндегі санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидмеиологиялық ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін үнемі санитарлық қадағалау жүргізудің міндеті аз емес. Дәріхана қызметкерлері үшін гигиена негіздерін білу келесі міндеттерді орындау үшін өте қажет:
  • халықты дәрілік заттармен жоғары мамандандырылған дәрежеде қамтамасыз ету.
  • дәрілерді дайындау, сақтау және тарату үшін қолайлы жағдай туғызу.
  • дәріхана ішілік инфекцияның алдын алу.
  • дәріхана жұмыскерлерінің еңбек жағдайына қолайлы жағдай туғызу.
  • алдын ала гигиеналық сынау мен қолданылуы бойынша гигиеналық қорытындылары бар жаңа құрал-жабдықтарды, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жағдайын технологиялық процеске тиімді енгізу.
  • дәріхана гигиеналық талаптарды үйрететін мектеп болып табылады, сондықтан қызмет көрсететін халық арасында гигиеналық білім беру және тәрбиелеу жұмысын жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет