Оқу мақсаттары
|
9.1.7.1 Жүйке ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты қалыптастыру
9.1.7.3 Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау
Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау- гомеостаз механизмін түсіндіру
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау
|
Тапсырма
1. Сызбада жүйке ұлпасының құрылымдық және функционалдық бірлігі - нейрон берілген.
(а) Сызбада А,В,С әрптерімен таңбаланған құрылымды атаңыз.
(b) Сызбадағы Е әрпімен таңбаланған құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз.
(с) Нейронның атқаратын қызметі мен құрылысы арасындағы байланысты сипаттаңыз.
|
2. Қалыпты жағдайдағы адам қанында глюкоза мөлшері шамамен 100 мл 90 мг құрайды. Глюкоза деңгейінің реттелуі - эндокриндік және жүйке жүйелерімен бақыланатын гомеостаздың мысалы. Сіз тамақтанғаннан кейін қанда глюкоза мөлшері артып кетеді. Қандағы глюкозаның деңгейінің реттелу механизмін түсіндіріңіз.
3. Кейбір ғалымдар мидың компьютерлік интерфейсін ойлап шығаруда. Бұл адамдарға компьютер сияқты құралдардың жұмысын қадағалауға немесе оймен істі басқаруға мүмкіндік береді. Мидың компьютерлік интерфейсімен байланысты бір мәселе – ол мидың ішіне құралды енгізу керек. Мидың ішіне құралды еңгізу кезінде туындайтын қауіпті жағдайларды сипаттаңыз (екіден кем емес).
4.Сызбада өсімдіктердің өсуіне әсер ететін затты анықтау үшін жасалған Ч.Дарвиннің тәжірибесі берілген.
(а) Ч.Дарвин анықтаған өсімдіктердің өсуіне әсер ететін затты атаңыз.
(b) Суретті пайдалана отырып Ч.Дарвин анықтаған заттың өсімдіктерге қалай әсер ететінін сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |