Экологиялық мәселелердің шешілуі қарапайым логикалық шешімдерге негізделген. Қиындығы тек мәселенің техникалық шешімінде болуы мүмкін. Су тұтынуды азайту үшін негізгі тұтынушылардың су шығынын азайту қажет. Су тұтынушылар – суды өзеннен, көлден, жерасты көздерінен алатын салалар. Оларға ауылшаруашылық, өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылық, суқоймалары жатады. Судың ластануын төмендету үшін ластаушылардың әрекетіне шектеу қою, пайдаланған суды қайтадан құятын кәсіпорындарға су тазалайтын сүзгілер орнату, алынған суды толықтай пайдалануға қол жеткізу, тазалау іс-шаралары жүргізілгеннен кейін оны қайта пайдалану қажет. Негізгі су ластаушылар мыналар: